Тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар

Талдықорған қаласы, №16 орта мектеп-гимназиясы

Математика пәнінің мұғалімі: Сапарғалиев Марат Тілеуліұлы

8-сынып, Геометрия пәні бойынша «Тік төртбұрыш» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар.

Сабақ тақырыбы

Тік төртбұрыш.

Сабақ мақсаттары

Оқулық (білімдік)

  • Тік төртбұрыш туралы білімді жалпылау.
  • Диагональдарының теңдігін дәлелдеуін меңгерту.
  • Тік төртбұрышқа берілген есептерді шығаруды үйрету.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілетін дамыту.
  • Ой ұшқырлығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Ұқыптылыққа баулу.
  • Тиянақтылыққа үйрету.
  • Көпшіл болуға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері

  • Тік төртбұрыштың анықтамасын айта алады.
  • Тік төртбұрыш диагональдарының теңдігін дәлелдей біледі.
  • Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасына жүргізілген медиананы есептей біледі.
  • Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары дамиды.

Орындалатын іс-әрекеттер

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа қатысуын тексеру.
  • Сабаққа дайындықтарын бақылау.
  • Сыныпты 4 топқа бөлу: Төртбұрыш, Параллелограмм, Тік төртбұрыш, Квадрат.
  • Көшбасшыларға бағалау парақтарын тарату.

II. Үй жұмысын тексеру

  • Үй тапсырмаларын тексеру.
  • Өткен тақырыпты қайталау:
    • Қандай төртбұрыш параллелограмм деп аталады?
    • Параллелограммның қандай қасиеттерін білесіңдер?

III. Жаңа сабақ: тақырыпты таныстыру

Анықтама

Тік төртбұрыш — барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм.

Теорема

Тік төртбұрыштың диагональдары тең болады.

  • Дәлелдеуді топта орындау.
  • Әр топ өз шешімін қорғайды.

IV. Топтық жұмыс

1-тапсырма

Тік төртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 2:3, ал периметрі 40 см. Тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

Шешуі

Ені: 2x

Ұзындығы: 3x

Периметр: P = 2(a + b)

2(2x + 3x) = 40

5x = 20

x = 4

Ені: 2x = 8 см

Ұзындығы: 3x = 12 см

№77

Екі бұрышы тік болатын төртбұрыштың тік төртбұрыш бола бермейтінін көрсетіңдер.

V. Сергіту сәті

Қысқа гимнастикалық жаттығулар орындау.

VI. Топтық жұмыс

№87

Тік төртбұрыштың бір бұрышының биссектрисасы қабырғаны қақ бөледі. Оның кіші қабырғасы 10 см. Тік төртбұрыштың периметрін табыңдар.

Қосымша

Толық нұсқасын жүктеу.