Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау әдістері
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу • 4-сынып
Сабақтың тақырыбы
«Диқан баба» — «Қазақстан мифтік әңгімелері» кітабынан.
Сабақтың мақсаты
- Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.
- Көркем тілде сөйлеуге төселдіру.
- Блум таксономиясының жоғары деңгейдегі сұрақтары арқылы сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру.
- Диалогтік оқыту (сұрақ–жауап) әдісі арқылы оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың міндеттері
- «Диқан баба» тақырыбы бойынша жаңа сөздермен таныстыру.
- Сұрақ–жауап арқылы өз ойын, пікірін еркін жеткізе білуге үйрету.
- Жеке, жұптық және топтық жұмыстар барысында ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
- Өз оқуына жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Оқыту тәсілдері мен модульдер
Қолданылатын модульдер
- Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер.
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
- Оқытуда АКТ-ны пайдалану.
- Сыни тұрғыдан ойлау.
Стратегиялық іс-әрекеттер
- «Ой тастау».
- Кластер әдісі (АКТ).
- Жеке, жұптық, топтық жұмыс.
- «Алтын балыққа арналған аквариум».
- Қорытындыға арналған «Инсерт» тәсілі.
- «Бесбармақ» әдісі.
- 3 оқушыны зерттеуге арналған Lesson Study әдісі.
Күтілетін нәтиже
Диалогтік оқыту барысында оқушылар бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеп, топ ішінде өзін-өзі бағалауды және өзгені бағалауды үйренеді.
Мұғалімнің жетелеуімен сабақтың тақырыбын анықтай алады, топта жұмыс істеу дағдылары дамиды және өз оқуына деген жауапкершілігі артады.
Бағалау құралы
Бағалау парағы қолданылады.
Сабақ барысы: мұғалімнің іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Оқушыларды тұрғызып, ұрандарын айтқызу.
- Бүгінгі күнге сәттілік тілеп, «Алтын ережені» еске түсіру.
- Сабақтың ерекше өтетінін атап өтіп, оқушыларды ынталандыру.
Топқа бөлу
Оқушылар жемістер арқылы топтарға бөлінеді:
1-топ
Әдебиет
2-топ
Ауыз әдебиеті
3-топ
Жазба әдебиеті
Өткен сабақты қайталау
Сұрақ:
— Өткен сабақта не өттік?
Әр топқа тапсырма беріліп, барлық оқушының белсенді қатысуы ескертіледі.
Тақырыпты бекіту: сыни ойлау сұрақтары
I топқа
Өлеңде айтылған баланың ойы — арманы ма, өтініші ме, әлде серті ме?
II топқа
Өлеңде ақын бірнеше рет айтқан «надандық» деген не?
III топқа
«Талапты ерге нұр жауар» дегенді қалай түсінесің?
Жаңа тақырыпты ашу
Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға жұмбақ беріледі. Жұмбақты шешкенде «ас атасы» шығатыны ескертіледі.
— Сонымен, тақырыбымыз қандай?
— Дұрыс. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Диқан баба».
Тақырыпқа кіріспе ретінде слайд көрсетіліп, қысқаша мәлімет беріледі.