Жердің ауа қабаты
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Жер ғаламшары» тарауы бойынша алған білімді қорытындылау және жинақтау, материалды меңгеру деңгейін тексеру. Жаңа тақырып бойынша физикалық дене, зат, салмақ ұғымдарын түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін арттыру, есте сақтау дағдыларын дамыту және өтілген материалды жүйелей білуге баулу.
Тәрбиелік
Тапқырлыққа, белсенділікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
Көрнекіліктер
- Дүние жүзінің физикалық картасы
- Глобус
- Атлас
- Слайдтар
Түрі, типі, әдістері
- Сабақтың түрі
- Қайталау, жинақтау сабағы және жаңа сабақ.
- Сабақтың типі
- Сайыс сабағы және жаңа ұғымды меңгерту.
- Сабақтың әдісі
- Топпен жұмыс, ауызша әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Әр топта топ басшысы болады; олар оқушылардың жұмысын бағалауға қатысады. Топтарға бағалау парақтары таратылады.
Бүгін біз «Жер ғаламшары» тарауы бойынша алған білімімізді жүйелеп, қорытындылау мақсатында сабақты сайыс түрінде өткіземіз. Сонымен қатар жаңа тараудың тақырыбымен танысамыз.
І кезең
Даярлық байқауы
Ой қозғау
ІІ кезең
Тез жауап
Сұрақ-жауап
ІІІ кезең
Географиялық лото
Сурет пен карта
IV кезең
Жаңа сабақ
Түсіндіру
V кезең
Бекіту
Қорытынды сұрақтар
І кезең: Даярлық байқауы (ой қозғау)
Оқушылардың сайысқа дайындығын және жинақылығын байқау үшін интерактивті тақтадан жұмбақтар көрсетіледі.
І топ
2 жұмбақ-
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін
Іші кең, бәрін салса толмайтұғын.Жауабы: Жер, аспан
-
Үлкен-үлкен түйені,
Тастапты адам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.Жауабы: Тау
ІІ топ
2 жұмбақ-
Тұрғыны жоқ елдер,
Үйі жоқ қалалар,
Ағашы жоқ ормандар,
Суы жоқ теңіздер.
Бұл не?Жауабы: Географиялық карта
-
Бар ма, жоқ па — оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.Жауабы: Ауа
ІІ кезең: Тез жауап
Әр топ берілген сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап береді.
І топтың сұрақтары
- Жер нешінші ғаламшар? — 3
- Жердің Күнді межеленген уақытта толық айналып өтуі қалай аталады? — жыл
- Құрлықты жан-жағынан мұхиттар мен теңіздер қоршаған ірі бөлік қалай аталады? — материк
- Жер бетінің қанша пайызы су? — 71%
- Ең алғашқы өте дәл карта XVI ғасырдың басында қайда жасалды? — Еуропада
- Жер шарында қанша мұхит бар? — 4
- Жердің ішкі құрылымы: ядро, мантия, жер қыртысы
- Жердің қатты қабаты: литосфера
- Емдік сулардың шығатын жері: арасан
- Тынық мұхиттың ең терең жері: Мариан шұңғымасы
- Жер бетінің құнарлы қабаты: топырақ
- Табиғи арнамен ағатын су: өзен
- Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі аумақ: өзен алабы
- Жердің ауа қабаты: атмосфера
- Белгілі бір аймақта ұзақ жылдар бойы қайталанатын ауа жағдайы: климат
ІІ топтың сұрақтары
- Жер шарының кішірейтілген моделі: глобус
- Жердің табиғи серігі: Ай
- Материктердің арасында орналасқан үлкен сулы алқаптар: мұхиттар
- Жер бетінің қанша пайызы құрлық? — 29%
- Картада көгілдір түспен не бейнеленеді? — су
- Жер шарында қанша материк бар? — 6
- Тау жыныстарының негізгі үш типі: магмалық, шөгінді, метаморфты
- Жердің су қабығы: гидросфера
- Су табиғатта неше күйде кездеседі? — 3
- Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері: теңіз, шығанақ, бұғаз
- Топырақтану ғылымының негізін салушы: В. В. Докучаев
- Өзеннің құяр жері: өзеннің сағасы
- Үнді мұхитының ең терең жері: Зонд шұңғымасы
- Ауа қандай газдардың қосындысы? оттегі, азот, көмірқышқыл газы, аргон
- Белгілі бір жердегі тәулік ішіндегі ауа жағдайы: ауа райы
ІІІ кезең: Географиялық лото
Әр топ слайдта көрсетілген суреттің атауын анықтап, оны картадан көрсетуі керек.
І топ
- Дүние жүзіндегі ең ыстық материк Африка
- Дүние жүзіндегі ең үлкен материк Еуразия
- Ең кіші әрі ең құрғақ материк Австралия
- Ең ылғалды және жасыл материк Оңтүстік Америка
- Ауданы ең үлкен арал Гренландия
ІІ топ
- Мұз жамылған материк Антарктида
- Ең ұзын мұхит Атлант
- Ең үлкен және ең терең мұхит Тынық
- Ауданы ең үлкен көл Каспий
- Ең ұзын өзен Ніл
IV кезең: Жаңа сабақ (түсіндіру)
Жаңа тақырып: Физикалық дене. Зат. Салмақ
Физикалық дене
Физикалық дене — бізді қоршаған нақты объектілер: машина, үй, жиһаз, ойыншық және т.б.
Зат
Зат — физикалық денені құрайтын құрамдас бөліктер: оттегі, ауа, су және т.б.
Салмақ
Кез келген физикалық денеде белгілі бір мөлшерде зат болады және оның салмағы бар. Салмақты көбіне таразымен өлшейді, масса бірлігі — килограмм (кг).
Талқылауға арналған сұрақ
Табиғаттағы заттар қандай күйлерде кездеседі? Мысал келтіріңдер.
Назар аударайық: беттік керілу
Сұйықтың молекулалары бір-біріне тартылады, сондықтан сұйықтың беті «қабығы бар» сияқты әсер береді. Бұл құбылыс беттік керілу деп аталады.
V кезең: Сабақты бекіту
- 1 Физикалық дене дегеніміз не?
- 2 Зат дегеніміз не?
- 3 Салмақ (масса) өлшем бірлігі қандай?
Қорытындылау және бағалау
Әр топтың қорытынды ұпайы есептеліп, нәтижесі бойынша бағаланады. Топ ішінде белсенділік танытқан оқушылар ерекше атап өтіледі.