Өлеңдегі сандарды сөзге айналдырып көшіріп жазу

Сабақтың тақырыбы

Дара және күрделі сан есім

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың сан есім туралы білімін кеңейтіп, дара және күрделі сан есім туралы түсінік қалыптастыру.
  • Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық жұмыстар арқылы білімін тереңдету.
  • Әдептілікке, шапшаңдыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу және сандарға қатысты қазақы ұғымдарды өмірде қолдана білуге баулу.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың жабдығы

Интерактивті тақта

Негізгі ұғымдар: дара және күрделі сан есім

Бір сөзден құралған сан есім дара сан есім деп аталады.

он жиырма отыз қырық

Екі немесе одан да көп сөзден құралған сан есім күрделі сан есім деп аталады.

он бес елу бес жүз алпыс алты

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

  • Психологиялық дайындық
  • «Жылулық шеңбері»

2) Өткен сабаққа шолу

Қайталау сұрақтары арқылы бұрынғы білім еске түсіріледі.

3) Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс

  • Күн жады жазылады.
  • Көркем жазу.

Оқулықпен жұмыс

  • Жаңылтпашты жатқа айту.
  • Мәтіннен сан есімдерді табу.
  • Дара және күрделі екенін ажырату.

Интерактивті тақтамен жұмыс

Биылғы жылды, айды, күнді және апта күнін жазумен жазу.

Этномәдени байланыс: киелі сандар

Халқымыздың танымында 3, 5, 7 секілді сандар бір ұғымға негізделіп, киелі деп есептелген.

Үш қуат

  • Ақыл
  • Жүрек
  • Тіл

Бес асыл, бес дұшпан

Тақырыпты кеңейту үшін «бес асыл іс» пен «бес дұшпан» ұғымдары еске түсіріледі.

Алты игілік

Денсаулық, қазына, дос, әйел, білім, бала.

Жеті қазына

  • Ер жігіт
  • Сұлу әйел
  • Ақыл-білім
  • Жүйрік ат
  • Қыран бүркіт
  • Берен мылтық
  • Жүйрік тазы

Санамақ арқылы тіл дамыту

Халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін жанрдың бірі — санамақ. Оқушыларға кеспе карточкалар таратылады: әр карточкада санамақтың бір жолы жазылады. Белгі берілгенде, оқушылар сан ретімен бірігіп оқиды.

Санамақ

Бір дегенім — бір таяқ,

Екі дегенім — екі таяқ,

Үш дегенім — үшкір тіс,

Төрт дегенім — төрт бұрыш,

Бес дегенім — бес қатар,

Алты дегенім — алты атар,

Жеті — жердің жемісі,

Сегіз — төлдің семізі,

Тоғыз деген — төл басы,

Он деген — он жолдасы.

Тапсырма: «Сан білмеген айта ма, санамақты қайтала» — санамақты қайталап, сан есімдерді теріп жазыңдар. Дара және күрделі түрлерін ажыратыңдар.

Сергіту сәті: санға байланысты жұмбақтар

1) Жүз төрт түйме, он бір ине.

Жауабы: есепшот.

2) Үш жүз алпыс алты құсы бар, кезегімен бір-бірлеп ол ұшар.

Жауабы: қабырға күнтізбе.

3) Екеуі басып тұрар, екеуі қашып тұрар.

Жауабы: малдың төрт аяғы.

4) Басы жоқ, екі беті, жүз тісі бар, қақ бөлер бөренені тың күші бар.

Жауабы: ара.

Жазылым жұмыстары

Терме диктант

Сан есімі бар сөйлемдерді теріп жазу.

Өзіндік жұмыс

Өлеңдегі сандарды сөзге айналдырып, көшіріп жазу.

Бекіту

Сан есімдердің дара және күрделі түрлерін ажыратып, мысалдармен дәлелдеу.

Өнер мен тұрмыстағы сан: әдеби байланыс

«Мақсұтым — тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегендей, Абай атамызды еске алмау мүмкін емес. «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген ойды негізге ала отырып, күнделікті тұрмыста, той-думанда айтылатын өлеңдердің кейбірі санмен аталады.

Бір бала Он алты қыз Екі жирен Сегіз аяқ Жиырма бес

Қорытынды

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен жазылым жұмыстары негізінде бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

Сан есімге байланысты мақал-мәтел жазу.