Біле бергім кееді, біле бергім
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Т. Ахтанов «Күй аңызы» (8-сынып)
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың өту әдістері
- Еске түсіру
- Сұрақ-жауап
- Мағлұмат беру
- Ой қозғау
- Салыстыру
- Іздендіру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Аңыз және күй туралы төменгі сыныптарда алған білімдерін еске түсіру; шығарманың идеясын ашу; әңгіме мұратын ұғындыру.
Дамытушылық
Аңыз және күй аңызы түрлерін ажырата білуге үйрету; оқушылардың ойлауын және тілін дамыту.
Тәрбиелік
Өнерге эстетикалық қызығушылықты арттыру; өнерге және өнер адамдарына құрмет сезімін қалыптастыру; ұлттық мәдени мұраны дамытуға үлес қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақтың мақсатымен және жоспарымен таныстыру.
Жоспар
- 1Қайталау — білім анасы
- 2«Көкпар» (сұрақ-жауап)
- 3«Біле бергім келеді, біле бергім…»
- 4Семантикалық карта
- 5Венн диаграммасы
- 6Білімді бекіту: «Кім жылдам?»
- 7Сабақты қорыту
- 8Бағалау
- 9Үй тапсырмасы
Сабақтың өзегі
Оқушылар аңыз бен күй туралы бұрынғы білімін жүйелейді, «күй аңызы» ұғымын нақтылайды, кейіпкерлер сипаттамасын талдайды және ұқсастық-айырмашылықты салыстыру арқылы ой қорытынды жасайды.
1) Қайталау — білім анасы
Жазушы Тахауи Ахтанов туралы сұрақтар
- Тахауи Ахтанов қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 1923–1994
- 1956 жылы жарық көрген тұңғыш кітабы қалай аталады? «Қаһарлы күндер»
-
Тағы қандай кітаптары бар?
«Махаббат мұңы» «Дала сыры» «Шырағың сөнбесін» «Ана даусы»
-
Қандай әңгімелері бар?
«Алғашқы ән» «Ол солай еді» «Алыстан жеткен сарын»
2) «Көкпар» (сұрақ-жауап)
Тақырыпқа кіріспе сұрақтар
-
Қазақ халқының қандай ұлттық аспаптары бар?
Домбыра, қобыз, шаңқобыз, дабыл, дауылпаз, сазсырнай және т.б.
- Күй дегеніміз не?
- Күйдің қандай түрлері бар?
- Күйші дегеніміз кім?
- Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?
- Аңыз дегеніміз не?
3) «Біле бергім келеді, біле бергім…»
Мұғалім сөзі
Қазақтың саз аспаптары — ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Халық өмірінде болған оқиғаларды, тіршілік тынысын және табиғат сұлулығын өз көңілінен өткізіп, төл туындыларын сазды аспаптар арқылы бейнелеп отырған.
Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі мен тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, салт-санасы, дүниетанымы, арман-тілегі терең толғаныспен суреттеледі. Домбыраны халқымыз қастерлеп, серік еткен өнер адамдарына ерекше құрмет көрсеткен.
Домбырамен орындалатын күй өнерінде табиғат құбылыстары, аңыз-ертегілер, тарихи оқиғалар және өзге де тақырыптар әуен тілінде сөйлейді. Қазақ халық аспаптық музыкасының ішінде күй жанры ерекше феномен ретінде бағаланады.
Тарихи жалғастық
Күй өнері Тәттімбет, Құрманғазы, Қорқыт, Махамбет, Дәулеткерей, Ықылас, Абыл, Байсерке, Сейтек сынды тұлғалардың ғажайып күйлерінен бастап, Нұрғиса Тілендиев пен Секен Тұрысбековтердің шығармашылығына дейін ұзақ эволюциялық жолдан өтті. Ол қазақ халқының сан қырлы өмірін домбыра мен қобыздың сиқырлы тілімен жеткізе білді.
Күйші-композиторлар өз туындыларында туған халқының ішкі психологиялық жан дүниесін, дүниеге көзқарасын бейнелейді. Күй жанры — қазақ музыкасының ең ірі жанрларының бірі.
Аңыз түрлері
- Тарихи Кенесары, Жошы хан және т.б.
- Топонимикалық Жер-су атауына байланысты
- Шежірелік Ру, тайпа, жүз туралы
Күй аңызы түрлері
- Мифтік
- Әфсаналық
- Хикаяттық
- Жағдаяттық
4) Семантикалық карта
Кейіпкерлер портреті
Оразымбет, Нар, Жаңыл, Естемес бейнелерін портрет арқылы танып, сипаттамаларды сәйкестендіру.
Сипаттама 1
Әдемі дөңгелек қара сақалды, тарамыс денелі, бойы биік, дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзді, қатқыл өңді, қағылез кісі.
Сипаттама 2
Түрі жүдеу, бүйірі солған, өркеші қисайған; тамыры қураған ағаштай семген, ірі тұлғалы, жасқа толы үлкен мөлдір көзді мүсәпір бейне.
Сипаттама 3
Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қараторы, талдырмаш денелі.
5) Венн диаграммасы
Ұқсастық пен айырмашылық
Күй
Қазақтың ұлттық аспаптарымен орындалатын әуен, музыкалық туынды.
Ортақ белгі
Екеуі де қазақ халқының өткен өмірінен хабар береді, ұлттық жадты жаңғыртады.
Аңыз
Ертеректе өмір сүрген адамдар, жер-су, мекен туралы айтылатын ауызша проза үлгілері.
6) Білімді бекіту: «Кім жылдам?»
Жедел сұрақтар
Оқушыларға нөмірленген қима қағаздар үлестіріледі. Әр нөмір бойынша шығармаға қатысты сұрақ қойылып, жауаптар жылдамдық пен дәлдік тұрғысынан бағаланады.
7) Сабақты қорыту
Күй аңызы
- Тарихи
- Жағдаяттық
Күйші
Күйші — сазгер, күй орындайтын өнерпаз. Күйді домбырамен, сыбызғымен, қобызбен орындауы мүмкін.
8) Бағалау
Қорытынды бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімі мен жауап беру сапасы бағаланады.
9) Үй тапсырмасы
Тапсырма
Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау.
Бағыт
- Оқиға желісін бөліктерге ажыратыңдар.
- Шиеленіс, шарықтау шегі және шешімін анықтаңдар.
- Идеясы мен негізгі ойды нақты дәлелдермен көрсетіңдер.