Жаттығу барысы
Психологиялық КТК мақсаты
Негізгі бағыт
- Топ ішіндегі қарым-қатынасты дамыту.
- Топтық іс-әрекетті қалыптастыру.
- Басқа адамдардың көзқарасымен келісуді үйрену.
Психологиялық нәтиже
- Сенімділікті арттыру.
- Бірлікті күшейту.
- Топты және әр қатысушыны жақсырақ сезіну.
Ұйымдастыру
- Әр командада: 10 адам.
- КТК басталар алдында қысқа бой сергіту жаттығулары өткізіледі.
Қажетті құрал-жабдықтар
Қағаз, қалам, фломастерлер, бояулар, түрлі-түсті және жай қарындаштар, сезім түрлері жазылған карточкалар, көк және қызыл түсті карточкалар, теледидар, сондай-ақ сөздер жазылған қағаздар.
КТК басталар алдындағы бой сергіту
1) «Қырықаяқтың жүгіруі»
ҚозғалысҚатысушылар бой-бойымен бір қатарға тұрады.
- 1Алдыңғы ойыншы сол қолын аяқтарының арасынан өткізеді.
- 2Артындағы қатысушы оның қолын оң қолымен ұстап, өзі де сол қолын аяқтарының арасынан өткізеді.
- 3Осылайша «шынжыр» толық құралады.
- 4Шынжырды үзбей, бөлме ішінде шеңбер жасап, абайлап қозғалады.
2) «Амандасамыз»
ЖылдамдықБұл — өте жылдам қимылды ойын. Алдымен барлығымыз бөлме ішінде үнсіз қозғалып жүреміз. Жүргізуші шапалақпен белгі бергенде, айтылған тәсіл бойынша бір-бірімізбен тез амандасамыз. Әр жолы әртүрлі адаммен амандасу қажет.
3) «Кім, не…»
ТанысуҚатысушылар орындыққа отырады. Жүргізуші: «Кімде не болса, сол орнынан тұрсын» деп айтады (ерекше қасиет, сүйікті іс, тағам т.б.).
Мысал:
«Кім өзін күштымын десе, сол орнынан тұрсын».
Соңғы қадам: кім қызыл карточка алса — жүргізушінің сол жағына, ал кім көк карточка алса — оң жағына тұрады. Осылайша екі команда құрылады.
Әділқазы алқасы
Құрамы
Әділқазы алқасы құрамында 3 адам болуы тиіс. Әр мүшеге арнайы дайындалған хаттама беріледі.
Міндеттері
- Көңілді атмосфера қалыптастыру.
- Баллдарды есептеу және уақытты бақылау.
- Командалардың қойылымдарына пікір білдіру.
- Жанкүйерлер тәртібіне назар аудару.
I конкурс: Команданы таныстыру
Жүргізушінің кіріспесі
«Сіздер өздеріңізді нағыз команда деп ойлайсыздар ма? Нағыз команда — капитаны, атауы және эмблемасы (суреті) бар команда».
Тапсырма
- 15 минут ішінде капитан тағайындау.
- Команда атауын ойлап табу.
- Команда эмблемасын (суретін) дайындау.
Бағалау
Әділқазы команданың ауызбіршілігіне ерекше мән береді.
Жоғары ұпай:
3 балл
Командалар дайын болғанша: жанкүйерлер ойыны «Сурет бірлігі»
Бірінші оқушыға таза қағаз бен қарындаш беріледі. Ол суретті бастап салады. Жүргізуші «Тоқта!» дегенде суретті келесі оқушыға береді. Келесі оқушы өз қалауынша жалғастырады. Осылайша соңғы оқушыға дейін жалғасады.
Таныстыру уақыты
Әр командаға таныстыру үшін 2–5 минут беріледі.
Қарсыластармен амандасу (бағаланбайды)
Жүргізушінің қолында «Сөйлейтін таяқша» болады. Таяқшаны бір-біріне беру арқылы командаға немесе мүшелеріне жылы лебіз айтады.
II конкурс: Сергіту
Бұл кезеңде команданың бірлігі мен үйлесімі бағаланады.
1) Есептеу
Жүргізуші бір сан айтады. Белгі берілгенде командадан дәл сол санға тең адам орнынан тұруы керек. «Рахмет» дегеннен кейін ғана қайта отырады.
Мысал сандар:
3, 5, 1, 2, …
Дұрыс орындаған командаға:
1 балл
2) «Көрсет»
Барлығы қолын жоғары көтеріп, сұқ саусағын көрсетеді. Белгі бойынша қолды түсіріп, команданың бір мүшесін көрсетеді. Қолды «Рахмет» дегеннен кейін ғана қалыпты жағдайға келтіреді.
