Танымдық сабақ

Сабақ туралы мәлімет

Өтетін орны

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №17 орта мектеп

Пән

Қазақ тілі және әдебиеті

Мұғалім

Сутбаев Абубакир

Сынып

5-сынып

Сабақтың тақырыбы

М. Шаханов — «Махамбеттің монологы» (поэма: «Нарынқұм зауалы»)

Сабақтың мақсаты

  • Білімдік: М. Шахановтың өмірі мен еңбектеріне қысқаша сипаттама беру, өлеңнің негізгі мәнін ұғындыру, Махамбет ақынның бейнесін ашу.

  • Дамытушылық: Оқушылардың тарихи дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік: Патриоттық тәрбие беру, ақын шығармашылығын танытуға баулу.

Сабақтың түрі

Танымдық сабақ

Пәнаралық байланыс

Тарих, география, музыка

Әдістері мен көрнекілігі

Әдістері

Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, СТО стратегиялары, шығармашылыққа баулу

Көрнекілігі

Ақындардың суреттері, кітап көрмесі, слайдтар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, оқу құралдарын түгендеу, сыныптағы жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

II. Қызығушылықты ояту

Слайд арқылы Мұхтар Шахановтың суреті көрсетіліп, ақын туралы қысқаша деректер ұсынылады.

  • 1

    Ақын 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген.

  • 2

    Алғашқы «Сырдария» атты өлеңі 1959 жылы жарияланған.

  • 3

    1966 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шыққан.

  • 4

    Негізгі еңбектері: «Балладалар», «Ай туып келеді», «Қырандар төбеге қонбайды», «Сенім патшалығы» және т.б.

Бүгін біз М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасынан «Махамбеттің монологы» атты өлеңін талдаймыз. Бұл — тарихи шындыққа құрылған шығарма.

Жауынгер ақын Махамбет өз жерінен, атақонысынан айырылған елінің жоғын жоқтап, Исатай батырмен бірге хан-сұлтандарға қарсы тұрған. Күрес жолында Исатай батыр қаза тапты. Кейін Баймағамбет сұлтанның бұйрығымен Махамбет те қапыда мерт болды. Ақынның соңғы монологын Мұхтар Шаханов өз жүрегінен өткізіп, Махамбеттің өз үнімен сөйлетіп жырлағанын түсінуге ұмтыламыз.

III. Мәтінмен жұмыс: «Махамбеттің монологы»

Бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқу барысында тарихи деректермен толықтыру жүргізіледі.

Тарихи дерек

1846 жылы Баймағамбет сұлтан жалдаған тыңшылар — Ы. Төлеев, М. Нұралин, Ж. Боздақов және Ж. Өтеулин — Қараойға келіп, батырдың үйіне қонақ болып, Махамбетті өлтіреді. Оқиғадан бір күн бұрын ақын түс көріп, кейін өзімен өзі сырласқан күйге түседі.

IV. Топтық жұмыс

Тапсырма: «Топтастыру» әдісімен «Махамбет кім?» сұрағына жауап беру. Оқушылар тақтаға шығып, өзара ақылдаса отырып, негізгі ұғымдарды жүйелейді.

  • Өмір сүрген жылдары: 1803–1846

  • Тарихи рөлі: азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі

  • Қырлары: дауылпаз ақын, батыр

  • Өнері: күйші

V. Сөздік жұмысы

Зауал

қиындық, басқа қайғы түсу

Дулыға

батырдың соғыста киетін бас киімі

Ел наласы

ел қарғысы

Пір тұту

сену, қадір тұту мағынасында

Пасық ойлар

адамға жамандық шақыратын ойлар

VI. Сабақты бекіту

  • Сұрақ: Махамбеттің трагедиялық көңіл күйін өлеңде ақын жеткізе алған ба?

  • Сұрақ: Лирикалық кейіпкердің (Махамбеттің) арманы қандай?

Қорытынды үзінді

Мен сенемін, күні ертең,
Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем.
Мынау дәурен бұрқан-тарқан,
Ертең қайта өзгерер...
Шындап құлап сүйе алмауы —
Қылмыс санар кез келер.

VII. Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

«Махамбеттің монологы» тақырыбына ойтолғау жазу.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының дәлелділігі және топтық жұмыстағы белсенділігі ескеріле отырып бағаланады.