Аралас сандарды қосу
Сабақтың тақырыбы
- 5-сынып: Аралас сандарды қосу.
- 6-сынып: Таңбалары әр түрлі сандарды қосу.
Мақсаты
Білімділік
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бөлімдері бірдей және әр түрлі бөлшек бөліктері бар аралас сандарды қосуды меңгерту. Теңбе-тең түрлендіруді, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, есептер шығаруда теориялық білімдерін қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық
Аралас сандарды және таңбалары әр түрлі сандарды қосудың тәсілдерін дамыта оқыту; оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Шығарылған есептерді талдап, өз қателерін анықтай білуге және түзетуге тәрбиелеу.
Көрнекілік және әдістер
Көрнекілік
Тапсырмалар жиынтығы.
Әдістері
Ойын, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы
I. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау – мотивациялық кезең
Қызығушылықты ояту.
1-тапсырма (ойын түрінде)
Бүгінгі сабақ ойын формасында өтеді. Берілген есептерде қосу амалдарын қолданып, шыққан жауапты ықтимал жауаптардың ішінен таңдау арқылы қабыршағы жоқ балықты анықтаймыз.
Ықтимал жауаптар:
- Шортан — 19
- Алабұға — 15
- Жайын — 2
- Табан — 21
- Алабұға — 22
5-сынып (мұғалімнің басшылығымен)
I тапсырма — сұрақ-жауап
Бөлшектерді қосу ережелерін еске түсіріңдер.
II тапсырма — ережені қолдану
Қосу ережелерін қолдана отырып, берілген сандардың мәнін табыңдар. Есептерді шығара отырып, сызба түрінде қорытынды жасаңдар.
Негізгі тұжырым:
Аралас сан = бүтін бөлігі + бөлшек бөлігі
III тапсырма — аралас сандарды қосу
Енді аралас сандарды қосуға арналған есептер шығарайық. Аралас сандарды қосу үшін төмендегі қадамдарды орындаңдар:
-
1
Бөлшек бөліктерін ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер.
-
2
Бүтін бөліктерді бөлек, бөлшек бөліктерді бөлек қосып, нәтижені аралас сан түрінде жазыңдар.
-
3
Егер қосындыдағы бөлшек бөлік бұрыс бөлшек болса, оның бүтін бөлігін аралас санның бүтін бөлігіне қосыңдар.
Қосымша
Толық нұсқасын жүктеу.