Шөлейтті жерді гүл етіп, Жайқалтқан мен бір құдірет
Ана тілі · 3-сынып
Сабақтың тақырыбы
Еңбектің наны тәтті
Мақсаты
- Адам еңбегін бағалай білуге баулу.
- Нанның дастарқанға қалай келетінін және оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсіндіру.
- Еңбек адамын сыйлауды үйрету.
- Оқушыларды мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Көрнекілігі
Суреттер, мақал-мәтелдер және қосымша материалдар.
Тыныштық сәті
Жан-жағына нұр шашып,
Арайлап жарқын таң атса,
Жер бетінде жайқалып,
Көгеріп өссе көк майса,
Жүрегім жыли бастайды.
Оралғанда сапардан,
Алдымнан жақын жан шықса,
Кездескенде достарым,
Құшағын маған кең ашса,
Жүрегім жыли бастайды.
Ойланайық, пікірлесейік
Сұрақ
Балалар, «еңбек» сөзін естігенде ойларыңа не келеді?
Адам еңбегі — саналы еңбек. Әрқайсың өз өміріңнен мысал келтіре аласың. Еңбек тіршілік үшін ауадай қажет: онсыз бір күн де өмір сүру мүмкін емес.
Заттың бәрін адам өз қолымен, өз еңбегімен жасайды. Еңбек — сарқылмас жігердің көрінісі, адамды қуанышқа, шаттыққа бөлейді.
Еңбексүйгіш, еңбекқор және еңбектің қадірін білетін адам әрдайым құрметке бөленеді.
Оқып үйренейік
Мәтін
«Еңбекпен тапқан тиын…»
Жағдаяттарды талдау
Еңбектің адам өміріндегі орны туралы мысалдар арқылы талқылау.
Тапсырма
Еңбек түрлерін ата.
Дәйексөз
Еңбек — бақыт бастауы.
Сергіту сәті
«Болайықшы осындай»
Сөзі мен әні: А. Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым-ай!
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Практикалық бөлім
Сахналау
«Қайдан келдің, бауырсақ?»
Мақсаты: нанның дастарқанға жету жолындағы еңбек кезеңдерін түсіндіру.
Дәптермен жұмыс
Тақырып бойынша тапсырмалар орындау, ой қорыту.
Талқылау
- Еңбек — бақыт бастауы.
- Еңбек қоғамы.
- Н. Назарбаевтың еңбек туралы ойлары (талдау үшін).
Тыныштық сәті: «Еңбек»
Жасампаз төрді түлетіп,
Жаңғыртқан қайта мың рет.
Шөлейтті жерді гүл етіп,
Жайқалтқан — мен бір құдірет.
Бәрі де менің жеңісім,
Зейнетім, демек жемісім.
Шалқыған астық — кенішім,
Ырысты бейбіт ел үшін!
Шаттықтың әнін тербеткен,
Көресің мені жер-көктен.
Ерліктің туын өрлеткен,
Өркендеп ғалым еңбекпен.
Сондықтан ойлап ертеңді,
Сүйіп өс, маған табын да.
Еңбекпен өмір өркенді,
Еңбекпен келер бағың да.
Ой түйін
Білім терең теңіз бе, білім мен еңбек егіз бе? Рухани азығым — осы екеуі.
Атам айтқан: «Білімді еңбекпен ізде!»
Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін. Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.
Мұғалім
Нугманова Гүлнар Есбергеновна
Сабақ материалы: «Еңбектің наны тәтті»