Физикалық дене

Ашық сабақ (5-сынып) — Жаратылыстану

Бұл сабақ «Дене және табиғаттағы заттар» тарауын қайталауға арналған. Қайталау — оқу анасы.

Сабақтың тақырыбы

«Дене және табиғаттағы заттар» тарауын қайталау.

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: «Дене және табиғаттағы заттар» тарауын қайталау және жинақтау.
  • Дамытушылық: есте сақтау қабілетін арттыру, ой-өрісті дамыту.
  • Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа, адамгершілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер және көрнекіліктер

  • Интерактивті тақтамен жұмыс
  • Тәжірибе жасау
  • Топтық, жекелей және жалпы сыныппен жұмыс
  • Көрнекіліктер: интерактивті тақта, тәжірибеге қажетті заттар, буклет

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Кабинет пен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Оқушыларды 2 топқа бөлу.

«Күш» тобы

Ұраны: «Білім алып бүгін алтын ұяда, ертең әлі шарықтаймыз қияда».

«Салмақ» тобы

Ұраны: «Асау тұлпар желдей ескен арынды, оқу менен еңбекке сал барыңды».

II. Өткен материалды қайталау

Қайталау жұмыстары білім сайысы, сөзжұмбақ, сәйкестендіру, жұмбақтар және танымдық тапсырмалар арқылы жүргізіледі.

Түйінді ой

Қайталау — оқу анасы: негізгі ұғымдарды қайта қарап, дәлелдеп, қолдана білу.

Білім сайысы: жалпы сұрақтар

  1. Физикалық дене деген не?
  2. Зат деп нені атайды? Табиғаттағы заттар қандай күйде кездеседі?
  3. Жарық деген не?
    Түсіндірме: жарық — біздің көзіміз қабылдай алатын электромагниттік сәулеленудің көрінетін бөлігі.
  4. Ауа — таза зат па, әлде қоспа ма? Табиғатта мүлде таза зат кездесе ме?
  5. Табиғатта қандай күштер бар?

Сөзжұмбаққа арналған сұрақтар

Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды бекітуге арналған.

Негізгі ұғымдар

  • Физикалық дененің құрамдас бөлігі — зат.
  • Шам, электр лампасының жарығы — жасанды жарық.
  • Күн, жұлдыз (кейбір жануарлар) — табиғи жарық.
  • Қалыпты күштің әсерін сипаттайтын шама — қысым.
  • Табиғатта болатын барлық процестер — құбылыс.

Құралдар мен мысалдар

  • Қысымды өлшейтін құрал — барометр.
  • Қазақстандағы қала — Ақтау.
  • Жылуды жақсы өткізетіндер — металдар.
  • Электрлену құбылысын зерттеген — Фалес (Милетский).
  • Планеталарды орбитада ұстап тұратын күш — тартылыс.

Сәйкестендіру тапсырмалары

1) Құбылыстарды сәйкестендір

Тізім

  • Химиялық құбылыс
  • Электромагниттік құбылыс
  • Дыбыс шығару құбылысы
  • Метеорологиялық құбылыс
  • Физикалық дене

Мысалдар

  • Найзағай, күннің күркіреуі және т.б.
  • Жауын-шашынның түсуі, желдің соғуы және т.б.
  • Сүттің іруі, өсімдік пен жануар қалдықтарының шіруі
  • Машина, үй, жиһаз, ойыншықтар және т.б.
  • Құстардың сайрауы, желдің гуілі, сағаттың соғуы және т.б.

2) Ұғым мен анықтаманы тап

Сұрақтар

  • Қозғалыстағы кез келген дененің жылдамдығын тежейтін күш
  • Кішкентай заттарды үлкейтіп көрсететін құрал
  • Қысымды өлшейтін құрал
  • Екі сутек және бір оттек атомынан тұратын зат
  • Температураны өлшейтін құрал
  • Заттардың ең кіші бөлшектері
  • Ауаға тараған әтір иісі
  • Диффузияның латынша мағынасы

Жауап нұсқалары

  • Микроскоп
  • Үйкеліс
  • Су (H2O)
  • Барометр
  • Молекула
  • Термометр
  • Диффузия
  • Жайылу

Жұмбақтар

Табиғат құбылыстары

  • Қаһарын тіге келеді, төріңе шыға өледі.

    Жауабы: үйге кірген суық.

  • Ашуланып бұртиды, аузы көпіріп құтырады, кез келгенді ұшырады.

    Жауабы: құйын.

  • Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті.

    Жауабы: күннің күркіреуі.

  • Көк жүзінде көп жолақ, қойды екен оны кім бояп?

    Жауабы: кемпірқосақ.

  • Мөлдір моншақ, өзі жұмсақ.

    Жауабы: шық.

Заттар мен құралдар

  • Түбі тесік шелектен су тамшылап тұрғандай. Басталып еді ол еппен, ақтарылды түк қалмай.

    Жауабы: жаңбыр.

