Әнұранның авторы кім
«Ойнайық та ойлайық» сайыс сабағы
Бұл сайыс сабағы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ұлы тұлғалардың өнегесі арқылы елін сүйетін, жерін және тарихын қастерлей білетін патриот, елжанды азамат болып қалыптасуына бағытталады. Сонымен бірге тапқырлық пен ізденімпаздықты дамытып, табиғатқа сүйіспеншілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.
Мақсаты
- Дүниетанымды кеңейту, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге баулу.
- Патриоттық сезімді, елжандылықты қалыптастыру.
- Тапқырлық пен ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
- Табиғатқа сүйіспеншілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қатысушы топтар
Достық тобы
Ұраны: өзара қолдау, бірлік.
Бірлік тобы
Ұраны: ұйымшылдық, ортақ мақсат.
Ынтымақ тобы
Ұраны: келісім, татулық.
Сайыс кезеңдері
-
1
Топтардың таныстыруы
Әр топ шығармашылық түрде өздерін таныстырады.
-
2
Қас қағым сәт
Қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру кезеңі.
-
3
Тұлғаны тани біл
Көрсетілген тұлғалар туралы білгендерін айтып, қысқаша таныстырады.
-
4
Сандар сыры
Берілген сандарды еліміздің мерекелік, атаулы күндерімен сәйкестендіреді.
-
5
Кім шапшаң?
Берілген сөздердегі әріптерді пайдаланып, жаңа сөздер құрастырады.
-
6
Табиғат және мен
Топтар бөлім таңдап, сұрақтарға жауап береді.
-
7
Мен тұратын әлем қандай?
Топтар таңдаған тақырыптары бойынша жобаларын қорғайды.
Ұйымдастыру
Сайыс басталар алдында әділқазылар алқасы сайланып, бағалау талаптары таныстырылады.
2-кезең: «Қас қағым сәт» сұрақтары
- 1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?
- 2.Рақымжан Қошқарбаев кім?
- 3.Елбасының туған жері мен туған жылы қандай?
- 4.Қазақстан Республикасының Әнұранының авторлары кімдер?
- 5.Қазақстан қай жерде орналасқан?
- 6.Елорда қай жылы Алматыдан Астанаға көшірілді?
- 7.Ата Заңымыз қашан қабылданды?
- 8.Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
- 9.Сочи – 2014 Олимпиадасы туралы қысқаша айтып бер.
3-кезең: «Тұлғаны тани біл»
Көрсетілген тұлғалар туралы қысқаша мәлімет беріп, еңбегі мен ел тарихындағы орнын атап өтеді.
4-кезең: «Сандар сыры»
Берілген сандарды мерекелермен немесе атаулы күндермен сәйкестендіріңіз.
5-кезең: «Кім шапшаң?»
Әр топқа бір сөз беріледі. Сол сөздің әріптерін пайдаланып, мүмкіндігінше көп жаңа сөз құрастырыңыз.
Достық тобы
Бастапқы сөз: «Қарлығаш»
Бірлік тобы
Бастапқы сөз: «Өрмекші»
Ынтымақ тобы
Бастапқы сөз: «Құмырсқа»
6-кезең: «Табиғат және мен»
Топтар «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адамдар» бөлімдерінің бірін таңдап, сұрақтарға жауап береді.
Өсімдіктер
- 1.Мал жемейтін улы шөп қандай?
- 2.Суыққа төзімді өсімдік қайсы?
- 3.Тасқа шығатын шөпті ата.
- 4.Балды көп беретін өсімдік қайсы?
- 5.Қант қай өсімдіктен алынады?
Жануарлар
- 1.Құрлықтағы ең ірі жануар қандай?
- 2.«Шөл керуені» деп қай жануарды айтады?
- 3.Шөлдесе суға, сағынса еліне, жауына қарсы тұрып тойтарыс беруге қызмет ететін қандай жануар?
- 4.Қай жануардың баласын «шұнжық» дейді?
- 5.Суда да, құрлықта да тіршілік ететін жануар қандай?
Адамдар
- 1.Қазақстанда қанша халық тұрады?
- 2.Тұңғыш ғарышкер кім?
- 3.Үш рет ғарышқа сапар шеккен ғарышкер кім?
- 4.«Табиғат перзенті» деп кімді атайды?
- 5.«Адамның шығу тегі және табиғи сұрыпталу» еңбегінің авторы кім?
7-кезең: «Мен тұратын әлем қандай?» (жоба қорғау)
Достық тобы
Тақырып: Болашақтағы менің мектебім
Бірлік тобы
Тақырып: Болашақтағы менің қалам
Ынтымақ тобы
Тақырып: Болашақтағы менің елім
Қорытынды
Әділқазылар алқасы сайыс нәтижесін жариялап, үздік қатысушыларды марапаттайды.