Программа тілінің алфавитін ата
Сабақтың тақырыбы
Графика. Графикалық процедуралар мен функциялар.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға графика ұғымын түсіндіру және Паскаль программалау тілінде графикалық ақпаратты енгізу мен басқаруға арналған негізгі процедуралар мен функциялар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру.
Негізгі түйін
Компьютерлік графика — компьютер көмегімен салынатын суреттер мен графиктер. Оларды программа арқылы құру үшін арнайы графикалық процедуралар мен функциялар қолданылады.
Ой шақыру: өткенді қайталау сұрақтары
Алгоритм
Алгоритм ұғымы, қасиеттері және түрлері.
Программа
Программа дегеніміз не? Программа тілінің алфавитін атаңыз.
Паскаль тарихы
Паскаль тілінің негізін қалаған кім және қай жылы?
Программа құрылымы
Программа құрылымын сипаттаңыз.
Есепті шығару кезеңдері
Есепті шығару кезеңдерін атаңыз.
Операторлар
Операторлар деген не және олар қандай топтарға бөлінеді?
Шамалар
Шамалар қалай бөлінеді?
Айнымалы типтер
Айнымалы типтер дегеніміз не? Қандай топтарға бөлінеді?
Жиымдар
Жиымдар деп нені айтамыз және олардың қандай түрлері бар?
Жиымды сипаттау
Паскаль тілінде жиымдар қалай сипатталады? Қандай сөз тіркесі қолданылады?
Көмекші бағдарламалар
Көмекші бағдарламалардың мақсаты қандай?
Процедура және функция
Процедура және функция ұғымдарын салыстырып түсіндіріңіз.
Жаңа сабақ
Компьютерлік графика ұғымы
- Компьютер көмегімен салынған суреттер компьютерлік графика деп аталады.
- Компьютер арқылы суреттер мен графиктерді салуға болады.
- Суреттерді программа арқылы салу үшін арнайы процедуралар мен функциялар қолданылады.
Курсорды басқару
Курсорды басқару процедуралары курсорды экранның кез келген нүктесіне дәл орналастыруға мүмкіндік береді.
GoToXY(X, Y: byte)
процедураКурсорды координаталары X және Y болатын экран нүктесіне көшіреді.
Экранда терезе құру
Терезе құру процедурасы экранның белгілі бір аймағын шектеп, сол аймақтың ішінде мәтін мен графикалық элементтерді басқаруға көмектеседі.
Window(X1, Y1, X2, Y2: byte)
процедураЭкранда терезе (жұмыс аймағы) құрады: координаталар арқылы оның сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі бұрыштары беріледі.