Сайыс сабақ
Автор туралы
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі — Аманғалиева Гүлнар Дүйсенбаевна.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
«Мақал — сөздің мәйегі»
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ
Қажетті құрал
Интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақтың мақсаты
- Ана тілінің маңызы мен қоғамдағы орнын ұғындыру; жас ұрпақтың туған тілінің қадір-қасиетін түсінуін және оны сүюін арттыру.
- Балаларды туған тілін құрметтеуге, қорғауға және оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын әдістер
Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңбері
Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз — тіл дамыту. Сабақтың тақырыбы: «Мақал — сөздің мәйегі». Алдымен сабағымызды шаттық шеңберімен бастаймыз.
Тәрбиеші балаларды дөңгеленіп тұрып, бір-бірінің қолынан ұстауға шақырады: «Не сезініп тұрсыңдар?»
Балалардың жауабы: «Жылулық». Осы алақан жылуы арқылы бір-біріне ізгі тілектер айтылады.
- Аспанымыз ашық болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Көк туымыз биік болсын!
- Нанымыз көп болсын!
- Ата-анамыз аман болсын!
Тәрбиеші қорытындылайды: «Көп жасаңдар, айтқан тілектерің қабыл болсын!»
Сұрақ-жауап: Отан, тіл және рәміздер
Сұрақ
Біз қай республикада тұрамыз?
Жауап
Қазақстан Республикасы.
Сұрақ
Біздің президентіміз кім?
Жауап
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Сұрақ
Біз қай тілде сөйлесеміз?
Жауап
Қазақ тілінде сөйлейміз.
Одан кейін балалар интерактивті тақтадан Қазақстан Республикасының рәміздерін табады және атайды: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Барлығы бірігіп Әнұран орындайды.
Ғажайып сәт: «Ана тілі» қонаққа келеді
Ана тілі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен — Ана тілі. Сендердің өз ана тілдеріңді қаншалықты білетіндеріңді тексеруге келдім. Қазақ елінен сендерге үш тапсырма жіберді. Өнерлеріңді тамашалағым келеді. Қандай әдемі, тәрбиелі балаларсыңдар!»
Тәрбиеші
«Қош келдіңіз, Ана тілі! Тапсырмаларыңызды қуана орындаймыз. Балалар, Ана тілінің тапсырмаларын орындаймыз ба?»
Балалардың жауабы: «Иә!»
Сайыс сабағының құрылымы
Топқа бөлу
Сабақ сайыс түрінде өтеді. Оң жақтағы балалар — «Тағылым» тобы, сол жақтағы балалар — «Асыл мұра» тобы болып бөлінеді.
Ана тілі қазылық жасап, әр тапсырма бойынша ұпай беріп отырады.
Ойын шарттары (3 тапсырма)
- 1 Топты таныстыру.
- 2 «Мен тілім барда, білмеймін қайғыны» тақырыбында тақпақ айту бойынша жарысу.
- 3 «Атаның сөзі — ақылдың көзі» тақырыбында мақал-мәтел айту бойынша жарысу.
Тәрбиеші екі топтың басшыларын ортаға шақырып: «Екі топтың басшылары, топтарыңды таныстырыңдар» — деп сайысты бастайды.