Штрих деген қанай сызық

Сабақ тақырыбы

Акварель және гуашь бояуларымен сурет салу әрекеттері (4-сынып).

Сабақтың мақсаты

  • Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың логикалық ойлауын жетілдіру.
  • Бейнелеу өнерінде бояуларды қолдану тәсілдерін меңгерту, эстетикалық талғамын дамыту.
  • Нақты түсінік қалыптастыру және тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
  • Өзара білім алмасып, тиянақты шешім қабылдай білу дағдысын дамыту.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар акварель және гуашь бояуларымен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
  • Натюрморт салуды үйренеді.
  • Топта жұмыс жасауға дағдыланады.

Ресурстар мен тәсілдер

Құрал-жабдықтар

Магниттік тақта, плакат, маркер.

Көрнекіліктер

Суреттер, слайдтар.

Әдіс-тәсілдер

Топпен жұмыс, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау сұрақтары, АКТ, формативті бағалау.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері бірізді жоспарланып, оқушының белсенділігі мен шығармашылық ойлауын арттыруға бағытталады.

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • «Шаттық шеңбері» арқылы жылы лебіз, тілек айту.
  • Кереге көз және доға сызықтары салынған стикерлерді таңдап, сол арқылы топқа бөліну.
  • Топ ережелерін еске түсіру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

INSERT әдісі арқылы бейнелеу өнерінің түрлерін еске түсіру (алдын ала дайындалған схема таратылады).

3) Тұсаукесер

Слайд арқылы суреттегі пейзаждың қай жыл мезгіліне тән екенін анықтау сұралады.

Сұрақ-бағдар

Түстердің реңкі, ауа райы белгілері, табиғат көрінісіндегі өзгерістер нені аңғартады?

4) Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақта сызықтық және реңдік бейнелеу түрлерімен танысамыз.

Топтық сұрақтар

  • 1-топ: Сызық түрлерін атаңдар.
  • 2-топ: Сызық түрлерін қағаз бетіне сызып көрсетіңдер (жоғары деңгейлі оқушыларға).

Жалпы сұрақ

«Заттың құрылымы» және «пішіні» ұғымдарын қалай түсінесіңдер?

5) Ой қозғау тапсырмалары

Тапсырма 1

Түрлі түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралардан зат құрастырып, оны A4 қағазына жапсыру.

Тапсырма 2

«Штрих» деген қандай сызық?

Топтарға төртбұрыш және дөңгелек пішіндер таратылады. Берілген пішіндердің ішін штрихтау ұсынылады.

6) Мағынаны түсіну: кеңістік бейне

Түсіндіру

Кеңістік бейне туралы суреттер көрсетіліп, тура және бұрыштық кеңістік бейне ұғымдары түсіндіріледі.

Жаңа сөздер

тура бұрыштық ауалық кеңістік бейне көз деңгейі көкжиек сызығы горизонт сызығы

Терминдер тақтаға ілініп, сабақ бойы визуалды тірек ретінде қолданылады.

7) Қорытынды тапсырма: сюжет құрастыру

1-топқа

Жазық далада көрінетін шекті сызықты (көкжиек/горизонт) бейнелеп, шағын сюжет құрастыру.

2-топқа

Теңізде көрінетін шекті сызықты бейнелеп, шағын сюжет құрастыру.

Автор туралы мәлімет

Аймақ
ШҚО, Ұлан ауданы
Мектеп
Қанай орта мектебі
Пән мұғалімі
Рагизбаева Ш. Т.