  • Қағазсыз-ақ, қаламсыз-ақ, сурет салар адамға ұқсап.

    Жауабы: аяз.

  • Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр, өзінің кіндігінен айналып жүр. Назар салып қарасаңыз, келбеті жер жүзін көрсетіп тұр.

    Жауабы: глобус.

  • Ыстық-суықты өлшейді, сынаптың титтей бөлшегі.

    Жауабы: градусник (термометр).

  • Таудан керуен құлап келеді, ағыл-тегіл жылап келеді.

    Жауабы: бұлт.

Ұлы тұлғаны тану

Ғалымдар және еңбектері

  • И. Ньютон — шамамен 300 жыл бұрын бүкіләлемдік тартылыс заңын ашты.
  • Фалес (Милетский) — Ежелгі Грекияда электрлену құбылысын зерттеген.
  • Э. Торричелли — атмосфералық қысымды алғаш өлшеген италиялық ғалым.
  • Дж. Пристли — оттегін алғаш алып, қасиеттерін зерттеген ағылшын ғалымы.

Жасырын сөздер (анықтамалар)

  • Латын тілінен аударғанда «таралу, ыдырау, жайылу» мағынасын береді.

    Жауабы: диффузия.

  • Дененің жылдамдығын бірқалыпты, тоқтаусыз сақтауға ұмтылысы.

    Жауабы: инерция.

  • Дененің кеңістіктегі орнының ауысуы — қозғалыс, ал қозғалыс жүріп өткен сызық — траектория.

  • Қозғалыстың басындағы және соңындағы нүктелерді қосатын траектория ұзындығы — жол.

Кім тапқыр: қысқа анықтамалар

Өлшеу құралдары

  • Барометр — қысымды өлшейді.
  • Термометр — температураны өлшейді.
  • Децибел (дБ) — дыбыс қаттылығын өлшеу бірлігі.

Формула және ұғым

  • H2O — су.
  • Күш — денелердің өзара әсерлесуін сипаттайтын физикалық шама.
  • Дыбыс — тербелістің ауада таралуы.

Дыбыс көзі

Камертон — өте таза дыбыс шығаратын арнайы дыбыс көзі.

Сергіту сәті: логикалық сұрақтар

  • Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отыруы мүмкін?

    Жауабы: су ағашының түбінде.

  • Адам бөлменің ішінде болғанда, қай уақытта оның басы «болмауы» мүмкін?

    Жауабы: терезеден басын сыртқа шығарып қарағанда.

  • Айналасындағы заттарға екі көзімен бірдей қарай алатын құс.

    Жауабы: үкі.

  • Дүниеде күн көзіне тура қарай алатын құс.

    Жауабы: бүркіт.

  • Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

    Жауабы: 5 бұрыш.

  • Бір жанұядағы 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар?

    Жауабы: 6 бала.

  • Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

    Жауабы: 4 сағат.

  • Үш түйеқұс «ұшып» келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды?

    Жауабы: түйеқұс ұшпайды (сұрақ — жаңылтпаш).

Өз орнына қой: мақал-мәтелдерді физикамен байланыстыру

Халықтық педагогиканы пайдаланып, мақал-мәтелдердің мағынасын физикалық ұғымдармен сәйкестендіру.

Диффузия

«Бір сасық құмалақ бір қарын майды шірітеді».

Қозғалыс

«Басында миы жоқтың аяғына дамыл жоқ».

«Шапшаң жүргенге шаң жұқпас».

Инерция

«Тамшы тас жарады».

Мысал: трамвай жүрісі кенет баяулағанда, жолаушы алға еңкейіп (лықсып), құлай жаздайды.

Қорытынды ой: алға қойған мақсаттан алаңдамай еңбек етсең, аз күш жұмсап та көп нәтижеге жетуге болады.

Сабақты қорытындылау: өзін-өзі тексеру

Тест тапсырмалары

1) Судың неше күйі бар?

Дұрыс жауап: 3.

2) Қалыпты атмосфералық қысым

Дұрыс жауап: 760 мм.

3) Қашар, Лисаков, Соколов–Сарыбай — қандай кен орындары?

Дұрыс жауап: темір.

4) Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым

Дұрыс жауап: И. Ньютон.

5) Сәуленің біздің көзіміз қабылдай алатын аз ғана бөлігі

Дұрыс жауап: жарық.

6) Табиғи жарық көзі

Дұрыс жауап: күн, поляр шұғыласы.

7) Жасанды жарық көзі

Дұрыс жауап: электр жарығы, шырағдан.

8) Оптикалық құралдардың негізгі бөлігі

Дұрыс жауап: линза.

9) Жылу құбылыстары

Дұрыс жауап: қайнау, булану, конденсациялану.

10) Дыбыстың қаттылығын немен өлшейді?

Дұрыс жауап: децибел (дБ).

Үй тапсырмасы және бағалау

VI. Үйге тапсырма

Тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп келу.

VII. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысып, жақсы жұмыс жасаған оқушылар бағаланады.