Қарахан әдебиеті

Сабақтың мақсаты

Топтық жұмыс арқылы оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз — Әл-Фарабидің өмірі мен еңбек жолы туралы түсінік беру. Шығармалардан үзінді келтіре отырып, мәтіннің мән-мағынасын ашуға және негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу.

Оқушылардың бойында туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйластық сезімдерін қадірлеуге баулу.

Күтілетін нәтиже

  • Топта тиімді жұмыс жасай алады.
  • Өз пікірін ашық айтып, өз бетімен ізденуге дағдыланады.
  • Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттер қалыптасады.

Әдіс-тәсілдер

  • Тест
  • «Жүк журналы»
  • Ой қозғау
  • Постер қорғау
  • «Жұбыңды тап»
  • «Қарлы кесек»

Кіріспе кезеңі

Сабақ басталмас бұрын оқушылардың алдын ала нені білетінін анықтау жұмыстары жүргізіледі.

Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу.
  • Кезекшінің мәлімдемесі.
  • «Шаттық шеңбері»: оқушылар бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Оқушылар екілік санау жүйесі арқылы топқа бөлінеді. Бағалау талаптары алдын ала түсіндіріледі.

Еске салу

Сабақ бойы белсенділік жетондар арқылы белгіленеді.

Үй тапсырмасы

Үйге «Еркін жазу» стратегиясы бойынша ойтолғау берілген. Топқа бөлінген оқушылар бір-бірінің ойтолғауларын оқып, ішінен үздігін таңдап, сынып алдында ұсынады.

«Сыры мол сырлы әдебиет»

Үй тапсырмасын бекіту кезеңі тест арқылы жүзеге асады.

Бекіту тапсырмасы: тест

Әр сұраққа бір дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. 1. Ежелгі дәуір әдебиеті қай кезеңдерді қамтиды?

    • А) ҮІ–ҮІІІ
    • Ә) ҮІІ–ХІҮ
    • Б) ІІ–ІІІ
    • В) ІІІ–Ү
  2. 2. Сақтардың жазуы қанша әріптен тұрған?

    • Р) 30
    • Л) 26
    • М) 42
    • Н) 37
  3. 3. Берілген үзінді қай шығармадан алынған?

    …Бектер аты болдырып,
    Қайғы оларды солдырып,
    Меңді жүзі сарғайып,
    Запыран рең сүртілер.

    • Ф) «Алып Ер Тоңа»
    • Х) «Күлтегін»
    • Һ) «Оғыз қаған»
    • Ц) «Қорқыт»
  4. 4. Түркі қағанатының негізін қалаушы кім?

    • А) Бумын
    • Ә) Күлтегін
    • Б) Тоныкөк
    • В) Білге
  5. 5. Түркілердің оғыз ұлысынан шыққан данагөй көріпкел, бақсы, ұлы күйші, жыршы әрі ел басқарған көрнекті қайраткер кім?

    • П) Оғыз
    • Р) Қорқыт
    • С) Күлтегін
    • Т) Білге
  6. 6. «Оғыз қаған» жырындағы Оғыздың анасының аты?

    • А) Айқаған
    • Ә) Айғаным
    • Б) Ханзада бегім
    • В) Рабиға сұлтан
  7. 7. Ислам дәуіріндегі әдебиет нешеге бөлінеді?

    • А) 5
    • Ә) 4
    • Б) 2
    • В) 3
  8. 8. Әл-Фараби, А. Яссауи, С. Бақырғани ислам дәуіріндегі әдебиеттің қай кезеңіне жатады?

    • Е) Қарахан әдебиеті
    • Ж) Жыраулар әдебиеті
    • З) Кеңес дәуіріндегі әдебиет
    • И) Сыр бойы әдебиеті

Қорытынды

Тесттің кілті арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады: Әл-Фараби.