Жаттығу 4 рет қайталанады.
Егер бір адамды бірнеше қатысушы бірдей көрсетсе, командаға 1 ұпай беріледі.
3) «Мұқият тыңда»
Команда мүшелерінің бәрі залдан шығады, тек бір оқушы қалады. Жүргізуші оған мәтін оқиды. Ол мәтінді залға бір-бірден кірген команда мүшелеріне дәл жеткізуге тырысады. Соңғы қатысушы кіргенше жалғасады.
Мәтін мазмұнын дәл жеткізген командаға:
2 ұпай
Мәтін 1
Біздің сынып жетекшіміз Гүлшат Төлешовна бүгін тәрбие сағаты болмайтынын хабарлады. Себебі 10 сәуір күні сағат 14:00-де жоғары сынып оқушылары үшін арнаулы оқу орнының өкілімен «Кім қайда оқуға барады?» тақырыбында кездесу өтеді. Тәрбие сағатының қашан өтетінін тәрбие ісі меңгерушісімен келісе отырып, қосымша хабарлайды.
Мәтін 2
Жанерке келді. Ол мектепте біраз уақыт болатынын айтты, себебі орыс тілінен сынақ тапсырады. Өйткені оның тоқсандық бағасы 4 пен 5-тің арасында болып тұр. Ол сағат 15:00-де басталатын жаттығуға дейін қайтып оралуы керек. Егер кешігіп қалса, тренеріне сабақ кестесіндегі өзгерісті хабарлауы қажет.
Сергіту конкурсының қорытындысын жариялау үшін сөз әділқазы алқасына беріледі.
III конкурс: Шығармашылық
Бұл кезеңде команданың қиялы, шығармашылығы, жұмыстың ерекшелігі және командалық бірлік бағаланады.
1) «Ерте, ерте, ертеде…»
15 минутӘр командаға сөздер қатары беріледі. Сол сөздердің барлығын қолданып, әңгіме немесе ертегі құрастыру қажет.
Жоғары ұпай:
4 балл
2) «Сезімді суреттеймін»
20 минутКоманда капитандары ортаға шығып, сезім түрлері жазылған карточкалардың бірін таңдайды. Команданың міндеті — сол сезімді сурет арқылы көрсету және сезімге байланысты қысқа қойылым әзірлеу.
Сезім түрлері:
Көрсетілім:
сурет + қойылым
Жоғары ұпай:
4 балл
Командалар дайын болғанша: ойын «Заттың қолданылуы»
Жүргізуші бір затты атайды, ал жанкүйерлер сол затты қалай және қайда қолдануға болатынын айтады. Мысалы: моншақ, кітап, газет, шарф, суқұйғыш, машина т.б.
Командалар дайын болғанша: ойын «Сөзден сөз құра»
Бір сөз беріледі. Сол сөзден кім көп сөз құрастырса, сол жеңімпаз атанады.
Шығармашылық конкурсының қорытындысын хабарлау үшін сөз әділқазы алқасына беріледі.
Қорытынды және марапаттау
«Естелік сыйлық» ойыны
Ойын соңында жүргізуші командаларға шындыққа жанаспайтын «ерекше сыйлық» ұсынуды тапсырады. Сыйлықты сөзбен айтуға болмайды — тек мимика және қозғалыс арқылы көрсету керек. Келесі команда сыйлықтың не екенін табады.
«Біз бір-бірімізге сенеміз!»
Команда мүшелеріне сай етіп орындықтар шеңбер бойымен қойылады. Қатысушылар орындыққа отырып, бір-бірінің тізесіне жатады да, қолдарынан ұстайды. Кейін орындықтар алынып тасталады. Топ дөңгеленген қалыпта 10-ға дейін тұрып тұруы керек.
Әділқазының қорытынды сөзі
Әділқазы алқасы конкурстың қорытындысын шығарып, бүгінгі іс-шара туралы пікірін білдіреді, мадақтамалар тапсырады және кейбір қатысушыларды медальмен марапаттайды.
Қатысушыларға номинациялар
- Нағыз көңілді қатысушы
- Нағыз салмақты қатысушы
- «Сен — біздің тірегімізсің»
Жанкүйерлерге номинациялар
- Нағыз белсенді жанкүйер
- Нағыз шулағыш жанкүйер
- Әділдік үшін күресуші
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, психологиялық КТК осымен аяқталды. Қатысып, белсенділік танытқандарыңыз үшін көп рахмет. Біз біргеміз, сондықтан біз бақыттымыз!