Балалар біз сөз емес, буындарды оқыдық
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: «Е» дыбысы және әрпімен таныстыру
Мақсаты
- Балаларға «Е» дыбысы мен «Е» әрпін таныстыру.
- Таныс әріптерден буын құрап, оқып айтуға үйрету.
- «Е» дыбысынан басталатын сөздерге дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру.
- «Е» әрпінің баспа түрін дәптерге дұрыс әрі ұқыпты жазуға үйрету.
- Білімге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Жыл мезгілін, ай атын, апта күндерін қайталау.
Өткен оқу іс-әрекетін еске түсіріп, жаңа тақырыппен диск арқылы таныстыру.
Мұғалімнің сөзі (үлгі):
«Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын теледидардан тыңдап көрейік.»
2) «Е» дыбысы мен әрпін таныстыру
«Мынау — Е дыбысының әріп таңбасы: бас әріп және кіші әріп.»
«Е» — дауысты дыбыс. Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
«Е» дыбысының бас әрпімен қала аттарын, адам аттарын жазамыз.
кіші әріп сөздің ортасында да, соңында да кездеседі.
Негізгі ұғымдар
Дыбыс түрі
Дауысты
Жазылуы
Бас әріп / кіші әріп
Қолданылуы
Аттар, сөз ортасы, сөз соңы
3) Жұмбақтар арқылы дыбысты ажырату
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса да сақалы,
Секеңдеуді қоймайды.
Жауабы
Ешкі
Ашылып-жабылады,
Әр үйден табылады.
Жауабы
Есік
Талқылау сұрақтары
- Бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
- Еменде бар, қайыңда жоқ. Есікте бар, тұтқада жоқ — бұл қандай дыбыс?
4) Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
«Е» дыбысынан басталатын сөздерді кезекпен айту. Балалар бірнеше сөз атап шығады.
Дыбыстық талдау: «Етік»
- «Е» дыбысы қандай дыбыс? Қандай текшемен белгілейміз?
- Таныс емес дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
- Жолақшаға текшелерді солдан оңға қарай орналастырып, дыбыстық талдау жасау.
5) Суретпен жұмыс және сөздерді оқу
Тақтадағы суреттер бойынша сөздерді анықтау және айту. Жеке балаларды тақтаға шығарып, тапсырма орындату.
Егін
Ешкі
Кесе
Күрек
Шелек
6) Жазу жұмысы: «Е» әрпі
Мұғалім тақтаға «Е» әрпін жазып көрсетеді, балалар жазылу бағытын мұқият бақылайды.
Бірнеше бала тақтаға шығып, «Е» әрпін жазып көреді.
Дәптерді ашып, қаламсаппен «Е» әрпінің баспа түрін ұқыпты, сызықтан шығармай көркем етіп жазу.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау.
7) Тақпақтар: «Әріптер сыры» (Ж. Әбдірашев)
Нұрталап
А — дегенім: алмұрт,
Аузыңа сал, бал жұт!
Нұраят
Ә — дегенім: әңгелек,
Әңгелегім дөңгелек.
Әнтек кіші бітімі,
Ол — қауынның бір түрі.
Бекнар
Б — дегенім: бүлдірген,
Балдай дәмін кім білген?
Бүлдіргенді шекерге
Батырып же бір-бірден.
Жансая
В — дегенім: витамин,
Витамин көп жемісте.
Витамин ғой — жеміс же!
Қанжар
Г — дегенім: гүл деймін,
Гүлге теңеу іздеймін.
Гүл деген мен, Күн анам,
Гүлдей жайнап қуанам!
Жақсай
Ғ — дегенім: ғажап бақ,
Ғажап бақты аралап,
Ғалым-бағбан боламын,
Ғалам сырын бағалап.
Эльмира
Е — дегенім: ежігей,
Ежігейді ел білер.
Ерекше ас ол әрі,
Ежігей — сүт тағамы.
8) Карточкамен жұмыс
Ойын: «Қай әріптен басталады?»
Балалар, мына әріптерді танимыз ба?
Буындарды оқу
Мұнда біз сөз емес, буындарды оқыдық.
Ассоциация әдісі
Ойын: «Суретті дұрыс тап» — берілген белгі/дыбысқа сәйкес суретті табу.
9) Қорытынды
Оқу іс-әрекетін қорытындылау: бүгін «Е» дыбысы мен әрпін танып, буындарды оқып, «Етік» сөзіне дыбыстық талдау жасап, дәптерде әріптің баспа түрін жаздық.
Мотивация
Белсенді қатысқан балаларға гүл сыйлап, көтеріңкі көңіл күй қалыптастыру.