Зығыр маталар

Сабақ тақырыбы

Матамен жұмыс істеу: әртүрлі талшықты маталармен жұмыс істеу, маталардың жіктелуі.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Сабақ әдістері

  • Түсіндіру
  • Сызба сызу, көрсету
  • Сұрақ–жауап

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Оқушыларға әртүрлі талшықты маталар мен маталардың жіктелуі туралы мәлімет беру; матаның қоғамдағы маңызы мен рөлі туралы түсінігін кеңейту.

Дамытушылық

Теориялық білімді іс жүзінде шығармашылықпен дамыту; матамен жұмыс барысында алған білім мен дағдыларды бекіту.

Тәрбиелік

Шеберлікке, ұқыптылыққа және талғампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құралдар

  • 1 Маталардың түрлері
  • 2 Сызғыш, қайшы, жіп, ине
  • 3 Сөзжұмбақ
  • 4 Құрақ көрпелер
  • 5 Маталардың жіктелуі (сызбанұсқа)
  • 6 Қауіпсіздік ережелері
  • 7 Мата бетінің құрылысы (сызбанұсқа)

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Сыныптың дайындығын тексеру, қауіпсіздік талаптарын еске түсіру, құрал-жабдықтарды жұмысқа әзірлеу.

II. Өткен сабақты қайталау (сұрақ–жауап)

  1. 1Бұйымды дымқыл–жылулық өңдеу дегеніміз не?
  2. 2Бұйымды дымқыл–жылулық өңдеуге қанша уақыт кетеді?
  3. 3Дымқыл–жылулық өңдеу қандай мақсатта жүргізіледі?
  4. 4Мақта-мата қандай температурада үтіктеледі?
  5. 5Вискоза мен капрон талшықтары қандай температурада үтіктеледі?
  6. 6Үтіктің түрлерін атаңдар. Үтікпен жұмыс істеу тәртібі қандай?
  7. 7Қорытындылау.

III. Жаңа сабақ

Қарастырылатын тақырыптар

  • Мақта-мата маталары
  • Зығыр маталар
  • Жүн, жартылай жүн және аралас маталар
  • Табиғи жібек маталар

Негізгі идея

Маталардың ассортименті әлемдік нарықта жыл сайын жаңарып отырады. Бұл өзгерістер химиялық талшықтардың, текстуралық материалдардың, фасондық және көлемді иірілген жіптердің қолданылуына, сондай-ақ сән үрдісіне байланысты.

Маталар талшық құрамына қарай мақта-мата, зығыр, жүн және жібек болып жіктеледі.

Жұмысқа қойылатын талаптар

  • Нұсқауды сақтау: тапсырманы реттілікпен орындау, құралды дұрыс қолдану.

  • Матаның беткі құрылысы: өрімін, тығыздығын және өңделуін ажырата білу.

Мақта-мата маталары

100% мақтадан жасалған маталар қазір сирек кездеседі. Көбіне мақта талшықтары жасанды жібекпен және синтетикалық талшықтармен араластырылып өндіріледі.

Төсектік маталар

Жастық тысқа, көрпе тысқа және жаймаға қолданылады.

Поплин

Жұқа әрі тығыз, полотнолық әдіспен өрілетін мата.

Көйлектік маталар

Жіптері әртүрлі өріліп, әртүрлі тәсілмен өңделеді.

Гипюр

Шілтерге ұқсас эффектісімен және өрім түрлерінің көптігімен ерекшеленеді.

Гофрленген маталар

Өте сәнді; әртүрлі киім түрлерін тігуге қолданылады.

Фантазиялық өрім

Кестені еске түсіретін күрделі өрімдер көбіне модификацияланған вискозалық талшықтан жасалады.

Спорттық және сырт киімдік маталар

Көбіне мақта мен эластан қосылған қоспадан өндіріледі.

Ши барқыт

Әйелдер мен балалар киіміне, сондай-ақ ерлердің жұмыс көйлегі мен костюмін тігуге пайдаланылады.

Зығыр маталар

Негізгі қасиеттері

  • Беттік тығыздығы жоғары, қалыңдау келеді
  • Қатты, берік
  • Созылғыштығы төмен

Қолданылуы

Асхана бұйымдарына арналған маталар (дастархан, қол сүрткіш) ақсұр, өрнекті немесе жаккардты болуы мүмкін.