Қатысушылардың тренинг сабаққа көңілін аудару
Аудандық семинар аясындағы тренинг сабақ
Сабақтың құрылымы мен мазмұны
Бұл тренинг семинарға қатысушыларды өзара жақын таныстыруға, оқушылардың ғылыми жобалары туралы түсінікті кеңейтуге және топтық әрі жеке жұмыс үлгілерін тәжірибе жүзінде көрсетуге бағытталған.
Тақырыбы
Өзіңді таны – ғылымды таны
Мақсаты
- Қатысушыларды бір-бірімен таныстыру.
- Оқушылардың ғылыми жобалары туралы түсінік беру.
- Топтық және жеке жұмыс үлгілерін көрсету.
- Сергіту арқылы қатысушылардың белсенділігін арттыру.
Әдіс-тәсілдер
- СТО стратегиялары
- Топтастыру
- Ой толғау
- «6 телпек» ойлау
Көрнекілігі
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Қатысушылардың назарын тренингке аудару, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін қысқаша таныстыру.
Өзіңді таны, ғылымды таны —
Барлық іс тани білуден басталған.
Сабақ түрлері өзгеруде,
Сәті туды, сіз де келіп қосылар.
2) Негізгі бөлім: танысу тренингтері
-
Шеңбердегі танысу
Мұғалімдер шеңбер құрып тұрады. Жұптасып бір-біріне қарап, атын айтып, танысу сұрақтарын қояды. Содан кейін кері бұрылып, келесі адаммен осы әрекетті қайталайды.
-
Жас ерекшелігі бойынша топтастыру
- Алма — 20–30 жас
- Алмұрт — 30–35 жас
- Шие — 35–40 жас
- Жүзім — 45 жастан жоғары
-
Оқытатын пәні бойынша топтастыру
Кітап — тіл пәндеріДәптер — математика бағытындағы пәндерҚалам — химия, биологияҚарындаш — тарих, географияСызғыш — бастауыш сыныпӨшіргіш — эстетикалық пәндер -
Санаты бойынша топтастыру
- Емен — жоғары санат
- Қарағай — бірінші санат
- Қайың — екінші санат
- Терек — санаты жоқ
-
Оқушылардың ғылыми жоба жетістіктері бойынша топтастыру
- Жусан — I орын
- Жоңышқа — II орын
- Жантақ — III орын
- Бұйрығын — ынталандыру сыйлығы
-
Ғылыми жоба бағыттары бойынша топтастыру
Раушан
Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашағы бар саяхат маршруттары
Қызғалдақ
Таза табиғи орта — «Қазақстан–2030» стратегиясын іске асырудың негізі
Қалампыр
Экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық модельдеу
Бәйшешек
Ғылыми-техникалық прогресс — экономикалық өсудің негізгі буыны
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті әріптестер, біз бүгін бір-біріміздің аты-жөнімізді ғана емес, кәсіби бағытымызды, оқушыларымыздың жетістіктерін және қандай ғылыми жоба бағыттарында жұмыс істейтінімізді де танып-білдік. Енді шығармашылыққа бет бұрып, ғылыми-әдістемелік жұмысымызды жалғастырайық.
Шығармашылық жұмыс және сергіту
Топтық постер қорғау
Соңғы болып бөлінген 4 топ өз орындарына отырады. Әр партада топ атауы берілген гүл суреті тұрады. Топтар берілген тақырыпты постер арқылы қорғайды, ал топ мүшелері ойды толықтырады.
1-топ
Дарынды баланы анықтау
2-топ
Ғылыми зерттеу дегеніміз не?
3-топ
Оқушылардың ғылыми қоғамы
4-топ
Ғылыми жобаны рәсімдеу жолдары
Сергіту сәті
Интерактивті тақтада әуен ырғағымен дене қимылдары көрсетіледі. Мұғалім қимылдарды үлгі ретінде орындап, қатысушыларды бірге қайталауға шақырады.
Шығармашылық жұмыста сіздер дарынды оқушымен жұмыс жасау жолдарын және оқушылардың ғылыми қоғамы бағытындағы идеяларды көрсете білдіңіздер. Енді бой сергітіп, қимылдап алайық.
Терең ойлау: «6 телпек» стратегиясы
Тақырып
Сыра және газдандырылған сусындар
Келесі тапсырмада ғылым саласына тереңірек үңілеміз. Бұл тәсіл арқылы оқушыларға да мәселені жан-жақты талдауды үйретуге болады.
Ақ телпек
Қасиеттері, нақты мәліметтер мен фактілер.
Қызыл телпек
Сезім, әсер, көңіл-күй.
Қара телпек
Пайдасыз тұстары, қауіп-қатері.
Сары телпек
Пайдалы жақтары, мүмкін болатын оң әсерлері.
Жасыл телпек
Ойтолғау, балама идеялар мен ұсыныстар.
Көк телпек
Талдау жасап, айтылған ойларды қорытындылау.
Қорытынды
Түйін
Бүгінгі тренинг барысында біз бір-бірімізді шығармашыл мұғалім ретінде танып, бірлескен жұмыстың тиімді тәсілдерін тәжірибеден өткіздік. Үйрете отырып үйрену — кәсіби дамудың берік тірегі.
Қорытынды шумақ
Бүгін, міне, тани түстік бірімізді-біріміз,
Білмегеніміз — тоқсан тоғыз, білгеніміз — бір тоғыз.
Тренингтер көп болсын, семинарлар,
Үйрете де үйреніп, ажырамасын іргеміз.
Сабаққа белсенді қатысқандарыңыз үшін көп рақмет!