Жас толқын тобына
Байқоңыр қаласы • М. Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін орта мектеп
География пәнінің мұғалімі: Жанибекова Светлана Айдыновна
Форматы
Интеллектуалдық ойын
«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»
Көрнекілігі
- Нақыл сөздер
- Компьютер
- Медиапроектор
- Слайдтар
- Плакаттар
- Шарлар
Негізгі идея
Білімді тәжірибемен ұштастыру, ой ұшқырлығын дамыту және туған ел мен жерге құрметті күшейту.
Мақсаты
Білімділік
Географиядан алған теориялық білімді біліктілікпен ұштастыру, білім деңгейін тексеру және шыңдау.
Дамытушылық
Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу; ой-өрісті кеңейтіп, тіл мәдениетіне қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
Жастарды елін, жерін және дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу; болашаққа жауапты, тәрбиелі әрі білімді ұрпақ қалыптастыруға ықпал ету.
Өту барысы
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Білгенге білім — байлық, бағасы артық, салмағы сан жетпейтін қорғасындай. Үйренсең өнер-білім — өшпес мұра, таусылмас тау кенінің қорғасындай.
Оқысаң, ғылым қоры білім асар, көңілдің кіршік басқан көзін ашар. Бар ізгілік тек біліммен алынар: білім ал — ол өмірдің жолын ашар.
Осы ниетпен «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» атты білім сайысын бастаймыз.
Әділқазылар алқасы
- Арқабаева Эльмира — әдіскер
- Жұмабаева Шарбану — география пәнінің мұғалімі
- Қонарова Мира — тарих пәнінің мұғалімі
Ұйымдастыру ережесі (негізгі)
- Командалар сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап береді.
- Егер команда жауап бере алмаса, басқа команда бірінші болып қол көтерсе, жауап береді.
- Ұпай жауап берген командаға есептеледі.
- Бұл бөлімде әр дұрыс жауап 10 ұпай болып бағаланады.
Сайыстың жоспары
1-кезең
Таныстыру
Әр топ өз атауын, ұранын және эмблемасын таныстырады.
2-кезең
Кім тапқыр?
Географиялық жылдам сұрақтар.
3-кезең
Ойлан, тап!
Әлем кереметтері мен қорықтарды тану ойыны.
4-кезең
Ойлы болсаң, озып көр
Мақал-мәтел жалғастыру және жұмбақ шешу.
2-кезең: «Кім тапқыр?» сұрақтары
Әр командаға географияға қатысты «ең» категориясындағы сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап — 10 ұпай.
9 «А» — «Жас толқын»
- Ең ыстық материк? (Африка)
- Ең ұзын параллель? (Экватор)
- Халқы ең көп ел? (Қытай)
- Ең ұзын бұғаз? (Мозамбик бұғазы)
- Ең терең шұңғыма? (Мариана, 11 022 м)
- Ең биік шың қай тауда, атауы, биіктігі? (Гималай, Эверест/Джомолунгма, 8848 м)
- Ең үлкен шығанақ? (Бенгаль)
- Ең жарық ғаламшар? (Шолпан)
9 «Ә» — «Ақ Орда»
- Ең құрғақ материк? (Аустралия)
- Нөлдік меридиан қай қаланың үстінен өтеді? (Лондон)
- Ең көп таралған тіл? (Ағылшын)
- Ең кең бұғаз? (Дрейк бұғазы)
