Құрметті аяулы ұстаздар

Құрмет пен алғысқа толы күн

Құрметті, аяулы ұстаздар! Сіздерді төл мерекеміз — Ұстаздар күнімен құттықтаймыз. «Ұстаз — ұлағатты асыл жандар» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Өлең жолдарынан

Ұстаз деген — жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген — анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Шараның осы тұсында құттықтау сөз балабақша директоры С. Т. Абулгартаеваға беріледі.

Ән: «Балабақша әні»

Жүргізуші ұстазға арналған ықылас сөзін арнай отырып, Қарлығаш тобының тәрбиеленушісі Қылышбай Сабинаны сахнаға шақырады.

Мұғалім, ғазиз мұғалім — төгілген арай, шуағым. Арманым қонса қолыма, арқан деп сенің ұғамын. Мұғалім, ғазиз мұғалім — сарқылмас мәңгі бұлағым.

Тақпақтар: Көгершін тобы

Ән-шашу, әсем әуен мен түрлі өнер — бүгінгі күннің бар сыйы сіздерге арналады.

Айсезім

Анамдайсыз менің асыл ұстазым, өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың. Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап, болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

Нұрбақыт

Алғаш рет ояттың санамды, алғаш рет ұстаттың қаламды. Сол үшін де мәңгі сыйлап өтермін — түсіндірген жақсы менен жаманды.

Кәусар

Ұстаз болу — жүректің батырлығы, ұстаз болу — сезімнің ақындығы. Ұстаз болу — мінездің күн шуағы, азбайтұғын адамның алтындығы.

Ұлбибі

Ұстаздың оттай ыстық алақаны, болған соң ойлайтыны — бала қамы. Баладан ұстазыма мың сан алғыс, өйткені ол — ұстазымның арманы.

Инабат

Ұстаз — ана болды ол әрқашан да біздерге. Бар балаға берді ол қуаныш пен өнеге.

Музыкалық номерлер мен би

Ән

Тұлпар тобының тәрбиеленушісі Азан Арай — «Топ-топ балақан».

Ән

Тұлпар тобының тәрбиеленушісі Марат Айзере — «Ойыншықтар».

Ән

Тұлпар тобының тәрбиеленушісі Нұрболат Айзере — «Қошақаным».

Жүргізуші сөзі

Қазақ қызы күлімділер күн көзіндей, дөңгеленіп билейді ай жүзіндей. Жұлдыздардай өрнекті аспандағы — биші қыздар бұрала билейді.

Қарлығаш тобы: ұстазға тағзым

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған өнегеден шәкірт нәр алады. Ұстаздың шапағаты — талай арманның бастауы.

Диас

Алғаш рет ояттың санамды, алғаш рет ұстаттың қаламды. Сол үшін де мәңгі сыйлап өтермін — түсіндірген жақсы менен жаманды.

Қаршыға

Ұстаз болу — жүректің батырлығы, ұстаз болу — сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу — мінездің күн шуағы, азбайтұғын адамның алтындығы.

Көгершін тобы: ақ тілектер мен өнеге

Бұл бөлімде үлкенге құрмет, ата-анаға ізет, ақсақал-әженің батасы мен тәрбиелік мәні бар өлең жолдары оқылады.

Камшат

Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр азайып қариялар. Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын — бара жатыр қариялар азайып.

Айару

Мерекеңіз құтты болсын, ата-ана, көкіректен жыр төгілмей жата ма? Зейнетіне жетіңіздер өмірдің, кенеліп ілтипатты батаға.

Шапағат

Көп жасаған қария — ақылы теңіз дария. Көп өнеге сөзі бар, сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Нұртілек

Менің әжем, ақ әжем — ұл мен қыздың бағы әжем. «Ертегі айтып бер» десем, айтып береді тағы әжем.

Қорытынды бөлім

Шақырулар

  • Тұлпар тобының тәрбиеленушісі Төребай Әдемай ортаға шақырылады.
  • Тұлпар тобының тәрбиеленушілері «Джентльмен» биін ұсынады.

Жүрекжарды тілек

Ұстаз мейірімі — ана мейірімімен пара-пар, тұла бойға қуат болып таралар. Дендеріңіз сау, мерейлеріңіз үстем болсын! Білімімен сусындатқан шәкірттеріңіздің әр жетістігі сіздерге қуаныш әкелсін.

Қорытынды сөз

Жақсы жандар жанымызда әрқашан жүрсін. Ұлағатты сөзді биік ұстанған ардақты ұстаз — асыл анаң секілді: балапандай жасыңнан тәрбиелейді.

Бүгінгі күн құшақтарыңыз гүлге толсын, дендеріңіздің саулығы мықты болсын. Төл мерекелеріңіз құтты болсын, ұстаздар!

«Ұстаз — ұлағатты асыл жандар» атты мерекелік ертеңгілік осымен аяқталды.

Ресми белгілеулер

Құрастырушы

Ермекбаева Аманкүл Ерсайыновна, дене шынықтыру нұсқаушысы

Бекітемін

________________ / «Ақбота» балабақшасының әдіскері — Ұ. М. Ақжігітова