Редактор командалары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектеп
Информатика пәні мұғалімі: Қаман Күлмараш Болатқызы
Тақырып
Редактор командалары: Болдырмау, Қайталау, Суретті сақтау, Мәтіні бар суреттер, тәжірибелік жұмыс.
Сабақ түрі
Дәстүрлі
Сабақ әдісі
Түсіндірмелі-баяндау, практикалық элементтері бар
Сабақ типі
Жаңа білім беру сабағы
Көрнекілігі
Paint графикалық редакторы, тапсырмалар, практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты
А) Білімдік
- Графиктік редактормен жұмыс істеуді үйрету.
- Болдырмау (Отменить) командаларын қолдануды меңгерту.
- Суретті файлға сақтауды үйрету.
- Суретке мәтін енгізуді және мәтін атрибуттары панелін пайдалануды үйрету.
Б) Іскерлік-дағдылық
- Отменить және Сохранить командаларын қолдану.
- Суретке мәтін кірістіру дағдысын қалыптастыру.
В) Тәрбиелік
- Жұмысты тез әрі жеңіл орындаудың тиімді жолдарын іздеуге үйрету.
- Қолайлы тәсілдерді таңдап қолдануға баулу.
- Уақытты тиімді пайдалануға дағдыландыру.
Сабақ барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, сыныптың дайындығын тексеру.
-
2
Үй тапсырмасын тексеру
Paint құралдары және фигуралармен жұмыс.
-
3
Жаңа сабақты түсіндіру
Болдырмау/қайталау, сақтау, мәтін енгізу, файл ашу.
-
4
Практикалық жұмыс
Командаларды қолданып шағын сурет құрастыру.
-
5
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқып келу.
-
6
Қорытындылау
Негізгі командаларды қайталау, сұрақ-жауап.
Үй тапсырмасы: қайталау (Paint құралдары)
Алдыңғы сабақтағы тақырыптар: Paint графикалық редакторының құралдары, қисық сызықтар салу, көпбұрыш салу, құю құралын қолдану және редакторда тәжірибелік жұмыс.
Сұрақтар тізімі
- Түзу сызық салу құралын пайдалану алгоритмі қандай?
- Шаршы салу алгоритмін түсіндіріңдер.
- Тік төртбұрыш салу алгоритмі қандай?
- Дөңгеленген тік төртбұрышты қалай саламыз?
- Дөңгеленген квадратты қалай саламыз?
- Эллипс деген не? Оны қалай саламыз?
- Шеңберді қалай саламыз?
- Қисық сызық салу құралын пайдалану реті қандай?
- Көпбұрыш салу құралын пайдалану реті қандай?
- Құю құралын пайдалану реті қандай?
- Бүріккіш құралын пайдалану реті қандай?
- Қылқалам құралын пайдалану реті қандай?
- Өшіргіш құралын пайдалану реті қандай?
Назар аударатын дағды
Әр құралды қолданғанда әрекет ретін нақты айту: құралды таңдау → параметрін орнату → салу аймағын белгілеу → нәтижені түзету.
Еске салу
Қателік кетсе, ең тиімді тәсіл — Болдырмау және Қайталау командаларын дұрыс қолдану.
Жаңа сабақ: редактор командалары
Болдырмау (Отменить) командасы
Егер жұмыс барысында қате әрекет жасап қойсаңдар, уайымдаудың қажеті жоқ: редактор соңғы үш әрекетті болдырмауға мүмкіндік береді.
Қалай орындауға болады?
Правка → Отменить командасын таңдаңдар. Команданы қайта орындау алдыңғы әрекеттерді де ретімен болдырмайды (үш ретке дейін).
Қайталау (Повторить) командасы
Егер бір әрекетті қателесіп болдырмай тастасаңдар немесе алдыңғы қадамды қайта қолдану қажет болса, оны қайта орындауға болады.
Қалай орындауға болады?
Правка → Повторить командасын таңдаңдар. Бұл да үш ретке дейін қайталанады.
Суретті сақтау
Салған суреттерді кейін қайта қолдану үшін оларды дискіге файл түрінде сақтап қою керек.
Бірінші рет сақтау
Файл → Сохранить как командасын таңдаңдар. Ашылған терезеде Имя файла өрісіне атау енгізіп, Сохранить батырмасын басыңдар.
Қайта сақтау
Файл → Сохранить командасын орындаңдар. Бұл кезде сурет бастапқы атауымен сол файлға сақталады.
Суретке мәтін енгізу (Надпись)
Графикалық редакторда суретке мәтін қосып, қаріпін (өлшемін, курсив/қалың түрін) өзгертуге болады.
- Надпись құралын таңдаңдар.
- Тышқанмен мәтін орналасатын төртбұрышты жақтауды салыңдар — жақтаудың ішінде енгізу меңзері пайда болады.
- Пернетақтадан қажетті мәтінді енгізіңдер.
- Қаріп өлшемін және стилін өзгерту үшін Шрифты құралдар тақтасын қолданыңдар.
- Мәтінді аяқтаған соң мәтін жақтауының сырт жағын шертіңдер.
Егер мәтін атрибуттары панелі көрінбесе
Вид → Панель атрибутов текста командасы арқылы панельді қосыңдар.
Сақталған суретті ашу
Дискіде сақтаулы суретті ашу үшін Файл → Открыть командасын орындаңдар.
Ашылған диалог терезесінде қажетті файлдың атауын таңдаңдар да, оны екі рет шертіңдер.
Жаңа құжат жасау
Жұмыс барысында жаңа сурет құжатын бастау қажет болса, Файл → Создать командасын таңдаңдар.
Практикалық ұсыныс
Жаңа құжатты ашпас бұрын, ағымдағы жұмысты Сохранить арқылы сақтап алыңдар.
Үйге тапсырма
Тақырыпты оқып келу: болдырмау/қайталау командалары, суретті сақтау, суретке мәтін енгізу, файл ашу және жаңа құжат құру.