Қай елдің ертегісі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, «Балауса» балабақшасы. «Құлпынай» орта тобы.
Тәрбиеші
Даулеталиева Зоя Мырзахановна
Тақырып
«Ертегілер еліне саяхат»
Бағдарлық негіз
Білім беру салалары
- Қатынас
- Әлеуметтік орта
- Шығармашылық
Бөлімдер
- Тіл дамыту
- Көркем әдебиет
- Сурет салу
- Жапсыру
Мақсаты
- Балаларға таныс ертегілердің мазмұнын әңгімелету, сөйлеу қабілетін дамыту.
- Ертегі желісін түсініп, кейіпкерлер рөлін сомдауға үйрету.
- Логикалық ойлау, зейін, есте сақтау және саусақ моторикасын дамыту.
- Тілдік қорын молайту.
Шығармашылық дағдылар
- Қарапайым пішіндерді қиып, құрастырып, жапсыру дағдыларын бекіту.
- Сурет салудың техникалық дағдыларын жетілдіру.
- Эстетикалық талғамын дамыту.
Тілдік және әлеуметтік компонент
Жаңа сөздер
«Ерте, ерте, ертеде…»
Билингвалдық компонент
Ертегі — сказка — fairy tale
Инклюзивтік бағыт
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету және тапсырмаларды бірге орындау.
Көрнекіліктер
Безендірілген «Ертегілер елі», суреттер, үлгі материал, үнтаспа.
Қажетті құрал-жабдықтар
Су бояу, ақ және түрлі-түсті қағаз, желім, қайшы.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
1) Мотивациялық-қозғаушы кезең
Сәлемдесу. «Шаттық шеңбері»
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық,
Жүрекке жылу алайық.
Таза ауаны жұтайық,
Мейірімділік шоғын алайық —
Жиналған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық.
Жетелеуші сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар? Атап беріңдер.
- Ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
- «Ертегі» орыс және ағылшын тілінде қалай айтылады?
Түсіндіру
Әр халықтың өз ертегісі бар. Ертегілер адамдардың қиялынан, ойынан, арманынан туындайды. Қазақ ертегілері көбіне «Ерте, ерте, ертеде…» деп басталады.
Балалар, бүгін біз ертегіні аяқтап, оның қай елдің ертегісі екенін анықтап көреміз. «Ертегілер еліне» барғыларың келе ме?
Қақпаны ашу үшін жұмбақ шешеміз
Жұмбақ 1
Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Аю қай ертегіде кездеседі?
Жұмбақ 2
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
Қоян қай ертегіде кездеседі?
2) Ізденіс-ұйымдастырушы кезең
Қақпа ашылады. Балалар «Ертегілер еліне» кіреді. Тәрбиеші балалардан: «Балалар, ненің дауысын естіп тұрсыңдар? Бұл орманда қандай жануарлар мекендейді? Бұлар қандай жануарлар тобына жатады?» — деп сұрайды.
Аюмен кездесу
Аю ренжіп шығады, балалармен амандасады. Үйшігі қирап қалғанын айтып, көмек сұрайды.
- Бұл үйшікте тағы кімдер тұрды?
- Бұл қай ертегі?
- Бұл қай елдің ертегісі?
Қорытынды: балалар аюға көмектесуге уәде береді.
Шұбар тауықпен кездесу
Тауық балалармен амандасады. Алтын жұмыртқасының жарылып қалғанын айтады.
- Жұмыртқаны кім жарды?
- Қалай жарды?
- Бұл қай ертегі? Қай елдікі?
Қорытынды: балалар тауыққа көп жұмыртқа сыйлайды.
Бауырсақпен кездесу
Бауырсақ өлең айтып шығады.
- Бауырсақ, сен кімнен қашып бара жатырсың?
- Бауырсақ тағы кімдерден қашып кетті?
Ұсыныс: бауырсақ балалармен бірге жүреді.
Сергіту сәті
«Ертегілер елінен» гүлдер мен саңырауқұлақтар теріп, өз тобымызға оралайық. Балалар қақпадан өтіп, топқа қайта келеді.
Орталықтарға бөліну
Аю мен тауыққа көмектесу үшін балалар екі орталыққа бөлінеді:
1) «Саңырауқұлақтар» орталығы
Аюға көмектесу: үйді қиып, құрастырып, жапсыру.
2) «Гүлдер» орталығы
Тауыққа көмектесу: жұмыртқаларды бояп, сыйға тарту.
Қосымша: саусақ жаттығулары орындалады.
3) Рефлексиялық-түзету кезеңі
«Саңырауқұлақтар» орталығы бойынша сұрақтар
- Үйдің қабырғасын қандай пішіннен жапсырдыңдар?
- Шатырын қандай пішіннен жасадыңдар?
«Гүлдер» орталығы бойынша сұрақтар
- Бояудың астынан қандай сурет шықты?
- Жұмыртқаның пішіні қандай?
Қорытынды әңгіме
- Жасаған жұмыстарыңды кімге сыйлайсыңдар?
- Саяхат сендерге ұнады ма?
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын жалаушалар арқылы бағалап, мадақтайды. Қонақтармен қоштасу ұйымдастырылады.
Күтілетін нәтижелер
Не білді
Ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдай алды.
Не алды
Ертегі кейіпкерлерін атай алды.
Не істей алды
- Қағаз бетін бір бағытта бояй алды.
- Қағазды қиып, үйді жапсыра алды.
Ескерту
Толық нұсқасын жүктеу (сілтеме қажет болса, бөлек қосылады).