Фариза Оңғарсынова өлеңіҚасиет көп адамда табынардай, (шығара алмай қалмаса бағы жанбай), ең керімі солардың - жат біреудісүйіп, жақсы көруі жаны қалмай
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Қасиет көп адамда табынардай,
(шығара алмай қалмаса бағы жанбай),
ең керімі солардың - жат біреуді
сүйіп, жақсы көруі жаны қалмай.
Күйіп - жанып ауырады, сенделеді,
талпынады жан дертін емдегелі.
Сүйте тұра ол жаннан талап етер:
"тиесің, - деп, - сүюге сен де мені!"
Болмаса да о баста еш тірегі,
талмай жақсы көре алар естілері.
Тек адамдар өзінің сүйгенін де
міндет етіп кейіннен тепсінеді.
"Сүйем, жақсы көрмейсің сен неге?" - деп,
сонау сүйіктісіне елден ерек
бойындағы бар харам қылықтарын,
былықтарын көрсетер ең керемет.
Ұмыт қалып сезімнің сағым таңы,
(адамзаттың кешірген сан ұрпағы)...
Басқаға өзі биязы, сүйгенінің
жанын осып, жүрегін ауыртады.
Ақиқатқа күн тумас айла қалмай,
өмірің де қайнаған тайқазандай.
Көк темір де құрышқа айналмайды,
от - жалынға өртеніп қайнап алмай.
Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау
Фариза Оңғарсынованың поэзиясы мен поэтикасы
Қазіргі әдебиеттің жай-күйі, замандас қаламгер шығармашылығы хақындағы әдеби-сын мақалалары
Фариза оңғарсынова поэмаларындағы идеялық - көркемдік ізденістер
Орта мектепте Фариза Оңғарсынова лирикасын оқыту
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ САРЫНЫ
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Фариза Оңғарсынова мен Эмили Дикенсонның өмірбаяны
Туған дала
ПОЭЗИЯДАҒЫ СӨЗ БЕЙНЕЛІЛІГІ
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Екінші деңгейлі банктеріндегі валюталық операциялар