Еуропадағы соғыс ошағының құрылуы

Екі соғыс аралығындағы халықаралық қатынастар

Сабақтың мақсаты

  • 1920 жылдардағы халықаралық жағдайды, Еуропада соғыс ошақтарының қалыптасуын және басқыншылық блоктардың құрылуын түсіндіру.
  • Ағылшын–Француз–Кеңес келіссөздері, Мюнхен келісімі және 1939 жылғы Кеңес–Герман пакті туралы түсінік қалыптастыру.
  • Қосымша сұрақтар мен көрнекіліктер арқылы қызығушылықты арттыру, ой-өріс пен есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Сабақ барысында әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және әдістеме

Сабақ түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақ әдісі
Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Дүние жүзі картасы, слайдтар
Пәнаралық байланыс
География, құқық, әдебиет

Сабақ барысы

  1. I
    Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, кабинет тазалығына назар аудару.
  2. II
    Үй тапсырмасын сұрау.
  3. III
    Жаңа сабақты түсіндіру.
  4. IV
    Үйге тапсырма беру.
  5. V
    Қорытындылау және бағалау.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: Тропиктік және Оңтүстік Африка елдері

  1. 1 1920–1930 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы қандай болды?
  2. 2 Африка елдері өнеркәсіпте қандай өнімдер шығарды?
  3. 3 Оңтүстік Африка Одағы қашан құрылды?
  4. 4 Кибангизм дегеніміз не?
  5. 5 1930 жылдары қай елдерде наразылық шерулері болды?
  6. 6 Неліктен Африка елдері еуропалық ықпалдан шыға алмады?

Аталатын елдер

Марокко, Уганда, Алжир, Руанда, Бурунди, Того, Танганика, Тунис, Камерун, Намибия, Мозамбик, Ангола, Гвинея-Бисау, Сомали, Эритрея, Сенегал, Нигерия.

Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген Германияның отарлары Англия, Франция және Бельгияға өтті. Ал Германдық Оңтүстік-Батыс Африка Оңтүстік Африка Одағына тәуелді болды.

Қысқаша қорытынды: отаршылдық тәртіптің салдары

Бірнеше еуропалық мемлекет Африка құрлығын бөлісіп, жергілікті халықты экономикалық және саяси тұрғыдан қанады. Күшпен орнатылған империалистік отаршылдық тәртіпке қарсы Африка халықтары дүркін-дүркін көтеріліске шығып отырды.

Отар елдерде әртүрлі басқару жүйелері енгізілді. Жерсіз шаруалар плантацияларда жұмыс істеді. 14–16 сағаттық жұмыс күні, шаң-тозаң, төмен жалақы және жазалау шаралары күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналып, адам шығынын көбейтті.

Жаңа сабақ: негізгі жоспар және тарихи өзек

Жоспар

  1. 1920 жылдардағы халықаралық жағдай
  2. Еуропада соғыс ошағының құрылуы
  3. Берлин–Рим–Токио басқыншылық блогының қалыптасуы
  4. Мюнхен келісімі
  5. Ағылшын–Француз–Кеңес келіссөздері

Негізгі уақыт межелері

I дүниежүзілік соғыс
1914–1918
II дүниежүзілік соғыс
1939–1945
Екі соғыс аралығы

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жүйенің әлсіреуі және екінші дүниежүзілік соғысқа апарған шиеленістердің күшеюі.

Оқиғалар тізбегі: соғысқа апарған қадамдар

1927: Танака меморандумы

Жапония

Премьер-министр Г. Танака императорға құпия меморандум жолдап, әлемді бағындыру жоспарының алғашқы қадамы ретінде Маньчжурия, Моңғолия және Қытайды жаулап алуды көрсетті.

1933: Ұлттар Лигасынан шығу

Жапония

1933 жылы Жапония Ұлттар Лигасынан шықты. Бұл халықаралық бақылаудың әлсіреуіне және агрессиялық саясаттың ашық жүргізілуіне ықпал етті.

1933–1935: Версаль шектеулерін жою

Германия

Германияның басты міндеті Версаль шарттарының баптарын жойып, қайта қарулануға жол ашу болды.

1936: Рейн аймағына әскер енгізу

Германия

Германия әскерлерінің Рейн аймағына кіруі Батыс державалары тарапынан нақты тосқауылға ұшырамады. Бұл Гитлердің жаңа соғысқа дайындалуына қолайлы жағдай туғызды.

Дүниежүзін қайта бөлісу және соғыс қаупін күшейту мақсатында елдер саяси-әскери одақтарға бірігуге ұмтылды. Еуропадағы шиеленіс біртіндеп күшейіп, 1938 жылғы Мюнхен келісімі сияқты шешімдер халықаралық тепе-теңдікті одан әрі әлсіретті.

Мәтінмен жұмыс: 1939 жылғы Кеңес–Герман пакті

Батыс елдерінің ымырашыл саясаты салдарынан КСРО-ның оқшауланып, жалғыз қалу қаупі туды. Осы жағдайда Германия Кеңес үкіметін 10 жыл мерзімге шабуыл жасаспау туралы пактіге келісуге шақырды.

КСРО ұсынысты қабылдап, 1939 жылғы 23 тамызда Мәскеуде КСРО мен Германия арасында шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойылды. Оған тіркелген құпия хаттамаларымен бірге бұл келісім Риббентроп–Молотов пакті деп аталды.

Жалпы қорытынды

Батыс державалардың басқыншылықты қолпаштайтын ымырашыл саясаты Еуропадағы күштер арақатынасын өзгертті. Фашистік державалар күшейіп, соғыс қаупі бұрынғыдан да артты.

Бекіту сұрақтары және үй тапсырмасы

Жаңа сабақты бекіту

  1. 1 Екі соғыс аралығы қай жылдарды қамтиды?
  2. 2 «Әлемді бағындыру жоспары» туралы не білесің?
  3. 3 Жапония Ұлттар Лигасынан неге шықты?
  4. 4 Германияның негізгі мақсаты қандай болды?
  5. 5 Германия қандай аумақтарды жаулап алды?
  6. 6 «Дранг нах Остен» дегеніміз не?
  7. 7 Чан Кайши кім?
  8. 8 Берлин–Рим «белдігі» қай жылы құрылды?
  9. 9 Адольф Гитлердің негізгі мақсаты қандай болды?

Үйге тапсырма

§ 20 (126-бет)

  1. Тақырып мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап беру.
  2. Жапония, Германия және Қытай мемлекеттері туралы қосымша мәлімет жинау.

Бағалау сабақ соңында оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай жүргізіледі.