Құрметті қонақтармен ата - аналар және балалар бүгінгі Қош келдің алтын күз атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер

Ертеңгілік сценарийі

«Қош келдің, алтын күз!»

Зал әсем безендірілген. Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Кіріспе

Жүргізуші

Береке-бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын күз.

Сары алтынға малынған,

Жетті міне алтын күз.

Құрметті қонақтар, ата-аналар және балалар! Бүгінгі «Қош келдің, алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Аяжан

Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз.

Аппақ арай таңыңдай,

Шомыламыз нұрға біз.

Айзада

Ой, балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

Томирис

Қыстың жақын болғанын,

Жапырақтар білгендей.

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.

Ән

Autumn (Fall) Song for Children — Simple Song to Learn English (ESL).

Күз ханшайымының келуі

Жүргізуші

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз.

Балалар, бізге қонаққа кім келе жатыр, көрейік.

Саз әуенімен Күз ханшайымы кіреді.

Қош келдіңіз, Күз ханшайымы! Келіңіз, төрлетіңіз.

Біздің сәбилеріміз дайындаған биді тамашалаңыз.

Би

«Жапырақтар»

Жүргізуші

Біздің сәбилеріміз дайындаған тақпақтарды қабыл алыңыз.

Дәулет

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай қақтар бал дәмім.

Гауһария

Мен алмұртпын, алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттың.

Қонақбай

Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырыным менде бар,

Төмен бас иемін.

Күз ханшайымы

Ой, балалар, жарайсыңдар! Қане, енді кезекті ойынға берейік.

Ойын: «Жапырақтарды жинау»

Мақсаты: жапырақтарды түсіне қарай ажыратып, дұрыс жинау.

Ән

«Жау, жау — жаңбыр»

Қонақтар: Жер ана, Дихан ата, Дихан бала

Жүргізуші

Уа, халайық!

Алыс жерден келіпті,

Күзгі тойды көргелі

Жер ана, Дихан ата, Дихан бала келіпті.

Олай болса, сөз кезегін қонақтарымызға берейік.

Ділназ — Жер ана

Жер анамын, көпті көрген көнемін,

Ғасырлардың сақтап қалған дерегін.

Кімдер мені мәпелесе мейіріммен,

Соған ғана байлығымды беремін.

Төремұрат — Дихан ата

Осы болды қалаға жеткенім,

Сендерге айтар аманатым көп менің.

Қаладағы өркендерім ешқашан,

Ұмытпаңдар бабалардың кетпенін.

Мұратжан — Дихан бала

Маңдай тері — дихан деген қауымның,

Берекесі қаламенен ауылдың.

Күз тойында айтар тілек әрқашан:

Үстінен жүрмеңіздер ауырдың.

Жүргізуші

Біздің сәбилеріміз дайындаған тақпақтарды тыңдаңыздар.

Құралай

Алтын сары, қызыл, көк —

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Ахмедияр

Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді әр ісімен,

Риза етіп халқын күз.

Асылай

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едім жатып ап.

Жәнібек

Қыры толы егіске,

Бағы толы жеміске.

Елді сыйға кенелтті,

Қолы ашық періште.

Жер ана

Айтыңдаршы, жерде не өседі?

Балалар: жуа, картоп, сәбіз, қырыққабат және т.б.

Күзгі сән көрсету

Жүргізуші

Құрметті қонақтар, енді кішкентай балаларымыздың күзгі кешке дайындаған сәнді көйлектерін тамашалаңыздар.

Қорытынды

Жүргізуші

Құрметті қонақтар мен ата-аналар! «Қош келдің, алтын күз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!