Аналардың жүрегі

Сабақтың мақсаты

Балаларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің сөзі

Ана — өмір, әлемнің қолдаушысы,

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.

Сейілмесін жанарынан ананың,

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.

Аялайық аналарды әрдайым,

Қуанышқа бөлейікші өздерін.

Әжелердің, аналардың, қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Ж

Жанасыл

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық.

С

Сәнімай

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген — бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

(Балалар аналарына сыйлықтар ұсынады.)

Ж

Жанасыл

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, ұстаздар! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі — 8 Наурыз. Құтты болсын!

Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.

Балалардың өлеңдері

Жәнібек

Анам менің — сүйіктім,

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең — биікпін,

Алыстасаң — сағынам.

Назым

Анаң болса қасыңда,

Басқа бақыт не керек?

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

Нұралы

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды

Қуантсам деп келемін.

Құндыз

Мәпелейді, әлдилейді, бағады,

«Құлыным» деп құшағына алады.

Өзгеге де, өзіне де жауапты,

Барлығына қалай уақыт табады?!

Ән

«Менің анам алтын» — Мәдина

Құттықтаулар мен лебіздер

Ақжол

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші Наурызбен!

Жанасыл

Бүгін — Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз — адамның

Анаға айтар лебізі.

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншылмасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Ана туралы жыр жырлап, ана туралы ән айтқанда, аналардың анасы — ақ жаулықты әжелерімізді де құрметтейміз. Келесі өлеңдер әжелерге арналады.

Әжелерге арналған өлеңдер

Балнұр

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді.

Бара қалса бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Серік

Үлкен болған кезімде

Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.

Өте жақсы көремін,

Өйткені мен әжемді.

С. Мәдина

Айналайын әжем,

Мәпелеген жастан.

Менің қымбат данам,

Көңілі көк аспан.

Ән

«Бала тілегі» — Қайрат, Арайлым

Би

«Шығыс биі» — Жанерке

Аналарға арналған арнаулар

Жансая

Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп, дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Сен жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей,

Ақ сүтіңді өтермін.

Аяулым

Ана десем, сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемге тыныштық.

Қ. Мәдина

Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Нұрсат

Мамам, мамам, ақ мамам,

Мен өзіңнің ақ балаң.

Мерекеңмен құттықтап,

Ән арнаймын мен саған.

Ән

«Құттықтаймын, ана, туған күніңмен» — Сәнімай

Бекжан

Гүлдерді мен жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Анашымды сыйлаймын.

Қуантай, Арайлым

Ана десем — шешек атар жанары,

Өмірімнің бастау алар жан әні.

Ана деген — тіршілікте пана бар,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Жанерке

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген — бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Хор

«Ақ мамам»

Ән

«Айгөлек»

Қорытынды құттықтаулар

Мәди

Құтты болсын, ардақты ана,

Асыл анам, мерекең.

Құтты болсын, кенде алған

Қуанышты берекең.

Аружан

Өмірдің иесі сен, ғазиз ана,

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті — сонда ғана.

Ән

«Аяулы анашым» — Аяулым, Жанасыл

Ұлдар биі

«Жұмыр қылыш» — Қайрат, Арайлым

Қайрат, Арайлым

Адамзат қуат алар ақ сүтінен,

Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббат — кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүректің мәңгі шырақ.

Нұрдәулет

Алтын анам жастан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап үйге келгенімде,

«Жаным» деген бал сөзі сая маған.

Максим

Дүниенің жарық көзі — анамыз,

Дана болсақ — анаменен данамыз.

Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын,

Анаға арнап тағы бір ән саламыз.

Хормен

Сыйлар едім анама,

Гүл шыққан жоқ далада.

Қолдан жасап берейін,

Риза болшы балаңа.

(Аналарға дайындалған сыйлықтар табысталады.)

Хор

«Біз өмірдің гүліміз»