Енесін иіртіп шуда жібін, Жас қатындар жыртылған жамайды үйін
Абай Құнанбаев
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал - кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесін иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол – бір керуен.
Қай ауылда көрсең де, жабыраңқы,
Күлкі - ойын көрінбейді, сейіл серуен.
Кемпір - шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңісіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа - су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы.
Тұман болар, жел соқса, шаң - тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы.
Ұлылардың ұлысы - Абай ақын
Абай Құнанбайұлының ағартушылық идеялары
Бастауыш сыныпта абай шыгармаларын оқыту
Қара өлең ұйқасы
Бастауыш мектептегі ана тілі
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Абай Құнанбайұлының өмірбаяны
М. Әуезовтың Абай жолы романының түстік лексикасын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдері
Бастауыш мектеп оқушыларын әдебиеттік оқу сабақтарында Абай шығармалырын оқыту арқылы тәрбиелеу
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ЗЕРТТЕУ
СҮЙІНІШҰЛЫ ҚАЗТУҒАН
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
ӨМІРҰЛЫ ЖАСЫБАЙ
АРОНҰЛЫ СҮЙІНБАЙ
Брокерлік фирманың қор операциялары жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру
Отандық өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құрылымдаудағы машина жасау өнеркәсібінің маңызы
Электрондық кестенің көмегімен мектеп информатика курсы бойынша көпнұсқалы тестер жасау әдісі
Философия және саясаттану факультетінің 2006 жылы 19 желтоқсандағы Ғылыми кеңесінің мәжілісінің № 3 хаттамасынан
Қазақстанда жастарға арналған әлеуметтік қызмет