- Ең үлкен су асты жотасы? (Орталық Атлант жотасы)
- Ең ұзын өзен? (Ніл)
- Оңтүстік Американың ең биік шыңы, биіктігі? (Аконкагуа)
- Ең үлкен ғаламшар? (Юпитер)
9 «Б» — «Хан-Тәңірі»
- Ең ылғалды материк? (Оңтүстік Америка)
- Ең үлкен ойпат? (Амазонка ойпаты)
- Ең көп таралған дін? (Христиан)
- Ең үлкен түбек? (Арабия)
- Ең үлкен жылы ағыс? (Гольфстрим)
- Солтүстік Америкадағы ең биік шың, биіктігі? (Мак-Кинли/Денали, 6194 м)
- Ең суы мол өзен? (Амазонка)
- Қай ғаламшар жасыл түсті? (Уран)
9 «В» — «Мұрагер»
- Ең суық материк? (Антарктида)
- Жер сілкінісінің ошағы? (Эпицентр)
- Ең көп ұлтты ел? (Үндістан)
- Ең үлкен арал? (Гренландия)
- Ең үлкен суық ағыс? (Батыс желдер ағысы)
- Африканың ең биік шыңы, биіктігі? (Килиманджаро, 5895 м)
- Ең терең көл? (Байкал, 1620 м)
- Ең алыс ғаламшар? (Плутон)
9 «Г» — «Бәйтерек»
- Ең кіші материк? (Аустралия)
- Ең тұзды теңіз? (Қызыл теңіз)
- Тропиктерден экваторға қарай соғатын тұрақты жел? (Пассат)
- «Мәңгі қала»? (Рим)
- Ең үлкен ел? (Ресей)
- Аустралияның ең биік нүктесі? (Косцюшко, 2228 м)
- Дүниежүзіндегі ең биік сөнбеген жанартау? (Охос-дель-Саладо)
- Дүниежүзіндегі ең ұзын жер асты үңгірі? (Флинт–Мамонт, Аппалач тауында)
9 «Д» — «Эверест»
- Ең жасыл материк? (Оңтүстік Америка)
- Ең үлкен материк? (Еуразия)
- Ең үлкен көл? (Каспий теңізі)
- Жер шарындағы ең ойыс жер? (Өлі теңіз, −403 м)
- Құрлықтағы ең ірі жануар? (Африка пілі, 7,5 т)
- Дүниежүзіндегі ең үлкен әрі ең терең каньон? (Колорадо каньоны)
- Дүниежүзіндегі ең үлкен қала? (Мехико)
- Жер шарындағы ең үлкен шөл? (Сахара)
- Дүниежүзіндегі ең үлкен тау мұздығы? (Аляскадағы Хабборт мұздығы)
Жүргізуші: Құрметті әділқазылар алқасы, «Кім тапқыр?» кезеңінің нәтижесін бағалап, ұпайларды жарияласаңыздар.
3-кезең: «Ойлан, тап!»
Экраннан әлем кереметтері мен қорықтардың суреттері көрсетіліп, қысқаша мәлімет беріледі. Әр топ олардың атауын және орналасқан жерін айтуы керек.
Әлем кереметтері
«Жас толқын» (9 «А»)
Бұл мүсін — ел символы әрі әйгілі ескерткіш. Бір қолының ұзындығы 2 м 40 см. Шамамен 100 жыл бұрын Парижде жасалып, мұхит арқылы Франция халқының сыйы ретінде жеткізілген.
Жауабы: АҚШ, Нью-Йорк — Бостандық мүсіні.
«Ақ Орда» (9 «Ә»)
Қатар-қатар тізілген төбесі сүйір сарғылт түсті жасанды таулар. Ел патшаларының табытханасы. Қасында денесі арыстан, басы адам бейнесіндегі тас мүсін орналасқан. Әлемнің жеті кереметінің бірі.
Жауабы: Египет, Каир — Хеопс пирамидасы.
«Хан-Тәңірі» (9 «Б»)
Әлемдегі ең әсем мұражайлардың бірі. Сұлтан Шах-Джахан сүйікті жары Мумтаз-Махалдың құрметіне табытхана ретінде 1630–1652 жылдары 22 жыл бойы, 20 мың ұстаны жұмылдырып, ақ мәрмәрдан салдырған.
Жауабы: Үндістан, Агра — Тәж-Махал.
«Мұрагер» (9 «В»)
Бұл қорған 3–4 ғасырларда елдің солтүстігін жау шапқыншылығынан қорғау мақсатында салынған.
Жауабы: Қытай — Ұлы Қытай қорғаны.
«Бәйтерек» (9 «Г»)
Тас, кірпіш және бетон қоспаларынан салынған амфитеатр. Гладиаторлар шайқасы мен цирк ойындарын тамашалау үшін тұрғызылған. Ортада ойын алаңы, айнала сатылап көтерілетін 4 қабатты орындықтар болған.
Жауабы: Италия, Рим — Колизей амфитеатры.
«Эверест» (9 «Д»)
Корковаду тауында, 704 м биіктікте орналасқан мүсін. Қаланы құшағына алып, қауіп-қатерден қорғап тұрғандай әсер қалдырады. 1931 жылғы 12 қазанда ашылған.
Жауабы: Бразилия, Рио-де-Жанейро — Иса Мәсіх мүсіні.
Қазақстан қорықтары
«Жас толқын»
1927 жылы құрылған. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Талас Алатауы мен Өгем жотасында, 85,4 мың гектардан астам аумақты қамтиды.
Жауабы: Ақсу-Жабағылы қорығы.
«Ақ Орда»
Солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы, оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығында орналасқан.
Жауабы: Марқакөл қорығы.
«Хан-Тәңірі»
1992 жылы құрылған. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Холзун, Көксу, Иванов жоталарын қамтиды.
Жауабы: Батыс Алтай қорығы.
«Мұрагер»
1984 жылы Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен құстарды сақтау мақсатында құрылған.
Жауабы: Үстірт қорығы.
«Бәйтерек»
1968 жылы Ақмола облысында тың даланы, сондай-ақ Қорғалжын мен Теңіз көлдері аумағындағы табиғатты қорғау мақсатында ұйымдастырылған.
Жауабы: Қорғалжын қорығы.
«Эверест»
1998 жылы Алматы облысындағы Алакөл көлдер жүйесінде мекендейтін су құстарын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында ұйымдастырылған.
Жауабы: Алакөл қорығы.
4-кезең: «Ойлы болсаң, озып көр»
Әр командаға мақал-мәтел айтылады — жалғасын табу керек. Сонымен қатар жұмбақ беріліп, жауабы айтылады.
«Жас толқын»
Мақал-мәтел
Көлдің көркі — құрақ, таудың көркі — бұлақ.
Жұмбақ
Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.
Жауабы: күн.
«Ақ Орда»
Мақал-мәтел
Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас.
Жұмбақ
Қолы жоқ сурет салады, тісі жоқ тістеп алады.
Жауабы: аяз.
«Хан-Тәңірі»
Мақал-мәтел
Сағынған елін аңсайды, сарала қаз көлін аңсайды.
Жұмбақ
Аяғы жоқ жүреді, сылқ-сылқ күледі.
Жауабы: су.
«Мұрагер»
Мақал-мәтел
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Жұмбақ
Кең әлемді кернейді, көзің бірақ көрмейді.
Жауабы: ауа.
«Бәйтерек»
Мақал-мәтел
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Жұмбақ
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
Жауабы: кітап.
«Эверест»
Мақал-мәтел
Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
Жұмбақ
Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.
Жауабы: қалам.
Жүргізуші: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік. Енді сөз кезегін әділқазыларға берейік — нәтижені көрейік.
Қорытынды және марапаттау
Қазылар қорытындысы
Әділқазылар алқасы ұпайларды қорытындылап, жеңімпаздарды анықтайды. Қатысушылар марапатталады.
Жүргізушінің қорытынды сөзі
Ғылымның сырын ұғына, шығыңдар білімнің шыңына. Дарындылық пен тапқырлық сіздерді географияның қыр-сырына жетелей берсін.
Көңіл бөліп, осы кешке келгендеріңізге көп рақмет. Шын ықыласпен тамашалаған көрерменге мың алғыс!