Тарихи таным қабілетін арттыру
Сабақтың тақырыбы: Егеменді еркін ел
Бұл сабақ Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолын түсіндіруге, тарихи сананы тереңдетуге және отансүйгіштік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қазақстан Республикасының егемен, еркін ел екенін және тәуелсіздікке қол жеткізудің тарихи маңызын оқушыларға жан-жақты ұғындыру.
Дамытушылық
Қосымша тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту, тарихи таным көкжиегін кеңейту.
Тәрбиелік
Отанды сүюге, туған жерді қорғауға, азаматтық жауапкершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың ұйымдастырылуы
Әдістері
- Түсіндіру, әңгімелеу
- СТО элементтері: салыстыру, топтастыру
- Тест тапсырмалары
Сабақтың түрі мен типі
- Типі
- Аралас сабақ
- Түрі
- Жаңа сабақ
Көрнекілігі
Суреттер, бүктемелер, сызбалар, Қазақстан Республикасының картасы, тест сұрақтары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа дайындау, қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеу.
II. Психологиялық дайындық
Оқушының көңіл күйін сабаққа бағыттау, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
III. Үй тапсырмасымен жұмыс: «Кім зерек?»
- Қалмақтың жас батыры неліктен жекпе-жекке Қабанбайды атап шақырды?
-
Төмендегі тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз:
- «Тасы өрге домалаған» — ісі алға басқан.
- «Түп дегенде түкірігі жерге түспей» — уақыты жоқ, тыным таппайтын.
- «Қылышынан қан тамған» — айбынды, жеңіске жеткен, қатал.
- «Дес бермеген» — мүмкіндікті қолдан жібермейтін, қайсар.
- Мәтінде аталған жер-су атауларын картадан тауып көрсетіңіз.
Стратегия
Топтастыру.
IV. Өткенді бекіту және бағалау
Сұрақ-жауап, салыстыру және қысқа тест арқылы білімді бекіту, қалыптастырушы бағалау жүргізу.
V. Жаңа сабақ: Ой қозғау
Мұғалім сөзі
Қазақ тарихында елін жаудан қорғап, жерін сақтап қалған батырлар аз емес. Жоңғар-қалмақ шапқыншылығы кезеңінде Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шапырашты Қарасай, Шақшақұлы Жәнібек, Батыр Баян, Албан Хангелді, Райымбек сынды бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен туған жерді қорғап қалды.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде халық мүддесі үшін Ә. Жангелдин, А. Иманов, Т. Рысқұлов, Т. Бокин секілді ержүрек азаматтар теңдік жолында күресті.
1986 жылы қайсар қазақ жастары алаңға шығып, ел тағдырына бейжай қарамай, «Қазақстанды қазақтың перзенті басқарсын» деген талап қойды. Осындай ерліктің, ата-баба батырлығы мен ұрпақ қайсарлығының нәтижесінде халқымыз егемендік пен тәуелсіздікке қол жеткізді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы — «Егеменді еркін ел». Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрамында болды. КСРО құрамында Қазақстаннан бөлек тағы 14 республика болған.