Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Сабақтың тақырыбы

«Атаның сөзі — ақылдың көзі»

Сабақтың мақсаты

Жас жеткіншектердің бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру; кішіге қамқор болуға, ата-бабаны ұмытпай қадірлеп есте сақтауға, салт-дәстүрден нәр алып өсуге баулу.

Оқушыларды инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, қарияларды құрметтеудің мәнін ұғындыру.

Ұнамды мен ұнамсыз, әдепті мен әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі

  • Суреттер, ұлағатты сөздер, шарлар.
  • Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, Абай Құнанбайұлы, Н. Ә. Назарбаевтың фотосуреттері.
  • Слайдтар, «Ана жүрегі» бейнеклипі, «Қарттар үйі» бейнеклипінен үзінді.
  • Көрініске қажетті құрал-жабдықтар.

Сабақтың барысы

Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар, кешіміздің қадірменді қонақтары! Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар, ең алдымен, баланың тілін сындырып, ана тілін игеруіне көмектеседі. Көшеде және ортада еститін қолайсыз сөздерге тыйым салып, жақсы сөзге, ізгі әдетке бағыттайды. Мұның бәрі — тәрбие.

Ата-бабаларымыздан бізге жеткен ғибратқа толы, тәлім-тәрбиелік мәні терең өсиет сөздер көп. «Ақылды қария — ағып жатқан дария» дей отырып, бүгін сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған «Атаның сөзі — ақылдың көзі» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Арнау

Қош келдіңіз, ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,

Біз — алаңсыз балғын шақты балалар.

Мұғалім сөзі

Бүгінгі тәрбие сағатымызға сынып оқушыларының ата-әжелері қатысып отыр. Ендеше, жұмбақ шешіп көрейік: жұмбақтың жауабын хормен айтамыз.

Жұмбақтар

Жұмбақ

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкеңнің әкесі — ол,
Білер оны сұраған.

Жауабы: Атаң

Жұмбақ

Атаңның баласы,
Кей кезде таласып
Қаласың әжеге.
Білгенің асады кәдеге.

Жауабы: Әкең

Жұмбақ

Аймалайды күнім,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
«Тәтті-ақ» дейді немере,
«Бала — шырын иісің» деп.

Жауабы: Әжең

Жұмбақ

Әлпештеп өзіңді өсірген,
Нағашы әжеңнің баласы.
Төрінде жалпиып көсілген,
Бұл күнде жиеннің анасы.

Жауабы: Анаң

«Қарттарым аман-сау жүрмісің?» бөлімі

Енді «Қарттарым аман-сау жүрмісің?» бөліміне кезек берейік. «Қарттар үйі» туралы бейнеклипті тамашалап, көргенімізді ортаға салып талқылаймыз.

Әдеби монтаж

Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде, тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет —
Қарттарым, аман-саумысың?