Бақтағы алмұрт ағаштарының саны

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Білімділік

Санды және әріпті өрнектердің мәнін табуды меңгерту, есеп шарты бойынша өрнек құра білуге үйрету.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Қабілеттілік пен белсенділікті дамыту, ойлау дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сыныптың тазалығына және оқу құралдарының дайын болуына назар аудару.

Үй тапсырмасын тексеру және қайталау

  • Натурал сандарға қолданылатын амалдарды қайталау.
  • №18 және №20 есептердің орындалуын тексеру (алдын ала дайындалған слайдтар мен кодоскоп арқылы).

№18. Теңдеу құрып шешу

8x − 36 = 76

8x = 76 + 36

8x = 112

x = 112 : 8

x = 14

Тексеру

8 · 14 − 36 = 112 − 36 = 76

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Санды өрнек

Санды өрнек — амалдар таңбалары және қажет болған жағдайда жақшалар арқылы сандардан құрастырылған өрнек.

Мысал

Бақта 12 алма ағашы бар, ал алмұрт ағашы одан 5-еуі кем. Бақта барлығы неше жеміс ағашы бар?

Алмұрт саны

12 − 5 = 7

Барлығы

12 + (12 − 5)

Барлық амалдарды орындау нәтижесінде шыққан сан өрнектің мәні деп аталады.

12 + (12 − 5) = 12 + 7 = 19

Мұнда 19 — санды өрнектің мәні.

Әріпті өрнек

Құрамында әріптері бар өрнек әріпті өрнек деп аталады.

Мысал

Компьютерде терушілердің біреуі шығарманың 86 бетін терді. Екіншісі одан x бет артық терді. Екеуі бірігіп неше бет терді?

Екінші теруші

86 + x

Екеуі бірігіп

86 + (86 + x)

Егер x = 12 болса, онда:

86 + (86 + x) = 86 + (86 + 12) = 86 + 98 = 184

Мұнда 12x әрпінің мәні, ал 184 — берілген өрнектің мәні.

Негізгі қорытынды және жазу ережелері

Санды және әріпті өрнектер жалпы түрде математикалық өрнектер деп аталады. Математикалық өрнектерді жазуда көбіне латын әріптері қолданылады.

  • Егер әріпті өрнекте көбейткіштердің бірі сан болса, ол әріптің алдына жазылады: 3x, 5a. Бұл сан коэффициент деп аталады.
  • Коэффициент пен әріптің арасына көбейту таңбасы қойылмайды: 2x (емес 2·x).
  • x және y өрнектерінің коэффициенті 1-ге тең, сондықтан жазылмайды.
  • Әріпті көбейткіштердің арасына да көбейту таңбасы қойылмайды: ab, xy.

Материал авторы

Павлодар облысы, Железин ауданы, Веселая Роща жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі — Борамбаева Гульмира Ернарқызы.

Қысқа түйін

Санды өрнек

Сандар, амалдар және жақшалар арқылы құралады.

Әріпті өрнек

Құрамында әріп (айнымалы) болады.

Өрнектің мәні

Амалдарды орындағаннан кейін шыққан нәтиже.