Бүгінгі сабақтан нені үйрендік

Қысқа мерзімді сабақ жоспары (1-сынып, Сауат ашу)

Сабақтың тақырыбы: «Өрнек: 10 – a». Бұл жоспар оқушыларға әріпті өрнектің мәнін табу тәсілін меңгертуге, санды және әріпті өрнек құрастырып, оның мәнін есептеуге үйретуге бағытталған.

Мақсаты

10 – a өрнегінің мәнін табу жолымен таныстыру; әріпті өрнекті санды өрнекке айналдырып, мәнін анықтау дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері

  • Есеп құрастырып, мәнін таба білу.
  • Өрнектің мәнін жазу және түсіну.
  • Түрлі тапсырмалар арқылы өрнек құра білу және есте сақтау.
  • Жылдамдық пен шапшаңдыққа үйрену.

Қолданылған модульдер

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялар

Жүректен – жүрекке Ою-өрнектер Миға шабуыл Ой қозғау Постер стратегиясы Ойлан – талқыла Венн диаграммасы Позитивті доп

Сабақ барысы

Кіріспе

2 минут

«Жүректен – жүрекке» тәсілі арқылы сыныпта позитивті атмосфера қалыптастырылады. Оқушылар «Көңілді күн» жаттығуын хормен айтады.

Күлімдеп көкте күн,
Қарайды маған да.
Күлімдеп көкте күн,
Қарайды саған да.
Күлімдеп көкте күн,
Қарайды маған да,
Саған да, оған да.

Топқа бөліну және өткенді еске түсіру

2 минут

Түрлі түсті ленталар арқылы сынып 3 топқа бөлінеді. Мұғалім оқушыларға алдыңғы сабақтарда қандай есептер шығарғанын еске түсіруге бағыт береді.

«Ой қозғау» әдісі: «Қанталапай» ойыны

Нөмірленген асықтар шашылады. Оқушылар асықты алып, нөміріне сәйкес карточкадағы сұраққа жауап береді. Жауапты тез әрі дұрыс берген оқушы ұпай алады.

Негізгі бөлім: жылдам сұрақтар

5 минут

1-асық

Біз қандай өрнектер өтіп жатырмыз? Әріпті өрнек.

2-асық

Өрнектер нешеге бөлінеді? Екіге.

3-асық

1-ден 10-ға дейін ағылшынша санау.

4-асық

9 санының көршілерін ата.

5-асық

Жарты қаздың салмағы 3 кг. Тұтас қаздың салмағы қанша?

6-асық

Саннан 0-ді азайтқанда неше болады?

7-асық

Сандар нешеге бөлінеді?

8-асық

Санға 1-ді қосқанда қандай сан шығады?

9-асық

Саннан 1-ді азайтқанда не шығады?

10-асық

Санға 0-ді қосқанда қандай сан шығады?

Бүгін біз әріпті өрнектерде азайтуды жалғастырамыз. Негізгі өрнек: 10 – a. Мақсатымыз — әріптің орнына сандарды қойып, өрнекті санды өрнекке айналдыру және мәнін табуды бекіту.

Таңба

10 – a өрнегінде азайту таңбасы бар.

Компоненттер

Азайғыш, азайтқыш, айырма.

Түсіндіру

Азайғыш — 10, азайтқыштың орнында белгісіз a тұр.

Оқулықпен жұмыс

Кесте толтырылады. Әріпті өрнекке әртүрлі сандар қойып, мәні есептеледі.

«Теңге алу» ойыны (сөз есеп)

Ұлттық теңгенің суреті ілінеді. Бірнеше есеп оқылып, талданады. Үш оқушының ішінен есепті дұрыс әрі жылдам орындағаны «теңгені» алады.

Дәптермен жұмыс

Оқушылар дәптерлеріне шығарған есептерін жазып, шешу жолын түсіндіреді.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назар қайта шоғырландырылады.

Постер стратегиясы

Топтар берілген өрнектер бойынша постер жасап, қорғайды.

І топ

  • Өрнектер: a + 9, a − 9
  • Мән қою: a = 0, 1, 10, 9

ІІ топ

  • Өрнек: a + 0
  • Мән қою: a = 1, 2, 3, 4

ІІІ топ

  • Өрнек: a − 0
  • Мән қою: a = 1, 2, 3, 4

Қорытынды

3 минут

Сабақты бекіту

Венн диаграммасы

Әріпті өрнек пен санды өрнек салыстырылады: ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады.

«Арқан тартыс» ойыны

Топтар сандардың құрамын тез орындап жарысады. Тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді.

Кері байланыс: «Позитивті доп»

  • Бүгінгі сабақта қандай ойындар ойнадық?
  • Өрнек туралы не білдіңдер?
  • Сабақта не ұнады?
  • Бүгінгі сабақтан нені үйрендік?
  • Не қиын болды немесе не ұнамады?
  • Келесі сабаққа қандай ұсыныстарың бар?

Бағалау

  • Топтар өз жұмыстарын бағалайды.
  • Топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды.
  • Оқушылар өзін-өзі бағалау жүргізеді.

Автор туралы

Тасарал жалпы білім беретін орта мектеп КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі: Аймағанбетова Эльвира Мейрамовна.