Веер әдісі

Оқу қызметінің сипаттамасы

Бұл оқу қызметі әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың қызығушылығын арттырып, жаңа дыбыс пен әріпті есте сақтауларына көмектеседі. Сабақ барысында сөйлеу дағдылары, дыбысты ажырату, сөздік қорды толықтыру және шығармашылық белсенділік жүйелі түрде дамытылады.

Негізгі мәліметтер

Бөлім
Сауат ашу
Тақырып
«Ш» дыбысы және әрпі
Білім беру саласы
Таным, Шығармашылық

Мақсаты

  • Өткен сабақты пысықтай отырып, «Ш» дыбысы және әрпімен таныстыру.
  • Сөздегі дыбыстарды екпін түсіріп айту арқылы тауып, олардың түрлерін ажырата білу дағдыларын арттыру.
  • Сөздер мен сөйлемдер құрату арқылы сөздік қорын толықтыру, ойын тиянақты әрі анық жеткізуге жаттықтыру.
  • Ой-өрісін дамыта отырып, байқағыштыққа және белсенділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Веер әдісі
  • Диалогтық әдіс
  • «Фишбоун» әдісі
  • Құм терапиясы элементтері

Көрнекіліктер

  • Әріп таңбалары
  • Текшелер
  • Қиылған суреттер
  • Шырша
  • Құм салынған қорап
  • Жұмыс дәптері

Сабақ барысы

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші әңгіме бастайды: «Балалар, әдептіліктің белгісі не?»

Сәлемдесу өлеңі

Армысың, асыл күн,

Армысың, асыл жер.

Армысың, көк аспан,

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

Ұйымдастырушылық-ізденіс

Өткен сабақты пысықтау (Веер әдісі)

  • «Дыбыс дегеніміз не?» — балалардың жауаптары тыңдалып, бір баладан нақты жауап алынады.
  • «Дұрыс па, балалар?» — топпен талқылап, жауаптың дұрыстығы тексеріледі.
  • «Әріп дегеніміз не?» — бір бала жауап береді, қалғандары дұрыс/бұрысын айтады.
  • «Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?» — балалар сол дыбысты қағазға жазады, тәрбиеші бақылап, белгілеп отырады.

Тосын сый

«Балалар, өткен сабақта У әрпімен оқып үйренген сөздерді кім оқып береді?» — 2–3 бала оқып береді. Одан кейін тәрбиеші: «Жақсы оқыдыңдар, енді менің де сендерге сыйлығым бар», — деп жаңа кезеңге өтеді.

Жаңа тақырыпқа шығу

«Балалар, шаршадыңдар ма? Ендеше тұрып бой жазып, парталарыңның астына қарап көріңдерші!»

«Бұл ненің суреті?» — балалар жауап береді.

Тәрбиеші шыршаны көрсетіп: «Сендерде шырша болса, менде де шырша бар. Бүгін жаңа жыл, солай ма? Шыршаны ерте алып шығыппын. Таптым: бүгін біз «шырша» сөзінің басында естілетін дыбыспен танысамыз!» — дейді.

Оқу қызметіне белсене қатысқан балаларға ынталандыру ретінде кішкентай шырша белгілері үлестіріледі.

Сұрақ: «Шырша» дегенде қандай дыбыс естіледі?

Автор туралы

Аты-жөні

Кишкентаева Венера Ерсаиновна

Қызметі

Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі

Жұмыс орны

№7 орта мектеп КММ

Мекенжайы

СҚО, Петропавл қаласы