Доппен орындалатын жаттығулар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Допты торға тастау әдістері
Сынып
4-сынып
Өтетін орны
Спорт залы
Қажетті құралдар
- Баскетбол доптары
- Ысқырық
- Уақыт өлшегіш
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Дене тәрбиесі сабағында қажетті білімді меңгерту, салауатты өмір салтын өмірлік серік етуге ықпал ету.
Дамытушылық
Жылдамдықты, ептілікті, икемділікті және қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, батылдыққа және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ құрылымы және уақыт мөлшері
Ұйымдастыру
- 1Интерактивті тақта арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
- 2Спорт залында сабақты жалғастыру.
- 3Қауіпсіздік ережелерін еске салу және саптық жаттығулар.
Негізгі акцент
Сабақ барысында торға тастау техникасы қимылдың нақтылығы, аяқ жұмысы және үйлесімділік арқылы бекітіледі. Оқушылар тапсырмаларды белгі бойынша орындайды және соңында оқу ойыны арқылы дағдыларын қолданады.
Дайындық бөлімі: жүгіру және жалпы дамыту жаттығулары
Саппен қозғалыс және жүгіру түрлері
- Оңға бұрылып, саппен залды айналып жүгіру.
- Аяқтың ұшымен жүгіріп, қолды жоғары созу.
- Қол тізеде: аяқтың ішкі қырымен жүру.
- Қол желкеде: өкшемен жүру.
- Қол белде: жартылай отырып жүру.
- Қол желкеде: толық отырып жүру.
- Жай жүру, кейін жеңіл жүгіріске көшу.
Жылдамдық пен үйлесімділікті дамыту
- Тізені көтере жүгіру.
- Қолды артқа ұстап, өкшені қолға тигізе жүгіру.
- Жылдамдықты арттырып, залдың диагоналі бойынша жүгіру.
- Қол белде: оң және сол бүйірмен жүгіру.
- Артпен шегіншектеп жүгіру.
- Денені қалпына келтіру жаттығулары.
- Сапта жүріп орындалатын жаттығулар.
- Қолды иыққа қойып, шынтақты алға және артқа айналдыру.
Негізгі бөлім: торға тастау техникасы және доппен жаттығулар
Техниканы таныстыру
Оқушылар бір қатарға тұрғызылады. Мұғалім жаңа тақырыпты ауызша түсіндіріп, торға тастау әдістерін көрсетеді. Қауіпсіздік талаптары сақталып, барлық әрекеттер белгі бойынша орындалады.
Доппен орындалатын жаттығулар
1) Қол алмастыру (алға)
Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінде, доп оң қолда.
- 1–2: допты алға әкеліп, сол қолға беру.
- 3–4: сол қолдан оң қолға беру.
2) Допты арқамен айналдыра беру
Бастапқы қалып: негізгі тұрыс, доп төмен ұсталады.
- 1–2: допты оң жақтан арқамен айналдырып, сол қолға беру.
- 3–4: допты сол жақтан айналдырып, оң қолға беру.
3) Аяқ арасынан беру
Бастапқы қалып: негізгі тұрыс, доп төмен ұсталады.
- 1–2: оң аяқты алға қойып, допты аяқ арасынан оң қолдан сол қолға беру.
- 3–4: сол аяқты алға қойып, допты аяқ арасынан сол қолдан оң қолға беру.
4) Жоғары лақтыру және қағып алу
Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінде, доп кеуде алдында.
- а) 1: допты жоғары лақтыру; 2: қағып алу.
- ә) 1: жоғары лақтыру; 2: шапалақтап, допты қағып алу.
- б) 1: жоғары лақтыру; 2: қолды артқа шапалақтап, допты қағып алу.
5) Бір қолмен лақтыру, екі қолмен қағып алу
Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінде, доп кеуде алдында.
- 1: оң қолмен жоғары лақтыру.
- 2: екі қолмен тосып алу.
- 3: сол қолмен жоғары лақтыру.
- 4: екі қолмен тосып алу.
6) Жұппен лақтыру және тосып алу
Оқушылар 2–3 адым қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Допты кезекпен оң қолмен және сол қолмен лақтырып, тосып алады.
7) Кеудеден екі қолмен пас
Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінде, доп кеуде алдында.
- 1: допты кеудеден екі қолмен әріптеске лақтыру.
- 2: допты тосып алу.
8) Доп үстінен секіру
Допты жерге қойып, оның үстінен оңға және солға секіру. Жаттығу белгі бойынша орындалады.
Торға тастау: оқу тапсырмалары
Жаттығулар белгі бойынша, қауіпсіз арақашықтық сақтай отырып орындалады. Негізгі назар: екі адым, дұрыс тірек қадам, қолдың шығару қозғалысы және тепе-теңдік.
Жаттығулар тізімі
- 1Оң бүйірден екі адым жасап, торға лақтыру.
- 2Доппен жүгіріп келіп, орта қашықтықтан торға лақтыру.
- 3Оң жақ бүйірден екі адым жасап, торға лақтыру (қайталау).
- 4Ортадан екі адым жасап лақтыру.
- 5Ортадан тоқтап лақтыру.
- 6Сол бүйірден екі адым жасап лақтыру.
- 7Сол жақ бүйірден орта қашықтықтан екі адым жасап лақтыру.
Оқу ойыны
Оқушылар екі топқа бөлінеді: ұлдар бір торда, қыздар бір торда жаттығу ойынын орындайды.
Соңында екі жақты баскетбол ойыны ұйымдастырылады. Мақсат — үйренген қимылдарды ойын жағдайында қолдану.
Пән мұғалімі
Бердікеев Жұмағали