Оқушылардың біреуі

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы

І. Жансүгіров атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі: Жауынбаева Назира Тоқтасыновна

5-сыныпқа арналған интеллектуалды ойын (слайд): «Жұлдызды сәт»

Мақсаты

  • Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын және оқуға ынтасын арттыру.
  • Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке және өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.

Көрнекіліктер

  • Газеттер
  • Логикалық тапсырмалар
  • Слайдтағы ғалымдар мен құрылғылар суреттері

Түрі

Интеллектуалдық ойын, кезең-кезеңмен ұпай жинау жүйесі.

Ойынның ашылуы

1-жүргізуші

«Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз. Ал, қанекей, келіңдер, бір-біріңе еріңдер. Біліміңді тексеріп, ойынға қатысып көріңдер!

Ойынға 8 ойыншы қатысады (әрқайсысы өз өмірлік ұстанымын айтады).

2-жүргізуші

Қазылар орнықтырар әділдікті, кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың жарысында жеңіске жетер — нағыз мықты!

Әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Сәттілік тілеу

Ал көңілді тапқыштар, білгіштер бар өнерін алдарына салады. Кім білімді, көп оқыған болса — бүгінгі күннің жеңімпазы сол болады. Ойыншыларға сәттілік тілейміз!

1-бөлім: Математика тарихы

Бұл кезеңде тақтада ғалымдардың суреттері көрсетіледі. Жүргізушілер олардың математика ғылымына қосқан үлесіне байланысты сұрақтар қояды. Дұрыс жауапқа — 1 ұпай.

Сұрақ 1

XVIII ғасырдың соңында Германияда мұғалім оқушыларға 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табуды тапсырды. Оқушылардың бірі бірден: «Қосынды 5050-ге тең», — деп жауап берді. Кейін ол «математиктердің королі» атанды. Бұл ғалым кім?

Жауабы: Карл Гаусс

Сұрақ 2

Евклидтен кейін Александрияда өмір сүрген ежелгі грек математигі жай сандар кестесін құрудың тәсілін ұсынды. Ол натурал сандар кестесінен 1-ді және құрама сандарды біртіндеп алып тастап, «елек» тәрізді әдіспен тек жай сандарды қалдырған. Бұл тәсілді ұсынған кім?

Жауабы: Эратосфен

Сұрақ 3

Жезқазған кен орнын ашушы, металлогения ғылыми мектебінің негізін қалаушы, Қазақ Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті кім?

Жауабы: Қаныш Сәтбаев

Сұрақ 4

Бөлшек ұғымын ең алғаш енгізген кім?

Жауабы: Леонардо Пизанский

Сұрақ 5

Бірінші суреттегі ғалым кім? Ол туралы не білесің?

Жауабы: София Ковалевская (әйелдер арасынан шыққан тұңғыш математиктердің бірі)

Сұрақ 6

Біздің заманымызға дейінгі III ғасырда өмір сүрген грек математигі жай сандардың шексіз көп екенін дәлелдеген. Ол ғалымның аты кім?

Жауабы: Евклид

Нәтиже: ең аз ұпай жинаған 3 ойыншымен қоштасамыз.

2-бөлім: «Кім білгір?»

Бұл бөлім 1-бөлімде ең көп ұпай жинаған ойыншыдан басталады. Кезеңдер: жаратылыстану, информатика, математика.

Жаратылыстану кезеңі

Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай.

1) «Жаратылыстану» ұғымы қандай сөздерден тұрады?

Жауабы: табиғат және тану.

2) Күн дегеніміз не?

Жауабы: балқыған ыстық газды дене.

3) Күн жүйесіне неше ғаламшар кіреді?

Жауабы: 9.

4) Жер тобына жататын ғаламшарлар?

Жауабы: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс.

Информатика кезеңі

Тақтада құрылғылардың суреттері нөмірленіп көрсетіледі. Ұпай саны тапсырмада берілген.

1) Компьютер құрылымына кіретіндерді атаңдар.

3 ұпай

Жауабы: 3, 4, 6.

2) Ақпаратты енгізу құрылғыларын атаңдар.

4 ұпай

Жауабы: 4, 7, 2, 1.

3) Ақпаратты шығару құрылғыларын атаңдар.

4 ұпай

Жауабы: 3, 5, 7, 8.

4) Мәтіндік және графиктік ақпаратты қағазға не пластикке шығаруға арналған құрал.

1 ұпай

Жауабы: 1.

Математика кезеңі

Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай (тапсырмадағы ұпайлар бөлек көрсетілген).

1) Бақтағы 150 ағаштың оннан бірі — алма ағашы. Бақта неше алма ағашы бар?

1 балл

Жауабы: 15.

2) Ыдыстағы 24 кәмпиттің төрттен бірі балаларға берілді. Ыдыста неше кәмпит қалды?

2 балл

Жауабы: 18.

3) Бидондағы 24 л сүттің жартысы құмыраға құйылды. Қалған сүттің алтыдан бірі банкаға құйылды. Бидонда неше литр сүт қалды?

3 балл

Жауабы: 10 л.

4) Бірінші күні 69 кг көкөніс сатылды. Бұл — екінші күні сатылған көкөністің бестен үшіне тең. Екі күнде неше килограмм көкөніс сатылды?

4 балл

Жауабы: 184 кг.

Нәтиже: ең аз ұпай жинаған 3 ойыншымен қоштасамыз.

3-бөлім: Логика кезеңі

Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай.

Тапсырма 1

Өрмекші мен шыбын кубтың қарама-қарсы төбелерінде отыр. Өрмекші шыбынға бару үшін кубтың қырымен және оның диагоналімен қозғалады. Өрмекші шыбынға неше түрлі нұсқада бара алады?

Жауабы: 6 нұсқа

Тапсырма 2

Таңертең сағат 8:00-де элеватордан астық таситын үш машина шықты. Біріншісі 3 сағатта, екіншісі 4 сағатта, үшіншісі 6 сағатта элеваторға қайта оралып отырды. Егер барлығы бірқалыпты қозғалып тұрса, олар элеваторда қайта қашан кездеседі?

Жауабы: 20:00

Көрермендермен ойын

Шаршының қабырғасы 5 см. Ауданын тап.

Жауабы: 25 см².

Құрманғазының шәкірті кім?

Жауабы: Дина.

Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады?

Жауабы: карта.

1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 5 жұмыртқа қанша уақытта піседі?

Жауабы: 3 минут.

6 м бөренені 1 метрден неше жерден кесу керек?

Жауабы: 5.

Қорытынды және марапаттау

Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізіледі.