Тұлпар тобына

Сайыс сабағының барысы

Қатысушыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Топтар дайындалғанша, «Қазақ елі – менің Отаным» атты презентацияны бірге тамашалайық.

Командалық ойын Мәдениет Тіл Өнер Грамматика

Бастау және бағалау

Валяның сөзі

«Енді дайын болсаңыздар, ойларыңызды ортаға салыңыздар. Әділқазылар алқасы өз бағасын береді».

Айсұлуның кіріспесі

«Ертеде бір құмырсқа: “Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды арқалаған күштімін”, — деген екен».

Осы сөзден қуат алып, «Қайраттылар» бекетінде топ капитандарын сынап көреміз: олар кезекпен сұрақтарға жауап беріп, мүмкіндігінше көп ұпай жинауға тырысады.

1-бекет: «Қайраттылар» — білім сайысы

Сұрақтар мәдениет салалары бойынша беріледі және қиындық деңгейіне қарай 10 / 20 / 30 баллмен бағаланады.

Ғылым

  • 10 балл Тұлға

    Қаныш Сәтбаев кім?

    Қ. Сәтбаев — қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик.

  • 20 балл Тұлға

    Әл-Фараби кім?

    Ол ғылымның көптеген саласын меңгерген ойшыл: философ, социолог, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі.

  • 30 балл Дәреже

    Н. Ә. Назарбаев қай ғылымның докторы?

    Н. Назарбаев — экономика ғылымдарының докторы.

Өнер

  • 10 балл Композиторлар

    Біздің заманымыздың композиторларын атаңыз.

    Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Шәмші Қалдаяқов, Ескендір Хасанғалиев және т.б.

  • 20 балл Күйлер

    Құрманғазының күйлері қандай?

    «Адай», «Кішкентай», «Ақсақ киік», «Ақбай» және т.б.

  • 30 балл Опера

    «Біржан – Сара» операсы кімдікі?

    Мұқан Төлебаевтікі.

Спорт

  • 10 балл Ұлттық ойындар

    Қазақ халқының ұлттық ойындарын атаңыз.

    Бәйге, көкпар, тоғызқұмалақ, күрес, қыз қуу және т.б.

  • 20 балл Олимпиада

    Сидней олимпиадасының алтын медаль иегері кім?

    Бекзат Саттарханов.

  • 30 балл Чемпион

    Грек-рим күресінен әлем, Еуропа және Азия чемпионы болған кім?

    Болат Тұрлыханов.

Тілек: «Бәрекелді! Қазақ тілін оқу барысында табыс тілейміз, қанаттарың талмасын».

2-бекет: «Өнер» — үй тапсырмалары

Айсұлуның шақыруы

«Өнерлі балаларға кім жеткен, әр салада небір өнер көрсеткен. Төртінші сайысты біз бастайық: өнерлінің әрқашанда өрісі кең», — деп Өнер бекетіне тоқтайық.

Бұл бекетте әр топ өз үй тапсырмасын көрсетеді.

Командалар

«Тілдерді меңгеремін, тең көремін. Полиглот сайысында күшімді сынап көремін», — дейді «Тұлпар» және «Домбыра» топтары.

3-бекет: «Полиглоттар» — мақал-мәтелдер

Бұл кезеңде қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асыл мұрасы — мақал-мәтелдер бойынша жарыс өтеді. Тапсырма: мақалдарды аяқтау және сөздерді орыс, ағылшын тілдеріне аудару.

Үлгі

Қазақша

Менің атым — Валя.

Орысша

Меня зовут Валя.

Ағылшынша

My name is Valya.

Айсұлу: «Жарайсың, Валя. Енді сөзді сайыскерлерге берейік».

«Домбыра» тобына тапсырмалар

  1. Отан ... да ыстық.
  2. ... көтермегенді, ... көтереді.
  3. ... ... жарады, ... жармаса, бас жарады.
  4. ... туған жерге тік.
  5. Туған жердің ... де ыстық, ... де ыстық.

«Тұлпар» тобына тапсырмалар

  1. Аузы құлып сандық ашпаса, ... ашады.
  2. ... ойлағанды тіл бітіреді.
  3. ... — көңілдің айнасы.
  4. Тіл — өткір.
  5. Ең тәтті де — ..., ең ащы да — ..., ең жұмсақ та — ....

«Тұлпар» тобы — мақалдар

  • Жаман жолдастан таяғым артық.
  • Күлме досыңа — келер басыңа.
  • Отан — оттан да ыстық.
  • Досы көппен сыйлас, досы азбен сырлас.
  • Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

«Домбыра» тобы — мақалдар

  • Не ексең, соны орарсың.
  • Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
  • Жердің сәні — егін, ердің сәні — білім.
  • Көз — қорқақ, қол — батыр.
  • Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

4-бекет: «Қызықты грамматика»

Валя: «Келесі бекеттің аты — Қызықты грамматика. Бұл кезеңде қазақ тілінің грамматикасын қаншалықты меңгергендеріңді көреміз. Кім тапсырмаларды тез әрі дұрыс орындаса, сол жеңіске жетеді».

Тапсырмалар тізімі

  1. Септеу.
  2. Тәуелдеу.
  3. Жіктеу.
  4. Көптеу.
  5. Фонетикалық талдау жасау.
  6. Қалау райда тәуелдеу.

Қорытынды және алғыс

Айсұлуның қорытынды сөзі

«Сайыскерлер ойынын тамамдадық біз бүгін. Әділқазы алқасы дұрыс әрі әділ шешімін береді».

Сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Валяның тілегі

«Бойларыңда от бар екенін байқадым, жүректеріңде шоқ бар екенін байқадым. Әрқашанда осы шоқты өшірмей, жалындатып, шарықтаңдар».

Қоштасу

Айсұлу: «Өрендер, өрлей берсін өнерлерің. Айналаң — бәрі сенің көрерменің. Тілеймін, барлығың әрдайым биіктерден көрініңдер», — деп ойын-сайысымызды аяқтаймыз.

Валя: «Көрермен қауым, ықылас қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет».

Айсұлу: «Сау болыңыздар!»