Допты екі аяқпен бірдей алып жүру тәсілін үйрету

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақ

Дене шынықтыру

Сабақтың тақырыбы

  • Футбол ойынының элементтерінен құрылған жаттығулар
  • Тосқауыл қою
  • Саптық жаттығулар

Сабақтың әдістері

Көрсету, ойнату.

Көрнекіліктер

Доп, ысқырғыш.

Мақсаттары мен міндеттері

Білімділік

Допты екі аяқпен бірдей алып жүру тәсілін үйрету.

Дамытушылық

Аяқтың ішкі жағымен қозғалыстағы допты тебу тәсілін дамыту.

Тәрбиелік

Дені сау, жаны таза, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы

Дайындық бөлімі

  1. Сапқа тұрғызу

    • Амандасу
    • Мәлімет қабылдау
    • Сабақтың тақырыбын түсіндіру
  2. Саптық жаттығулар

    Оңға, солға және кері бұрылу.

  3. Жүру

    Жеңіл қозғалыспен денені қыздыру.

Негізгі бөлім

Футболшылар допты аяқпен де, баспен де соғады. Допты табанның ішкі жағымен соғу — соққылардың ішінде нысанаға дәл тигізуге ең қолайлы тәсіл.

Орнында тұрып соққы жасағанда денені доптың үстіне қарай еңкейтіп, тебетін аяқ артқа сермеледі. Бұл соққыны екпін алып орындауға да болады.

Негізгі қағида

Егер негізгі күш доптың төменгі шетіне түссе, доп жоғары қарай айналып ұшады.

Практикалық тапсырмалар

  1. 1 Екі сапқа бөлініп, әр оқушы бір доп алып, допты аяқпен алып жүру тәсілін меңгереді.
  2. 2 Қақпаға тепкілеу және қайтарылған допты қайта бақылап, дәл тигізу тәсілін үйрену.
  3. 3 Әр оқушымен жеке жұмыс: үйрету, түзету және тәрбие бағытын күшейту.

Қорытынды бағыт

Допты аяқпен алып жүру дағдысын бекіту, қарама-қарсы бағыттағы лақтыру мен тебу элементтерін үйлестіріп орындау.