Кейіпкерлерге мінездеме

Сабақтың тақырыбы

Бейімбет Майлиннің «Түйебай» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме беру.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: әңгіме мазмұнына сүйене отырып кейіпкерлерге мінездеме беруге дағдыландыру; ойды жүйелі, әдеби тілмен жеткізуге машықтандыру.

Тәрбиелік: мейірімділікке баулу, жағымсыз әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: ой-өрісті, қиялды, тіл байлығын, сөздік қорды дамыту; байланыстырып сөйлеу шеберлігін және шығармашылық қабілеттерді жетілдіру.

Қажетті ресурстар мен ұйымдастыру

Көрнекіліктер

  • Слайд
  • Шағын көрініс
  • Үлестірмелі қағаздар
  • Түрлі-түсті қаламдар

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Драмалау
  • Топтастыру

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі.

Алдын ала дайындық

  • Оқушыларды топқа бөлу
  • Белгілі тақырып бойынша өлең, ой-толғау дайындау

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, эпиграф оқу. Сабақты Ы. Алтынсариннің өлеңімен ашу:

Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1 Б. Майлиннің өмірі мен шығармашылығы.
  2. 2 «Түйебай» әңгімесінің мазмұны бойынша түсінік.

III. Жаңа сабақ: кейіпкерлерге мінездеме

1) Кіріспе: ой шақыру

Шағын көрініс: «Молданың сабағы».

2) Негізгі ұғым

Мәтін мазмұнын басшылыққа алып, басты кейіпкерлерге мінездеме беру. Оқушылар топтарға бөлініп, тапсырмалар орындайды.

1-топ тапсырмасы

  • Неліктен балаға Түйебай деген ат қойылған? Өз ойыңды дәлелде.
  • Мәтінге сүйеніп, Түйебайға толық мінездеме бер.
  • Әңгімедегі оқу жүйесін қазіргі оқумен салыстырып, пікір білдір.
  • Шығармашылық жұмыс: «Түйебайға хат».

2-топ тапсырмасы

  • Ауыл неліктен Қоржынтомар аталған?
  • Мәтін мазмұнына сүйеніп, молдаға мінездеме бер.
  • Молданың қылықтарын қазіргі мұғалімдердің іс-әрекетімен салыстырып әңгімеле.
  • Қосымша мәтін/өлең: «Дүмше молда».

3-топ тапсырмасы

  • Ауыл балаларының жұмыртқа іздеуінің себебі неде?
  • Мәтінге сүйеніп, әңгімеші балаға мінездеме бер.
  • Түйебай өлімші болып таяқ жегенде әңгімеші баланың аман қалу себебін мәтіннен дәлел келтіріп түсіндір.
  • Ойтолғау: «Кім кінәлі?».

Есті шынықтыру: сөзжұмбақ «Бейімбет»

  1. 1. Түйебай «нені іздеймін» деп сабаққа кешікті?
  2. 2. Түйебайдың әкесі кімнің малайы болды?
  3. 3. Молданың Түйебайға айтатын екі сөзінің бірі қандай?
  4. 4. Әңгімеші баладан ағасы неше жас үлкен?
  5. 5. Молда қаламнан кейін қандай құрал қолданады?
  6. 6. Көшкен үйдің саны қанша?
  7. 7. Түйебайдың шешесі кімнің малын сауды?
  8. 8. «Алғаш» сөзінің синонимі қандай?

Қорытынды

Рефлексия

«Сабақтан алған әсерім» тақырыбында қысқаша пікір жазу немесе ауызша бөлісу.

Бағалау

Топтық жұмыс, жауаптың дәлелділігі, мәтінмен жұмыс және шығармашылық тапсырмалар бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

  1. 1. «Түйебайдың тағдыры» тақырыбына ойтолғау және «Түйебайға хат» жазу.
  2. 2. «Тәуелсіздік жемісі» тақырыбына шағын шығарма жазу.