Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау
Сабақтың барысы
Бұл жоспар балаларға С дыбысын тыңдау, айту, талдау және жазу арқылы меңгертуді көздейді. Әр кезең оқушының белсенді қатысуына және жаңа білімді бекітуге бағытталған.
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жылы лебіз айту.
Шаттық шеңбері
Армысың, алтын күн!
Армысың, асыл жер!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Мінекей менің қолым!
Өткенді қайталау
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- «Б» дыбысынан басталатын сөздерді кім көп айтады?
Жаңа сабақ: С дыбысымен танысу
Суреттер бойынша жұмыс
Тақтадағы суреттерді атаймыз: сүт, сағат, сандық, сабын. Бұл сөздердің басында қандай дыбыс естіледі?
Дұрыс: бүгін біз С дыбысымен танысамыз.
Дыбыстардың түрлері
Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз.
- Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз.
- Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз.
С дыбысының айтылуы
С дыбысын бәріміз айтып көрейік. Ол қалай айтылады?
Тілдің ұшы астыңғы тіске тіреледі, кедергі арқылы шуылдап шығады. С дыбысы — дауыссыз.
Енді С әрпін ауада жазып көрейік.
Жұмбақ
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығымен суырып,
Әкелді әжем бір күні.
Жауабы: сәбіз
«Сәбіз» сөзін буынға бөліп, С дыбысы қай буында тұрғанын анықтаймыз.
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ!
Ойын: «Себетке саңырауқұлақ жинау»
«Кірпі» тапсырмасы: балалар біртіндеп тақтаға шығып, жасырылған тапсырмаларды орындайды. Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін себетке бір саңырауқұлақ «жинайды».
Тапсырмалар үлгісі
- Текшелерге кеспе әріптермен буын құрастыру.
- Берілген сөздермен жұмыс: тас, ас, са-на.
Дәптермен жұмыс
- Әліппе дәптеріндегі суретке қарап, С дыбысынан басталатын сөздерді атау.
- Сол сөздерге сөйлем құрастыру.
- С әрпін дәптерге жазып жаттықтыру.
Сөйлем үлгісі
Сандық сыртындағы ою өте әдемі.
Сабақты бекіту
Қорытынды сұрақ-тапсырма
Сақинаны салғызды,
Сарымсақты, сәбізді.
Бастап тұрған қай әріп?
Сапсыз орақ тәрізді.
Жауабы: С
Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық? С дыбысымен.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.