Мақсат қою кезеңі
Сабақ тақырыбы
Міржақып Дулатов. «Наурыз» өлеңі.
Сабақ мақсаты
1) Білімділік
- Оқушыларды Міржақып Дулатовтың «Наурыз» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету.
- Өлеңнің өзекті ойын ашуға жағдай жасап, негізгі идеясын анықтау.
- Өлең мазмұнын қарасөзбен баяндауға дағдыландыру.
2) Дамытушылық
- Оқудың әртүрлі тәсілдерін қолдану арқылы мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
- Танымдық тапсырмалар мен сұрақтар арқылы дүниетанымын кеңейту.
- Шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
3) Тәрбиелік
- Өз ойын еркін әрі мәдениетті жеткізе білуге тәрбиелеу.
- Өзгенің пікірін тыңдап, құрметтей білу дағдысын қалыптастыру.
- Ұлтжандылыққа баулу.
Әдістер мен көрнекілік
Әдісі
- Сұрақ-жауап
- Талдау
- Іздену
Көрнекілігі
- Суреттер
- Кесте
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлік. Психологиялық дайындық.
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп, жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы бірге
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Жүрегіміздегі осы жылумен сабағымызды бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Тақырып: Ш. Құдайбердіұлы — «Жаз келер». Өлеңді жатқа айту.
- Ақын жаз көрінісін қалай суреттеген?
- Өлең шумақтарын оқығанда көз алдыңа нелер елестейді?
III. Үй тапсырмасын пысықтау
- Адамдар туралы қай шумақта айтылған?
- Шәкәрім туралы не білеміз?
Қосымша: слайд арқылы ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының суреттерін көрсету.
IV. Мақсат қою кезеңі
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Жаңа сабаққа даярлық.
Жаңа сабаққа кіріспе сұрақтар
- Наурыз қандай мереке?
- Бұл мерекеге сендер қалай дайындаласыңдар?