Алыстау жылдамдығы

Сабақтың тақырыбы

Бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс. Алыстау жылдамдығы (Математика, 4-сынып).

Сілтеме

Әдістемелік құрал, оқулық.

Мектеп

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құланды орта мектебі.

Мұғалім

Ергешова Фарида Қалдыбайқызы.

Жалпы мақсат

Қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезінде алыстау жылдамдығын табу тәсілін меңгерту.

Оқыту нәтижелері

  • Қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс кезінде алыстау жылдамдығын табуды үйренеді.
  • Есепті өздігінен талдап, түсініп шығару дағдысы қалыптасады.
  • Ойлау қабілеті дамиды.

Негізгі идея

Топтық және жұптық жұмыстар арқылы оқушылардың бірлесіп әрекет етуін күшейту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа мотивация

Мақсатымыз — білім алу.

Міндетіміз — еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла, «5»-ке қол жеткізу.

Тренинг және назар аударту

Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, қысқа тренинг өткізіледі. Мақсаты — көңіл-күйді көтеру және сабаққа назарды шоғырландыру.

Топқа бөлу және бағалау

Оқушылар топтарға бөлінеді. Бағалау «күзгі бақ» тақырыбындағы жемістер арқылы жүргізіледі.

Үй тапсырмасын тексеру

Музыканы тыңдай отырып, берілген слайд арқылы тақырыптың мағынасы ашылады. Оқушылар қысқаша әңгімелейді және негізгі ұғымдарды еске түсіреді.

Кіріспе әңгіме (сабақтың сюжеті)

Мұғалім сұрақ қояды: «Балалар, қазір қай мезгіл?»

Одан кейін тапсырма желісі ұсынылады: Бағбаншы атаның бағында жемістер пісіп жатыр. Оған көмектесуге барамыз.

Топтық тапсырма

Топ болып бөліндінің мәнін табу арқылы келесі кезеңге өтеміз.

Қорытынды ескерту

Бұл жоспар 4-сынып математика сабағында қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс тақырыбын түсіндіруге және алыстау жылдамдығын табу дағдысын бекітуге бағытталған.