Жер ғаламшары үшінші ғаламшар
Мақсаты
Оқушылардың білім деңгейін және шығармашылық ізденісін бақылау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын, тіл байлығын жетілдіру; мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру; танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдағы жаңалықтар мен өзгерістерден шет қалмауға баулу.
Көрнекілігі
Ұлағатты сөздер, интерактивті тақта.
Ұлағатты ой
Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі. — Жүсіп Баласағұни
Сайыстың құрылымы
- IҰйымдастыру
- IIТоптарды таныстыру
- III6 турдан тұратын білім сайысы
- IVҚорытындылау
- VМарапаттау
19–29 қараша аралығында өтетін қазақ тілі, орыс тілі және тарих пәндерінің онкүндігі аясында 6 турдан тұратын «Зияткерлер сайысын» ұйымдастыру жоспарланды. Білім бәйгесіне 5 «А» сыныбынан «Білімділер» және «Талаптылар» топтары қатысады. Әр турдың тәртібі алдын ала түсіндіріліп отырады. Сайыстың әділ бағалануын қадағалайтын қазылар алқасы таныстырылады.
Турлар мазмұны
I тур — «Бәйге»
Екі топқа да сұрақтар қойылады
- Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
- Әр түрлі аспаптарда ойнайтын музыканттардың үлкен тобы. (оркестр)
- 12 жылда қайталанатын жас. (мүшел жас)
- 2012 жылы Қазақстанға 7 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль сыйлаған олимпиада. (Лондон)
- Географиялық қабығы бар ғаламшар қайсы?
- Ең алғашқы адамдардың сүйектері қай жерлерден табылды?
- Қобызды ойлап тапқан кім? (Қорқыт)
- Қазақтың батыр қыздары. (Мәншүк, Әлия)
- 16 желтоқсанда Қазақстан халқы қандай мерекені тойлайды? (Тәуелсіздік күні)
- Отанды сүю неден басталады? (Отбасынан)
- Жүз жасаған қазақ ақыны кім? (Жамбыл)
- Төрт түлік малға нелер жатады? (қой, ешкі, жылқы, түйе)
- Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
- 2011 жылы Қазақстанда қандай ойындар өтті? (Азиада)
- Күн жүйесінде неше ғаламшар бар? (9)
II тур — «Дұрыс па, бұрыс па?»
Дұрыс болса қол шапалақтау, бұрыс болса шапалақтамау
- Қымыз – түйенің сүті.
- Қыз қуу — қазақтың ұлттық ойыны.
- Наурыз жаз айында басталады.
- Қуырдақ — қазақтың ұлттық тағамы.
- Қазақстан Украин мемлекетімен шектеседі.
- Қазақстанның астанасы — Астана қаласы.
- Абай — қазақтың ұлы ақыны.
- Сәукеле — қазақтың ұлттық бас киімі.
- 12 сәуір — Ғарыш күні болып белгіленген.
- Жер ғаламшары — үшінші ғаламшар.
III тур — «Мың бір мақал!»
Мақал-мәтелдерді жалғастыру
- Сыйлап берсе суын — іш.
- Досы көппен сыйлас, досы азбен — сырлас.
- Отан үшін отқа түс — күймейсің.
- Еңбектің наны тәтті, жалқаудың — жаны тәтті.
- Күлме досыңа — келер басыңа.
- Жылы-жылы сөйлесең — жылан інінен шығады.
- Мектеп — кеме, білім — теңіз.
- Жігіттің екі сөйлегені — өлгені.
- Өнер алды — қызыл тіл.
- Батыр туса — ел ырысы, жаңбыр жауса — жер ырысы.
IV тур — «Тауып көр жұмбағымның жауабын»
Жұмбақтың шешуін табу
-
Ұшарымды жел біледі, қонарымды жел біледі.
(Қаңбақ)
-
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
(Кітап)
-
Айналаңда ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау.
(Жұмыртқа)
-
Жасыл ине киімім, жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң, төріндемін үйіңнің.
(Шырша)
-
Үй бағады, үрмейді; аяғы жоқ, жүрмейді.
(Құлып)
-
Орманда тұрағы, тоқ-тоқ соғады.
(Тоқылдақ)
-
Ти десем тимейді, тиме десем тиеді.
(Ерін)
-
Күндіз-түні жанамын, дабыл беріп бәріне. Үш түрлі түсім бар, белгілі жас пен кәріге.
(Бағдаршам)
-
Ұзын өзен, суы жоқ.
(Жол)
-
Көше бойлап аяңдайды, адам тасып аялдайды.
(Автобус)
V тур — «Кім жылдам?»
Екі топтың топбасшыларына сұрақтар
- Жер серігі — ай.
- Мұсылмандар діні — ислам.
- Жылқының төлі — құлын.
- 1991 жылы ғарышқа ұшқан қазақстандық ғарышкер. (Т. Әубәкіров)
- Сиырдың төлі — бұзау.
- Қырғызстанның астанасы — Бішкек.
- Ұлыстың ұлы күні — 22 наурыз.
- Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі? (5)
- Жер Күнді толық бір айналғанда қанша уақыт өтеді? (365 күн 6 сағат)
- Жер өз осінен бір рет айналғанда қандай құбылыс болады? (күн мен түн ауысады)
VI тур — «Қазақстан — менің елім»
Карта/кестемен жұмыс (топбасшылар)
I топқа тапсырма
Қазақстанның облыстары мен қалаларын дұрыс орналастыру.
II топқа тапсырма
Қазақстанның облыстары мен шекаралас мемлекеттерін дұрыс орналастыру.
Екі оқушының қайсысы тапсырманы бірінші орындаса, ұпай соған беріледі.
Қорытынды бөлім
«Жүректен — жүрекке»
Барлығымыз орнымыздан тұрып, бір-бірімізге жылы лебіз айтып, жақсы тілек білдірейік. Сайыс қорытындыланып, жеңімпаздар анықталады.