Сұраулы сөйлем

Сабақ тақырыбы мен мақсаты

Тақырып

Сұраулы сөйлем

Мақсаты

  • Сұраулы сөйлем туралы білімді толықтыру және тиянақтау.
  • Өз бетінше жұмыс жасауға баулу, сөйлеу дағдыларын дамыту.
  • Қиын сәтте бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.

Көрнекілік

Кесте, суреттер, сызба.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы

I. Психологиялық ахуал

Қатар-қатар түзелейік,

Оқушыға лайық.

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу боп тұрайық.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау — сәніміз.

Жақсы оқуға сабақты,

Дайындалдық бәріміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

177-жаттығуды оқыту.

III. Білімдерін тексеру

Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

IV. Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

V. Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс

«Сұраған мен сұрау белгісі» өлеңін рөлге бөліп оқыту.

Сұраған

Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Саған осы не керек?

Сұрау белгісі

Маған ең алдымен сұраулық шылау керек.
Олар жазылуға тиіс бөлек.
Екіншіден, сұрау есімдіктері керек.
Олар қатысқан сөйлемдердің соңында,
Ойланшы өзің, не керек?

Негізгі ой

Сұраулы сөйлем құрау үшін сұраулық шылаулар мен сұраулық есімдіктер қатысады.

Сұраулық есімдіктер (мысалдар)

Кім? Не? Қайда? …

Есте сақта

Тыныс белгісі

Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.

Сұраулық шылаулар

бе, ба, ма

Мысалдар

  • Анаңа көмектесесің бе?

  • Сабаққа барасың ба?

  • Далада жаңбыр жауды ма?

Бұл сөйлемдердегі бе, ба, ма — сұраулық шылаулар.

Қорытынды: Сұраулы сөйлем құруға сұраулық есімдіктер пен сұраулық шылаулар қатысады, ал сөйлем соңына ? қойылады.