Қара жерді кескілеп, Қара қытай жер алып

Бұл заманда не ғаріп,
Төресі семіз, елі арық.
Шектен шыққан шенеунік,
Шекпен киіп шен алып,
Швейцарияда демалып.
Атасының малындай,
Қазынадан жеп алып.
Креслоны басып жамбасқа,
Ұйықтап отыр тері ағып.
Қара жерді кескілеп,
Қара қытай жер алып.
Сүйегін қазып атамның,
Кеміріп жатыр кен алып.
Астанам жайнап тұрғанмен,
Ауылымызды сел алып.
Суға кетті жиғаны,
Жыртық үйін жел алып.
Кәрі кемпір зарлайды
Көзінің жасын сора ғып
Мұңаяды қара шал,
Майданнан аман оралып.
Қалаға кеткен қазақтың,
Ар - намысы тоналып.
Ата дін, ана тіл өлді,
Атан түйенің қомы ауып.
Бір қазаққа - бір қазақ,
Жүгіріп жүр оқ алып.
Сырын бермейтін жігіттер,
Сырға тағуды мода ғып.
Гей клубта жүр біразы,
Орамалын оранып.
Қыздарым кетті шетелге,
Жат күйеу балаң төр алып.
Болашағымыз бұлыңғыр,
Көрешегіміз көр анық.
Бір күні Жердің бетінен,
Кетпесек болды жоғалып..
Авторы белгісіз.



Ұқсас жұмыстар

Сырым Датұлы кім
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Әлемді жаулап алушы – Шыңғыс хан
АҚШ - тағы Азамат соғысы
Зайсан ауданында қуғын - сүргін әрекеттерінің көрініс ала бастауы
Гельминтоздардың диагностикасы
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған өлең-жырлар
Ауыл шарушылығын күштеп ұжымдастыру
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783-1797). 18 ғ. 30-ж
Мыңбасы Қосжан батыр
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
ӘБДІКӘРІМ САТҰҚ ҚАРАХАН
ҚАРАБУРА
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
АЛТЫНАЙҰЛЫ ҚАРАСАЙ
Социум және әлеуметтік қатынастарды әлеуметтік жұмыс өрісінің объектісі ретінде қарастыру
Экранды басқаратын процедуралар мен функциялар
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк