Маусым - Халықаралық Балаларды қорғау күні1925 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен Балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруі туралы әлемдік конференцияда атаулы күннің негізі қаланды десе де болады
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл атаулы күннің негізі 1925 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруіне арналған әлемдік конференциямен байланыстырылады.
Дегенмен неге дәл 1 маусым таңдалғаны туралы нақты, бірізді дерек жоқ. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, 1925 жылдың 1 маусымында Қытайдың АҚШ-тағы бас консулы Сан-Франциско қаласында Айдаһар-қайық фестивалін атап өту үшін жетім балаларды жинаған деседі. Сондай-ақ Женевада өткен конференция да 1 маусым күні өткен деген дерек айтылады.
Соғыстан кейінгі кезең және мерекенің орнығуы
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан жетім қалған балалардың жағдайы 1949 жылы Парижде өткен әйелдер конгресінде көтерілді. Осыған орай келесі жылы, 1950 жылдың 1 маусымында мереке алғаш рет ұйымдастырылды. Бастаманы көптеген елдер қолдап, бұл күн біртіндеп балалар мерекесіне айналды.
БҰҰ бастамалары және халықаралық деңгейдегі атап өту
Кейбір ресми деректерде Балалар күні алғаш рет 1955 жылдың қазан айында Женевадағы «Балалардың әл-ауқаты халықаралық бірлігі» ұйымының ықпалымен әлем бойынша аталып өтті деп көрсетіледі.
1954 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясында Рубаб Мансур балалар күнін атап өту бастамасын көтергені айтылады. Бұл ұсыныс Бас Ассамблея қолдауымен БҰҰ-ға мүше елдерге жолданған.
Әлем елдерінде қашан тойланады?
Көп елдер 1 маусымды Халықаралық балалар күні ретінде атап өтсе де, кейбір мемлекеттерде мереке басқа күндерге белгіленген:
Малайзия
Қазан айының соңғы сенбісі
Оңтүстік Корея және Жапония
5 мамыр
Сингапур
1 қазан
Түркия
23 сәуір
Африка елдерінің бір бөлігінде
16 маусым (Балаларды қорғау күні)
Дереккөз
Дереккөз: astana-akshamy.kz
Қосымша материалдар
-
«Бақытты балалық шақ» сценарийі
Сценарий нұсқасын қарау
-
«Сәлем, жарқын жаз!» сценарийі
Сценарий нұсқасын қарау
-
Ойын-сауық бағдарламасы: «Жаздың хикаялары»
1 маусымға арналған
-
Тақпақтар топтамасы
1 маусым — Балаларды қорғау күні
-
Құттықтаулар
1 маусым — Балаларды қорғау күні