Саяси партиялар
Адам, Қоғам, Құқық
Сабақ қоғам туралы түсінікті кеңейтуге, қоғам түрлерін ажыратуға және демократиялық қоғамның артықшылықтарын дәлелді түрде негіздеуге бағытталған.
Сабақтың тақырыбы
Демократия — халық билігі
Сабақтың түрі
Семинар сабағы
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Оқушылардың қоғам туралы жалпы түсінігін кеңейту.
- Қоғам түрлерін ажыратуға үйрету.
- Демократиялық қоғамның артықшылықтарын дәлелдеуге баулу.
Дамытушылық
- Өз бетінше іздену дағдыларын дамыту.
- Жұмыс дағдыларын жетілдіру.
- Демократиялық билік туралы дүниетанымды қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Демократияның мәні туралы мағлұмат беру.
- Қоғам дамуының бұрынғы кезеңдермен айырмашылығын түсіндіру.
- Ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар мен тірек идеялар
Көрнекіліктер мен дереккөздер
- 1 Түрлі тақырыптық кестелер
- 2 «Қазақстан — 2030» бағдарламасы
- 3 Тарихи деректер және баспасөз материалдары
Сабақтың барысы
1) Қызығушылықты ояту
Бүгінгі сабақта біз қоғам ұғымын және өзіміз өмір сүріп отырған демократиялық ұйымдар мен қозғалыстарды талқылаймыз. Алдымен қоғамға қатысты ассоциациялар құрып, кейін ұғымға анықтама беріп, қоғамға тән негізгі белгілерді айқындаймыз.
Пәнаралық байланыс
Тарих, Қазақстан тарихы, мемлекеттік құқық негіздері, әдебиет, география.
Оқушы 1: Қоғам ұғымы және оның салалары
Қоғам — нәзік әрі күрделі құбылыс. Оның саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани салалары бар. Қоғам — бірлесіп еңбек ететін адамдардың жиынтығы және олардың арасындағы өзара қатынастар жүйесі. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді.
Оқушы 2: Демократияның мәні және түрлері
Демократия ұғымы грек тілінен аударғанда «халық билігі» деген мағынаны білдіреді. Дүниежүзінде демократияның көптеген үлгілері бар. Демократия туралы анықтаманы алғашқылардың бірі болып А. Линкольн бергені айтылады. Демократияны негізгі екі түрге бөлуге болады: тікелей және өкілді.
Тікелей демократия
Халықтың маңызды мәселелерді тікелей талқылап, шешім қабылдауы.
Өкілді демократия
Азаматтардың билікке өкілдерін сайлау арқылы қатысуы.
Оқушы 3: Құқықтар мен үкіметтің легитимдігі
Тәуелсіздік декларациясының мазмұнына сүйенсек, адамдардың тең болып жаратылғаны — айқын ақиқат. Әр адамға ажырамайтын құқықтар берілген: өмір сүру, еркін болу, бақытқа ұмтылу. Осы құқықтарды қамтамасыз ету үшін адамдар үкімет құрады, ал биліктің заңдылығы халықтың келісіміне негізделеді.
Оқушы 4: Конституциялық негіз және демократияның шарттары
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында: Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны көрсетілген. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Демократияның іске асуына қажет 3 шарт
- 1 Саяси партиялар
- 2 Еркін сайлау жүйесі
- 3 БАҚ-тың еркін пікірі
Осы шарттар төңірегінде оқушылар өз ой-пікірлерін қосып, талқылау жүргізеді.
Оқушы 5: Қоғамдық ұйымдар және тарихи тәжірибе
Демократиялық процестер түрлі бұқаралық ұйымдардың құрылуына жол ашады. Ал бұрынғы КСРО-ның тоталитарлық жүйесінде қоғамдық ұйымдардың еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік болмады: олар СОКП мен партия аппаратының қатаң бақылауында болды.
Оқушы 6: Оппозицияның рөлі
Оппозиция — демократияның өзегін құрайтын, қоғамдағы пікір алуандығын сақтайтын және билікке қоғамдық бақылау жасайтын маңызды күш.
Сабақтың келесі кезеңінде оқушылармен бірлесе отырып, қоғам түрлерін салыстыруға арналған кесте толтырылады.