Көп тілді білу - өмір талабы

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы

Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ

Түрі

Интеллектуалды сайыс

Көрнекілігі

  • Жұмбақтар
  • Бағалау парақтары
  • Шарлар
  • Суреттер топтамасы

Мақсаты

Жас ұрпақты өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу; әр пән бойынша алған білімдерін жүйелей отырып, оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілетін, өз бетінше жұмыс істей білуін және ізденімпаздығын дамыту, қиялын ұштау. Сондай-ақ зияткерлікке, ақпараттық сауаттылыққа және мәдениеттілікке баулу.

Сайыстың жоспары

  1. I. «Егемен елдің ертеңі» — таныстыру.
  2. II. «Білімпаздар, зерделілер, алға!» — сұрақ-жауап.
  3. III. «Өнер – алды қызыл тіл» — өнер көрсету.
  4. IV. «Көп тілді білу – өмір талабы» — жұмбақ шешу және жауабын үш тілге аудару.
  5. V. «Тәуелсіздік – тірегім» — үй тапсырмасы.
  6. VI. «25 жылға – 25 тілек» — қорытынды бөлім.
  7. VII. Марапаттау

Кіріспе сөз және қазылар алқасы

Жүрегі – жаз, тілегі – көктем, жаны – нұр. Төле, Әйтеке, Қазыбектен нәр алған елдің ұрпағы әділетпен сөйлейді. Әділқазылар алқасын таныстырып, сайысымыздың әділ бағалануын өтінеміз.

Қатысушылар

  • Сынып жетекшісі (тәрбие сағаты жүргізушісі): Абылай
  • Мектеп психологы: Линара

Ұлағатты ұстаз

Біздің күнделікті тәрбиемізге көңіл бөліп жүретін ұстазымыз — Бақтылы апай.

I бөлім: «Егемен елдің ертеңі» — топтардың таныстырылымы

Егемен елдің ертеңі — келешек. Болашағын ойлаған ел өседі. Ендеше топтар өздерін таныстырсын: таныстықтан терезе теңеседі.

«Білім» тобы

Топбасшы: Дамира

Жалыны – жастық, жігері бойда қайнаған, тәуелсіздікті бойтұмар еткен «Білім» тобы — биік мұратқа ұмтылған өрендер.

Құрамы

Аягүл, Данияр, Фархад, Салтанат.

Біз — білімді, азат елдің ұрпағымыз. Елімізбен бірге соғар жүрегіміз. Қазақстан мәңгілік жайнап тұрсын — бұл біздің перзенттік тілегіміз.

«Болашақ» тобы

Топбасшы: Сағындық

Батыл қадаммен алға басқан, ата-салтын әдеппен сақтаған «Болашақ» тобы — кемел елдің тірегі болар жас буын.

Құрамы

Аружан, Асыланбек, Алтынзер, Наурызбай.

Келешекке нық сеніммен қадам бастық, жұлдыздай биікте жанамыз деп мақсат еттік.

«Тәуелсіздік» тобы

Топбасшы: Ерқанат

Тәуелсіздік таңында түлеген, ойы тұнық, талабы терең «Тәуелсіздік» тобы — ел сенімін ақтауға ниетті жас қырандар.

Құрамы

Назерке, Анар, Құралай, Әбдірахман.

Еркін ел — тәуелсіздік қыранымыз. Тыныштық пен бейбітшілік — ұранымыз. Халқын сүйіп, елін қастерлейтін біз — ертеңгі елдің шырағымыз.

Таныстыру бөлімі бойынша әділқазылар алқасы бағаларын береді.

II бөлім: «Білімпаздар, зерделілер, алға!» — сұрақ-жауап

Бұл ғасыр — білімділік ғасыры. Білімдінің мерейі өседі. Ендеше ойлы болсаң, озайық: тәуелсіздіктің жалыны болайық!

Шарт

Командалар бірлесе отырып, ұйымшылдықпен жауап береді. Сұрақтар келесі бағыттарды қамтиды:

  • Өзін-өзі тану
  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Тәрбие бағыттары

Негізгі дағды

Логикалық ойлау, байқағыштық, дәлелдеу мәдениеті, топпен жұмыс және жылдам шешім қабылдау.

III бөлім: «Өнер – алды қызыл тіл» — өнер көрсету

Қазақ елі — өнерлі халық. Қызы — сырлы, ұлы — аңыз. Өнер жұлдыздарын тыңдау — рухани тынығу. Бұл бөлімде топтар өз өнерлерін көрсетеді.

IV бөлім: «Көп тілді білу – өмір талабы» — жұмбақ және аударма

Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ. Мемлекеттік тіл — мемлекет құрушы ұлттың тілі. Орыс тілін білу — үлкен мүмкіндік, ал ағылшын тілі — ілгерілеу мен технология тілі. Қазақ тілі болса, Қазақстан халқын біріктіріп, өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді.

Тапсырма

Әр топқа үш жұмбақ беріледі. Топ мүшелері жұмбақтың шешуін тауып, оны үш тілге аударады.

V бөлім: «Тәуелсіздік – тірегім» — жүрекжарды жыр

Тәуелсіздік дегенде асқақ үн естіледі. Уақыт сынаптай сырғып өтсе де, туған тіліміздің сән-салтанаты арта берсін. Білім — теңіз: жас өрен оның айдынында жүзсін, өз жерінде де, шет елде де бақытты болсын. Жасампаз елімнің жетістігі жадымызда — тәуелсіздік туралы жыр әлі талай жазылар.

Бұл бөлімде оқушылар тәуелсіздікке арналған өз өлеңдерін, ой-толғамдарын оқиды.

VI бөлім: «25 жылға – 25 тілек» — ортақ ниет

Еліміз тәуелсіздік алғанына 25 жыл болса да, биік белестерден өтті. Әр адам туған жерінің өркендеуіне үлес қосса, мемлекетіміз одан әрі дамып, өзге елдермен иық теңестіре алады.

Ереже

Барлығымыз тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап 25 түрлі тілек айтамыз. Бір-бірімізді қайталамаймыз.

VII бөлім: Марапаттау және қорытынды сөз

Қорытынды тілек

Оқы, ізден, талаптан, достарым. Әр ғылымнан нәр ал, бастау қыл. Елімнің болашағын көркейтетін тұлға бол, дана бол, достарым!

Ақжолтай сөз

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болсын. Назар салып тыңдағандарыңызға алғыс білдіреміз.

Әділқазылар алқасы нәтижені жариялап, жеңімпаздарды марапаттайды.