Теңдеудің түрлері

2013–2014 оқу жылы

Теңдеулер мен теңсіздіктер (таңдау курсы)

Бұл құжат курсқа арналған түсінік хат ретінде ұсынылады.

Түсінік хат

Қазіргі заманда математика ғылымы өте кең әрі жан-жақты дамып келеді. Талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты — математикалық мәдениет деңгейін көтеру.

Математикалық есептерді шешу мен теоремаларды дәлелдеу оқушылардың ойлауын жандандырып, есте сақтау қабілетін дамытады; батыл әрекет етуге, шығармашылық ізденіске тәрбиелейді.

Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру — олардың алған білімінің тиянақты болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан-жақты жетілдіру — бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

Оқушылардың логикалық ой-өрісін кеңейтіп, пәнге қызығушылығын арттыруда «Теңдеулер мен теңсіздіктер» таңдау курсын өткізудің маңызы зор.

Курстың мақсаты

Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, ақыл-ойын кеңейту және логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.

Курстың міндеттері

  • Жоғары деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және дарындылығын анықтау.
  • Есеп шығару барысында оқушының қабілетін және тұлғалық қасиеттерін дамыту.
  • Олимпиадаға даярлауда нәтижеге жеткізетін деңгейде жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

Оқушылар дайындығына қойылатын талаптар

Логика және қорытынды

  • Логикалық ойлауды дамытатын тапсырмаларды орындай алуы.
  • Жүйелі қорытынды жасай білуі.

Білімді қолдану және модельдеу

  • Бұрын алған теориялық және тәжірибелік білімін тапсырмалар орындауда тиімді қолдана алуы.
  • Мәтін есеп шартын математикалық модельге дұрыс келтіре білуі.

Тақырыптық жоспар

I тоқсан: 14 сағат · I бөлім: Теңдеулер

Кесте: № · Тақырыбы · Сағат · Мерзімі
Тақырыбы Сағат Мерзімі
1 Әріпті өрнектер және олардың сандық мәні 1
2 Әріпті өрнектерді теңбе-тең түрлендіру арқылы ықшамдау 1
3 Есептер шығару 1
4 Әріпті өрнектердегі жақшаны ашу; ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және жақшаға алу арқылы түрлендіру 1
5 Есептер шығару 1
6 Теңдеу. Теңдеулердің түрлері және қасиеттері 1
7 Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер 1
8 Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару 1
9 Сызықтық теңдеулерге есептер шығару. Тест №1 1
10 Сызықтық теңдеу құруға негізделген қозғалыс есептері 1
11 Есептер шығару 1
12 Сызықтық теңдеу құруға негізделген сандық тәуелділік есептері 1
13 Есептер шығару 1
14 Өзіндік жұмыс №1 1