Сөз өнер жарысы

«Білімді зияткер» сайыс сабағы (4-сынып дарынды оқушылары арасында)

Бұл материал 4-сынып оқушыларына арналған зияткерлік сайыс сабағын ұйымдастыруға көмектеседі. Сабақ құрылымы бірнеше турдан тұрады: жылдам сұрақ-жауап, пәндік таңдау, тілдік тапсырмалар және шығармашылық кезең.

Мақсаты

  • Ойлау қабілетін, тапқырлығын және оқуға ынтасын арттыру.
  • Есте сақтауын, ой-өрісін және белсенділігін дамыту.
  • Ұйымшылдыққа, пәнге қызығушылыққа және достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі

Сайыс сабағы

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, көрсету, баяндау, сұрақ-жауап

Қатысатын сыныптар

4 «А», 4 «Ә», 4 «Б», 4 «В»

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер және т.б.

Сабақ барысы: ұйымдастыру бөлімі

«Балалар, бұл — жол басы даналыққа. Келіңдер, түсіп байқап қаралық та. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, соларды көре тұра қалалық па? Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық. Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!» — деп сайыс кешін бастаймыз.

1-слайд

1-тур: «Бәйге»

«Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, шәкірттерге әділ шешім беріңіз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар — бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз!» Осылайша, «Бәйге» кезеңін бастаймыз: ұпай жинап, алға озайық.

Ереже

Әр сұрақ — 5 ұпай, жауап беру уақыты — 30 секунд.

Жылдам сұрақтар (әр топқа)

1-топ

  • 0°C температурада су неге айналады?
  • Ең кіші планета қайсы?

2-топ

  • Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі кім?
  • Айт мейрамында айтылатын ән қалай аталады?

3-топ

  • Мұсылмандардың қасиетті айы (күні-түні) қалай аталады?
  • Сөз өнері сайысы қалай аталады?

4-топ

  • Ұлттық аспапты ата.
  • Абай Құнанбаевтың анасының есімі кім?

10 сұрақтан тұратын «Бәйге» тапсырмалары (жауап үлгілерімен)

1-топ

10 сұрақ

  1. Қазақстан Республикасының астанасы — Астана.
  2. «Қара алтын» — көмір.
  3. Киіз үйдің қабырғасы — кереге.
  4. Әкеңнің анасы — әже.
  5. Мектептегі ең жоғары баға — 5.
  6. Кекілік — құс.
  7. 2-ні үш рет қосқанда — 6.
  8. Жыл мезгілдері: күз, қыс, көктем, жаз.
  9. Қазақтың ұлттық ойындары: арқан тартыс, орамал тастау, асық.
  10. Қыста түрін өзгертпейтін ағаш — шырша.

2-топ

10 сұрақ

  1. Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді? — бағдаршам.
  2. Кітапханада кім жұмыс істейді? — кітапханашы.
  3. Қойдың төлі — қозы.
  4. Жеті күн — апта.
  5. Екі сабақтың ортасында — үзіліс.
  6. Аптаның бірінші күні — дүйсенбі.
  7. Күзде жапырақтар — сарғаяды.
  8. 3+3+3 — 9.
  9. Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз.
  10. Өз сыныбыңда неше қыз бар? — сынып бойынша.

3-топ

10 сұрақ

  1. Тақтаға немен жазамыз? — бормен.
  2. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.
  3. Сыныбыңда неше ұл бар? — сынып бойынша.
  4. Қыста не жауады? — қар.
  5. 4+4+4 — 12.
  6. Сабақ арасындағы бос уақыт — үзіліс.
  7. Аптаның сәтті күні — сәрсенбі.
  8. Әліппедегі ең бірінші әріп — А.
  9. Түнде аспанда не көрінеді? — жұлдыз.
  10. 10 саны неше таңбалы сан? — екі таңбалы.

4-топ

10 сұрақ

  1. 22 наурыз қандай мереке? — Наурыз.
  2. Дәптерге немен жазамыз? — қаламмен.
  3. Сенің атаң әкеңе кім? — әке.
  4. Төрт түлік: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
  5. 5+5+5 — 15.
  6. Қандай баспаның оқулығын оқыдық? — «Атамұра».
  7. Аптаның алтыншы күні — сенбі.
  8. Мұғалімдер баға қоятын кітап — сынып журналы.
  9. Бір тәулікте неше сағат бар? — 24.
  10. 7 саны неше таңбалы сан? — бір таңбалы.

2-тур: «Жорға»

«Атың жақсы болса — ер жігіттің пырағы, балаң жақсы болса — жан мен тәннің шырағы». Енді білім мен ілімге жетелейтін пәндерге кезек береміз. Әр сынып өз таңдауы бойынша пән бағытын таңдайды.

2-слайд

Қазақ тілі

  • 20 ұпай

    Мәтін түрлеріне тоқталу. Мысал келтіру.

  • 30 ұпай

    Сөйлем түрлері: хабарлы, сұраулы, лепті. Мысалдар келтіру.

  • 40 ұпай

    Құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілері. Мысал келтіру.

Математика

  • 20 ұпай

    Масса өлшем бірліктерін ата: т, ц, кг, г.

    1 т = 10 ц

    1 ц = 100 кг = 100 000 г

    1 кг = 1 000 г

  • 30 ұпай

    Ұзындық өлшем бірліктері: км, м, дм, см, мм.

    1 км = 1 000 м

    1 м = 10 дм = 100 см

    1 дм = 10 см = 100 мм

  • 40 ұпай

    Қашықтықты қалай табамыз? S = v × t (жылдамдықты уақытқа көбейтеміз).

Әдебиеттік оқу

  • 20 ұпай

    Қожанасыр туралы әңгімелер.

  • 30 ұпай

    Өтірік өлең білесің бе? Мысал:

    «Тұмсығынан масаның,
    Құрыш найза жасадым.»

  • 40 ұпай

    Ұлы Абайдың өлеңдерін жатқа айту.

Дүниетану

  • 20 ұпай

    Пайдалы қазбалар деген не? Жанғыш пайдалы қазбаларды ата: таскөмір, мұнай, газ.

  • 30 ұпай

    Ауаны ластаушы заттарды ата.

  • 40 ұпай

    Неліктен өсімдіктер, жануарлар және құстар Қызыл кітапқа енгізіледі?

3-тур: «Тіл — өнер»

Асан қайғының сөзімен айтсақ: «Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады». Ендеше, тіл өнері сайысын бастаймыз.

3-слайд

Тапсырма

Әр топ көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіреді.

1-топ

Екі қолға бір күрек.

2-топ

Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді.

3-топ

Төбе шашым тік тұрды.

4-топ

Қорыққанға қос көрінер.

4-тур: «Күрең күз»

Сарғайған жапырақтарды қанша жинасаң, сонша сөзбен сөйлем құрастыр. Бұл кезең оқушылардың сөздік қорын, жылдам ойлауын және сөйлем құрау дағдысын дамытады.

4-слайд

Қорытынды

Ұпайлар есептеліп, сайыс нәтижелері шығарылады. Жеңімпаз сыныптар марапатталады.

Ән-шашу

4 «В» сыныбының оқушысы Мерейдің орындауында «Көк тудың желбірегені» әні.