Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару

Сабақ тақырыбы

Әә дыбысы мен әрпі

Сабақ түрі: ертегі сабақ

Сабақ мақсаты

Білімділік

Жаңа технологияларды қолдана отырып, Әә дыбысы мен әрпін таныту; берілген сөздерді оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

Әә дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың тілін, білімін және ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік

Табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру; ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға және оқуға дағдыландыру.

Әдістер мен көрнекіліктер

Сабақ әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Тізбектей оқу
  • Сурет арқылы сөйлем құрау
  • Түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Интерактивті тақта
  • Ертегі кейіпкерлері
  • Текшелер
  • Буындар
  • Сөзжұмбақ

Сабақ барысы

  1. I. Ұйымдастыру

    Оқушылармен амандасу. Оқу құралдарын түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

    Старт
  2. II. Өткенді қайталау

    Сұрақ: Балалар, өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

    Жауап: Іі әрпі.

    Сұрақ: Іі әрпі қандай дыбыс?

    Жауап: Дауысты, жіңішке.

  3. III. Ой қозғау

    Сұрақ: Дыбыстар нешеге бөлінеді?

    Жауап: Екіге бөлінеді.

    Сұрақ: Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?

    Жауап: Әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз; дыбысты естиміз және айтамыз.

    Қасқырдың тапсырмасы

    Сұрақтарға жауап беріп, дыбыс пен әріпті ажырату.

  4. IV. Жаңа сабақ

    Өлең жолдары

    Бұрап қойған сағаттай,
    Айғайлайды таң атпай.

    Негізгі ұғым

    Әжіңішке дауысты дыбыс. Әә дыбысы мен әрпін баспа және жазба түрімен таныстыру.

    Сұрақ: Кім айтады, әтеш қалай шақырады?

    Сұрақ: Ә дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер?

    (Оқушылардың жауаптары тыңдалады, сөздер тақтаға жазылады.)

  5. V–X. Бекіту және қорытынды

    V. Суретпен жұмыс

    Сурет бойынша сөйлем құрау.

    VI. Оқулықпен жұмыс

    Тізбектей оқу, түсіндіру.

    VII. Сергіту

    Қозғалыс арқылы демалу.

    Дәптермен жұмыс

    Әә әрпін жазу, буындау.

    VIII. «Ойлан, тап!»

    Сөз құрау, буын түрін анықтау.

    IX–X. Қорытынды, мадақтау

    Жинақтау, кері байланыс, марапаттау.