Оқулық мәтінімен танысу
Сабақтың тақырыбы
Лиро-эпостық жырлар туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға лиро-эпостық жырлар туралы түсінік беру.
Міндеттері
- Лиро-эпостық жырлардың ерекшеліктері мен бүгінгі күнге дейін сақталған нұсқалары туралы түсінік қалыптастыру.
- Оқушылардың тілін және ойлау қабілеттерін дамыту.
- Халық мұрасына деген ықылас пен құрмет сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс
Тарих.
Әдіс-тәсілдер
Баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Көрнекіліктер
Тірек сызба, интерактивті тақта, суреттер, қосымша материалдар, диск.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, қатысымды тексеру, сабаққа назар аударту.
II. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру
Сабақ тақырыбы таныстырылып, оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер нақтыланады.
III. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі
1) Оқулық мәтінімен танысу (INSERT әдісі)
Оқушылар мәтінді оқи отырып, ақпаратты төмендегі белгілер арқылы белгілейді. Мұғалімнің көмегімен бұрынғы білім мен жаңа мәлімет салыстырылып, қорытындыланады.
V
Өздеріне таныс ақпарат.
+
Жаңа мәлімет.
—
Білгеніне қайшы келетін мәлімет.
?
Толығырақ білгісі келетін сұрақ.
2) Сөздік жұмысы
Тақырыпты түсінуді жеңілдету үшін негізгі ұғымдар мен сөз тіркестері талданады.
- Лиро-эпостық жырлар лиро-эпические песни
- Баяндау изложение
- Көңіл күй настроение
- Сезім чувство
- Сарын мотив
- Қамту охватывать
- Ажырамас серігі неразлучный спутник
- Інжу-маржан жемчужина
- Қарапайым адам простой человек
- Ғашықтық влюбленность
- Қайғы горе
- Мұң печаль
- Толғаныс волнение
- Адамдардың қарым-қатынасы взаимоотношение людей
- Рулар тартысы межродовые распри
- Ерекшелік особенность
3) «Сөз сыры» айдарымен берілген тапсырма
Төмендегі тіркестердің мағынасын ашып, лиро-эпостық жырлардың мазмұнымен байланыстырып түсіндіріңіз:
- Күрделі оқиға
- Жастардың бас бостандығы
- Дәуір жемісі
- Сезімге құрылған сарын
4) «Артық болмас білгенің…»
Ерте кезде туған және оқиғаға құрылған жырдың бір түрі лиро-эпос немесе лиро-эпостық жырлар деп аталады. Бұл жырлар бір кезеңде «Ғашықтық жырлары», «Тұрмыс-салт жырлары» деген атаулармен де белгілі болған.
Лиро-эпостық жырлар — халық ауыз әдебиетінің маңызды бір саласы. «Эпос» — баяндауды білдіретін көркем әдебиеттің негізгі жанрларының бірі. Ал «Лирика» — адамның көңіл күйі мен сезімін бейнелейтін жанр.
Негізгі түйін
Лиро-эпостық жырлар осы екі жанрдың қасиеттерін тоғыстырады: сезімге, сыршылдыққа құрылған сарын және эпосқа тән баяндауға негізделген оқиғалар бір арнада тоғысып, тұтас көркем дүние құрайды.